Практикалық жұмыс № 1
Оқу жұмысын жоспарлау.
Жаттығу үшін тапсырма.
жұмыс дәптеріне жоспар құру үшін сағат торын және сызбасын көшіріп ал.
мектептегі химия бойынша оқыту сағатының торын, программасын және кітаптарын қолданып, келесіні құрыныз:
а) сол класстың бір тақырыбына тематикалық жоспар
б) сабқтардың біруіне жоспар және конспект.
Жылдық жоспар. Алғашында барлық программалық материалды оқыту торына сәйкес екі бөлікке жарты жылдықа бөледі. Бірінші жарты жылдықтың жоспарын оқу жылының басына дейін ( 1 қыркүйекке дейін), екінші жарты жылдықтың жоспарын - басталуына дейін ( 10 қаңтарға дейіе) құрайды.
Темартикалық жоспар.
Тақырып жоспары «химиялық жаңа ұғымдар»
№
|
Сабақ тақырыбы
|
Уақыты
|
Ескерту
|
белгіленуі
|
орындамауы
|
1
|
Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері
|
2/ІХ
|
2/ІХ
|
|
2
|
Қоспа және таза заттар
|
6/ІХ
|
|
|
3-4
|
Заттарды қоспадан бөлу
|
9/ІХ-13/ІХ
|
|
|
5
|
Заттардың өзгеруі. Физикалық және химиялық құбылыстар
|
16/ІХ
|
|
|
6
|
Химиялық реакцияның белгілері
|
19/ІХ
|
|
|
7-8
|
Практикалық жұмыс № 1
|
27/ІХ
|
|
|
Сонымен қатар программаның әр тақырыбын жеке сабақтарға бөледі, мысалы:
Сабақ жоспары. Сабақ жоспарын құруда. Бастапқы және ең жауапты жұмыс бөлігі болып мақсаты мен онда оқылатын материал сипаттамасын ( заттарды, негізгі түсініктерді, заңдар мен химия теориясын, химиялық өндірісті, ауыл шаруашылығында химияны қолдану,ғалымдардың биографиясын және т.б.) дұрыс бөлу, ол сабақтағы жұмыстың әдісі мен жолын анықтайды.
Сабақтың ашық жоспарын көрсетілген сызба бойынга құру ыңғайлы.
Ашық жоспар сызбасы.
(сабақтың бір типті).
... курс, ... факультетінің студентімен (фамилия) ...мектептің ... сыныбына ... таұырыпқа берілген сабақ жоспары.
І. Сабақ мақсаты және берілетін материал сипаттамасы.
ІІ. Сабақ барысы.
1.кіріспе бөлімі (сыныптағы оқушыларды түгендеу, сабаққа қатыспағандарды журналға жазу, үй жұмысын тексеру, сыныптық жұмысқа дайындығын тексеру және т.б.)
2. оқушылардың білімін тексеру.
а) сұрақты құрастыру
б)сұраудың жолы мен әдістері
3. жаңа тақырыпты жеткізу:
а) жаңа тақырыптың алдында өткен сабақпен байланыстыру.
б) жаңа материалдың жеке бөлімдері
в) жаңа тағырыпты жеткізу жолы мен әдісі.
4. Үйге тапсырма: әдебиеттерді көрсету, жұмыс сипаттамалары, қайталауға, есепке, графикалық және тәжірибелік жұмысқа арналған матеиалдар және т.б.
5. Сабақта өткендібекіту:
А) бекітуге арналған сұрақтар:
Б) жұмыс әдістемесі мен жолдары
6. жұмысты құралдармен қамсыздандыру.
Конспектіде барлық пуктіні детальдап, конкреттейді. Онда келесілер қарастырылуы керек:
А) мұғалім сұрақ қойғанда шақырылатын оқушылардың фамилиясы, жаңа материалды айтқанда өткенді бекіту.
Б) мүмкін болатын барлық оқушылар жауабын, мұғалімнің айтқаны мен түсіндіргенін сөзбен өрнектеу.
В) анықтамаларды, ұғымдарды және химия заңдарын дәл құрастыру:
Г) мұғалім мен оқушылардың тақтадағы суреттері мен сызбалары.
Д) барлық жүргізілген тәжірибелердің, сабақта қолданылатын әдістемелердің нақты сипаттамасы.
Сабақ анализі.
Сабақтың анализі мақсатты талқылаудан және одан оқылатын материалдың сипатынан бастайды.
Оны сабақ барысында жүргізеді.
кіріспені анализдеу кезінде сыныптың сабақты өткізуге дайындығын бағалайды: оқушыларда кітаптыі, дәптердің, жазу құралдарының, бордың және тақтадағы шүпекертің, құралдардың бар болуын.
сұрақ қоюды анализдегенде келесіге көніл бөледі: барлық сыныпты жұмысқа баулы, сұрақтарды құрастыру, сұрақта қолданатын жолдарды, қажетті құралдардың бар болуы, қабілеті мен дағдысын тексеру, жауаптарды дұрыс бағалау және анализдеу, сұрақтар мазмұнына сәйкес жаңа материалға көшу және т.б.
жаңа материалды жеткізу кезінде жаңа материалдың алдында өткен сабақпен байланысының бар болуы мен дұрыстығын белгілейді, барлық жоспар пункті бойынша қорытындыларының болуын белгілейді, берілген материалдың өмірмен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен байланысын белгілеу. Мұғалім мен оқушы тілін оқушының сабақтағы белсенділігін және т.б. белгілейді.
үйге тапсырма беруді анализдегенде сабақтың мәніне сәйкес келетіндігін, мөлшері дұрыстығын, оқушыларға қол жетімділігін, есептердің онда бар болуын, тәжірибе жұмыстардың бар болуын, берілген әдебиеттерді (кітап, сабақтан тыс оқуға арналған әдебиеттерді), графикалық тапсырмаларды, мұғалімінің түсіндіруін және оның орындалуын ескереді.
сабақтыңсоңғы бөлігін анализдеу бекітуге арналған сұрақтарды, оның жолдарын мен құралдарын, оқушылардың жауаптарының сапасын талқылайды.
Сабақтың әр бөлігінде кеткен уақытты белгілейді.
Сабқтың әр бөлігін анализдеу негізінде қойылған мақсат бойынша жетістіктер туралы, фактілерді көрсетіп, сабақтың жақсы жақтарын және кемшіліктері туралы жалпы қорытындылар жасайды.
Практикалық жұмыс № 2
Алғышқы химия ұғымдары мен заңдарын оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: білімді қалыптастыру және оны іс жүщінде пайдалана білу.негізгі химиялық түсініктер мен осы тақырыптағы заңдарды, атом – молекулалық ілімді, химиялық тілді үйретіп, кабинеттегі қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай отырып, тәжірибелерді орындай білуге дағдыландыру.
Дамыта оқыту міндеті. Ойлау қабілетін дамыта отырып, тақырыпты оқығанда немесе мұғалімнің айтқаны бойынша қысқаша жоспар жасай білу. Оқығанды есте саөтау, оны бір – бірімен салыстыра отырып қорытындылап, оқылған материалды ауызша айтып беру.
Табиғаттағы заттардың көп түрлілігі, заттар қасиетінің оның құрамына тәуелді екендігін және атом - молекулалық ідім тұрғысында оның мәнін, мазмұнын ашу.
Алған біліге және рны іс жүзіне асыруға қойылатын талаптар.
Мына түсініктердің «жай және күрделі зат», «атом», «молекула», «валенттік», «химиялықреакция», «химиялық формула», «заттың сандық және сапалық құрамы», «салыстырмалы атомдық және молекулалық массасы», «молярлық масса» мазмұнын түсіндіріп, әрқайсысына анықтама бере білу.
Химиялық реакция кезінде құрам тұрақтылық заңы мен зат массасының сақтау заңын оқып - үйренудің ерекшелігі түсіндіріледі.
Атом молекулалық ілімінің мазмұнын ашып, оқып үйренген білімді одан ары қарай сабақтарда қолдана білу.
Бинарлы қосылыстырдағы элементтің валеттігін біле отырып формула құра білу, формулаға қарап атомның валенттігін анықтау.
Қарапайым химия реакция теңдеулерін құрып, оны теңестіре білу.
Спирт шамы және тұрғымен жұмыс істей білу және сол дағдыны пайдаланып, оқулықта көрсетілген тәжірибелерді орындау.
Бағдарламаларда көрсетілген сандық есептерді шығара білу.
Оқушының дамуына қойылатын талаптар. Тақырыптан негізгіні бөле білу.
Тақырыпты оқи отырып, өз бетінше жоспар құрып, оны айтып беру.
Оқылған теориялық ұғымдарды бақылай отырып, басты мәселеге көңіл аудару арқылы салыстыра білу.
Оқушыны тәрбиелеуге қойылатын талаптар.
Бұл тақырыпты өтіп болған соң оқушы табиғаттағы көп түрліліктің себебін түсіндіріп, бір - бірінен ажырататын зат құрамына оның қасиетінің тәуелді екенін анықтап айтып бере білуге дағдыланады.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады.
Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттер. Таза заттар және қоспалар.
Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.
Атомдар және молекулалар. Химиялық элементтердің таңбалары. Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы және ол бойынша есептеулер. Химиялық элеметтің валеттілігі. Элементтердің валенттіктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру. Заттардың құрам тұрақтылық заңы. Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы. Атом – молекулалық ілім. Зат мөлшері. Моль. Авагардро заңы. Молярлық масса. Химиялық реакция типтері. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Бастапқы химиялық ұғымдар тақырыбын бекіту сұрақтары:
химия пәні нені үйретеді?
заттар, олардың түрлері. Заттардың қасиеттері.
қоспалар, оның түрлері. Қоспаларды бөлу тәсілдері.
құбылыстың түрлері. Химиялық реакциялар.
атом – молекулалық ілім. Атом. Молекула.
химиялық элементтер, таңбалары, атаулары, жазылуы.
салыстырамалы атомдық және молекулалық масса.
химиялық формула, индекс, кэффициент.
зат мөлшері, моль, молярлық масса.
құрам тұрақтылық заңы мен зат массасының сақтаду заңы.
химиялық теңдеулер.
химиялық реакция типтері.
Практикалық жұмыс № 3
Оттегіні және сутегіні оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: жеке алынған жай заттардың қасиеттерімен таныса отырып, бейорганикалық заттардың кластары, құрамы, табиғатта таралуы, алынуы жайлы білімді одан әрі дамыту.
Құралдар мен ректиытер. Калий перманганаты, сутек пероксиді, өршіті МпО2.
Дамыту міндеті. Химиялық заттарды клсақа жіктеуге негіз болатын салыстыру дағдысын қалыптастыру. Айналадағы химиялық құбылыстарды байқап, оларды өмірде және лабораториялда қандай тәжірибелер арқылы анықтауға болатынын сипаттап айтып беруге дағдыландыру.
Жаңа сабақ. Оттек табиғатта көп тараған элемент. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі үшін маңызы зор. Сондықтан да осы тарауда оттектің жай зат және элемент ретіндегі сипаттамасы, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, табиғаттағы айналымы мен қолданылуы қарастырылады. Оқушылар тотығу процесі мен оксидтер жайлы мәлімет алады. Оттектің аллотропиялық модификациясы – озон жайлы алғаш рет мағлұмат беріледі.
Бұрын алған білімді еске түсіре отырып, оттектің физикалық қасиетін, оны алу жолдарын үйренеді. Бұл тақырыпты семинар – сабақ ретінде өткізуге немесе деңгейлі сұрақтар мен тест сұрақтарын даярлауға да болады. Осының бәрі жеке элемент қасиетін зерттеу тәсілдеріне алғашқы бастама болады.
Оттек тақырыбын өту жоспарымен алдын ала таныстыруға болады.
Оттек химиялық элемент және жай зат.
Оттектің табиғатта кездесуі.
Физикалық қасиеттері.
Химиялық қасиеттері.
Алу жолдары.
Қолданылуы.
Оттек – атмосферада бос күйде сонымен қатар қосылыс түрінде су буы, көмірқышқыл газ, литосферада - ***, тау жынысы, биосферада көмірсулар, май, белок, гидпросферада – 89% судың құрамында болатыны айтылады. Бос күйде атмосферада 21% шамасындай болады. Қосылыс күйінде жер қыртысында оттек 49% құрады. Оттек газының 1 литрі шамасен 1,43г/л болады, - 1830С сұйық күйге, ал – 2180С-та қатты күйге айналады. 200С-та атмосфералық қысымда 1 л суда 44 мг оттек ериді.
Элементті сипаттау жоспарын оқушылар дәріптеріне жазып алған соң, осы жоспар бойынша оттекті сипаттайды. Мұғалім олардың айтқанын толықтырады. Осы жерде озон жайлы, оның табиғатта таралуы және аллотропия жайлы түсінік беріледі.
Бейорганикалық заттарды сипаттай отырып, жеке өкілдерінің ерекше және жалпы қасиеттерімен бірге табиғаттағы заттардың алуан түрлілігі жайлы көзқарасты қалыптастыра отырып өмірмен байланыстырады.
Бұл сабақта келесі сабақтар қамтылады:
Оттектің физикалық қасиеттері және алу жолдары.
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Оксидтер, олардың аталуы.
Оттектің табиғаттағы айналымы. Озон – оттек аллотропиясы. Ауа – газдар қоспасы.
Оттегі және сутегі тақырыбына бекіту сұрақтар:
Оттек химиялық элемент және жай зат.
Оттектің табиғатта кездесуі.
Физикалық қасиеттері.
Химиялық қасиеттері.
Алу жолдары.
Қолданылуы.
Сутектің табиғатта таралуы, алыну жолдары.
Практикалық жұмыс мақсаты: сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру. Элеметті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін одан әрі дамыту. Сутек ең жеңіл газ болғандықтан табиғатта таралуы жайлы біліге баса назар аудару. Лабораториялық құралдарды пайдалана білуді еске түсіру. Экзо-, эндотермиялық реакцияларды қайталау. Оқыту кезінде қойылған талаптарды орындау үшін білімді одан әрі қарай дамыту.
Құралдар мен ректиытер. Газ жинайтын құралдың жұмыс істеу тәртібін білу. Тұрғы, сынауық, мырыш, тұз қышқылы немесе кальций, стақанда су. Кипп аппараты.
Жаңа сабақ. Оқушылар бұдан бұрынғы «оттек» тақырыбын өткенде химиялық элемент және оның қосылыстарын қандай реттілікпен оқығандарын еске түсіреді. Мұғалім сутектің ашылу тарихына қысқаша тоқталады. Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері Парацельс ашқанын, 1776 ж.ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап, басқа газдардан айырмашылығыг көрсеткенін арап өткен жөн. Оқушыларға алдын ала « Сутектің ғарышта және Жер бетінде таралуы», «Сутекті алу жолдары»,т.б.хабарламалар дайындауға тапсырма беруге болады. Мұғалім сутек жайлы оқушының біліміне сүйене отырып, сутектің – жай зат екенін түсіндіреді. Оның табиғатта бос күйде таралуын, ең жеңіл газ екенін айтады. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге де болады. Өнеркәсіпте, техникада көп қолданатындықтан сутекті алудың 1 – 2 тәсілін айтып кетеді.
Лабораторияда аз мөлшерде сутекті белсенді металдар: магний, мырыш және темірді сұйылтылған тұз қышқылы НСІ немесе күкірт қышқылымен Н2SО4 әрекеттестіріп алатынын айтады. Сондай – ақ өте белсенді металдар:натрий, калий, кальцийдің сумен тікелей әрекеттесууі арқылы сутек газын алып оны сынауды үйретеді. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай отырып, сутекті алу тәсілімен және тазалығын тексерумен, Кипп құралғысының құрылысымен таныстырады. Басқа да сутекті алудың әдістері туралы мағлұмат беруге болады. Мысалы, суды электр тогының көмегімен айыру. Уақыт болса Авогадро заңын қайталай суды айырып қанша көлем (қ.ж) сутек газын алуға болады? 2 – есеп: 320 г оттекті жағу үшін қ.ж.-да қанша көлем, қанша масса және сутектің қанша зат мөлшері қажет?
Оқытудың жоспарланған нәтижесі. Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіреді және есеп шығаруды қайталайды.
Дамытудың жоспарланған нәтижесі. Өзі бақыланған лабораториялық тәжірибелерден дұрыс қорытынды жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазып, реакция типін анықтай білуі тиіс.
Сутектіңфизикалық және химиялық қасиеттері.
Сутегі тақырыбына бекіту сұрақтары:
Магний мен тұз қышқылы және алюминий мен күкірт қышқылы арасында жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар?
Суды және ауаны ығыстыру тәсілімен сутекті қалай жинауға болады?
Сутек алуға болатын екі реакция теңдеуін жазыңдар?
Практикалық жұмыс №4
Су және ерітінділерді оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: адам өміріне ең қажетті су жайлы білімді одан әрі дамыту. Ерітінді, еріткіш, еритін зат, ерітінді концентрациясы ұғымдарын қалыптастыру. Массалық үлестері әр түрлі ерітінді даярлауды үйрену.
Суды тазартуға байланысты іс – шаралар туралы мағлұмат беру.
Табиғаттану, георгафи пәндерінен су жайында алған білімді одан әрі жетілдіру, реферат, хабарлама даярлау.
Оқытудың жоспарланған нәтижесі. Қоршаған ортадағы, күнделікті тіршіліктегі судың маңызына тоқталу. Табиғатта кездесетін таза заттар мен қоспалар жайлы еске түсіре отырып, судың физикалық қасиеттеріне тоқталу.
Дамытудың жоспарланған нәтижесі. Тақырып бойынша негізгі мәселені бөле білу, оқушы өз бетінше жоспар жасап, тақырыпты баяндай алуы қажет. Табиғаттағы суды қорғаудың экологиялық іс – шараларын назар аударған жөн.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Су – еріткіш
Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі.
Судың құрамы. Судың физикалық және химиялық қасиеттері.
Негіздердің құрамы және жіктелуі. Негіздердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.
Судың маңызы
Бекіту сұрақтары:
Ерітінді деген не? Күнделікті өмірде кездесе ме?
Еріткіш, еритін затқа мысалдар келтіріңдер.
Ерігіштікті тездетуге бола ма?
Суда шақпақ қант тез ери ме, құмшекер тез ери ме?
Белгілі көлемде алынған еріткіште зат шексіз ери ала ма?
Практикалық жұмыс №5
Галогендердің оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: сілтілік металдар жайлы білімді мысалдар келтіре отырып нақтылау және жүйелеу. Жай зат – натрийді сипаттаудан алған теориялық білімді пайдалану.
Жаңа сабақ. Натрийдің жай және күрделі заттарының құрамын нақты мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді. Металл атомдарды сипаттайтын өзіне тән құрылысын талдайды. Оған валенттік электронның аз болуы және атомның мөлшерінің үлкен болуы жатады. Атомның осы жағдайы оның электронды оңай бере отырып, оң зарядталуына әсер етеді.
Дамыту мақсаты. Алған теориялық білімді нақтылау мақсатында оқулықпен жұмыс істей білуі және конспект жасау жоспары мен сызбанұсқалар құра білуі тиіс. Тәжіррибеден көпір – білгенін қорытындылап, кестеге түсіріп, жүйеге келтіре білуге үйренуі керек. Ең белсенді типтік жүйеге келтіре білугеүйренуі керек. Ең белсенді типтік металл – ең күшті тотықсыздандырғыш болып саналады, сілітілк металдарға тән қасиетті нақтылау, оны атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Сонымен қатар натрийдің өзіне тән ерекше қасиеттерді және табиғатта таралуы мен қолданулуын айтып бере білу керек.
Дамутыдың жоспарланған нәтижесі. Натрийді толық спаттау реттілігін теориялық білімге сүйене отырып іске асыру.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Натрий қосылыстары
Периодтық жүйедегі галогендердің орны, табиғатта таралу, қасиеттері.
Хлрдың алынуы мен қолданылуы, қосылыстарының қасиеттері.
Хлорсутек. Тұз қышқылы, қасиеттері.
Маңызды хлоридтер. Хлорид – ионды анықтау.
Галогендердің салыстырмалы сипаттамасы. Қасиеттері, қолданылуын.
Бекіту сұрақтары:
галогендердің физикалық қасиеттері қалай өзгереді?
Тотықтырғыш қасиеті ең жоғары қай галоген?
Хлор сутекпен, металдармен реакцияға түскенде тотығу дәрежесі қандай болады?
Практикалық жұмыс №6
Күкірт және оның қосылыстарын оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты:периодтық жүйедегі күкірттің орнына қарай оны ҮІ топ элементі ретінде сипаттау: оқушыларды оның аллотропиялық түр өзгерістерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен әр түрлі тотығу дәрежесінесәйкес келетін күкірттің маңызды қосылыстарымен, күкірт және оның қосылыстарының қолдануымен танысу.
Бұл сабақты екіге бөліп қарастыруға болады:
Күкірт, оның физикалық және химифлқ қасиеттері, алынуы, қолдануы.
Күкірсутек, күкіртсутек қышқылы және оның тұздары, олардың алынуы, қолданылуы. Уақыттың аздығына байланысты бұл сабақ оқушылар алатын ақпатар мөлшері көп болып табылады.
Күкірттің химиялық қасиеттерін оқушы химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнымен байланыстырады. Күкірт әр түрлі жағдайда өзі әрекеттесетін элементтің электртерістігіне байланысты тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Күкірт. Күкіртсутек және сульфидтер.
Күкірт (ҮІ) оксиді, күкірт қышқылы және сульфаттар.
Бекіту сұрақтары:
күкірт, оның физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Күкірт сутек, күкіртсутек қышқылы және олардың қасиеттері.
Практикалық жұмыс №7
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: химиялық реакцияның жылдамдығы жеке оның негізгі сатылары гетерогендік реакциялар үшін туралы түсініктерді қалыптастыру. Химиялық реакциялардың жылдамдығы туралы оқушылардың білімдерін тереңдету және жүйелеу; гомогенді және гетеоргенді реакциялардың жылдамдығына әсер етуші масалар заңы мен Вант – Гофф ережесін тұжырымдау.
Енгізілген түсініктер: жылдамжық константасы, қарапайым реакциялар, реакцияның кинетикалық теңдеуі, қарапайым акт, химиялық реакцияның температуралық коэффициенті (Вант – Гофф коэффициенті), белседіру, белсендіру энергиясы, жай және белсенді молекулалар, белсенді соқтығысулар, ауыспалы күй.
Оқушыларды әсер етуші массалар заңымен таныстыра отырып, мына мағлұматтарға назар аудару керек.
1.әсер етуші массалар заңын бірінші рет голландия ғалымдары Гульдберг және Вааге теория жүзінде емес, сол кеөеңде жинақталған біршама тәжірибе материалдарын қорытындылау жолымен енгізді.
2.әсер етуші массалар заңы қарапайым механизм бойынша жүретін жай биомолекулалық реакциялар үшін ғана дұрыс.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар.
Химиялық тепе – теңдңк және оның ығысу шарттары.
Химиялық процестерді басқару үшін химиялық реакциялар туралы білімнің мәні.
Бекіту сұрақтары:
Химиялық реакцияның жылдамдығы туралы түсінік?
Химиялық реакция жылдамдығына әсерететін факторларды талдау?
Тура және кері реакциялар мен химиялық тепе – теңдік туралы түсініктерді қалыптастыру және химиялық тепе – теңдікке әр түрлі факторлардың әсерін талдау.
Практикалық жұмыс №8
Азот және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс №9
Фосфор және оның қосылыстырын оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс №10
Көміртегі және олардың қосылыстарын оқыту әдәстемесі.
Практикалық жұмыс №11
Электролиттік диссоциацияны оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс №12
Металдарды оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: металдар мен бейметалдардың атом құрылысына қарап, олардың қасиеттерінің сипаттамалары туралы оқушылары білімін жүйелеу және қорытындылау; атомдар және кристалдар құрылысының қасиеттеріне әсері туралы көзқарасты және қосымша топша металдары мысалына дамытуды және қалыптастыруды одн әрі жалғастыру.
«Металл» және «бейметалл» түсініктері затқа немесе химиялық элементке қолданылатынына оқушылардың назарын аудару керек. Себебі жалпылама қабылданған анықтамаларда металдық қасиетті тек зат қана көрсетуі мүмкін, онда оларды металдар мен бейметалдарға бөлуідің физикалық мәні болады.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Металдар мен бейматалдар.негізгі және қосымша топшалардың металдары.
Металдардың құрылысы мен физикалық қасиеттері.
Металдардың химиялық қасиеттері.
Электролиз электролиздің қолданылуы.
Металдар коррозиясы және онымен күрес.
Бекіту сұрақтары:
Элемент – металл мен зат – металдың арасындағы айырмашылық қандай? Әр жағдайда қасиеттері неге байланысты?
Металл кристалдарының құрылысы. Кристалл торының түрлері.
Металдарының жалпы физикалық қасиеттері. (электрөткізгіштік, жылуөткізгіштік, созылғыштығы, металдың жылтыры) олардың түсіндір.
Практикалық жұмыс №13
Құрамында оттегі және азот бар органикалық қосылыстарды оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс №14
Көмірсутектердің оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамалы, гомологтық қатары, гомологтық айырылымы, радикалдар, түрлері, изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танылады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәкес формула кұуды үйренеді. Табиғатты танып – білу және дүниетанымдық ғылыми көзқарастары одан әрі дамиды.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Алкандардың құрылысы. Табиғатта кездесуі мен алынуы.
Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкімдері және олардың қолданулуы.
Алкандардың жеке өнімдері және олардың қолданылуы.
Циклоалкандар: циклоалкондардың изомерлері мен атаулары, табиғатта кездесуі мен алынуы, қасиеттері. Циклоалкандардың жеке өкілдерді және олардың қолданылуы.
Алкендер. Алкендердің құрылысы. Изомерлері мен атаулары. Алкендерің алынуы.
Алкендердің химиялық қасиеттері. Алкендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы.
Алкандендер. Алкадиендердің құрылысы. Алкадиендердің алынуы, қасиеттер.
Алкендер. Алкиндердің құрылысы. Аминдердің изомерлері мен атаулар. Аминдердің алынуы. Акиндердің қасиеттері, жеке өнімдері.
Ацетиленді көмірсутектер.
Бекіту сұрақтары:
Метан молекуласы құрылысының ерекшелігі неде?
Метан молекуласындағы байланыстың берік болу себебі неде?
Көміртек атомдарының ара тістес құрылысты болып орналасуын электрондық теория тұрғысынан түсіндіріңдер.
Органикалық заттардың қандай түрлері болады?
Изомерилер, гамологтар деп қандай заттарды атайды?
Қаныққан көмірсутектерге қандай изомерлер тән?
Практикалық жұмыс №15
Оттекті азотты органикалық қосылыстарды оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар жайлы мәліметтер бере отырып бір атомды спирттер, құрамында – ОН тобы бар көмірсутектердің туындысы екенімен танысу. Спирттерде болатын функционалдық топ және оның спирттердің қасиетіне әсерін жалпы формуласын, ережесін білу. Сутекті байланыстардың табиғатын, оның спирттің физикалық қасиетіне әсерін салыстыра білу. Органикалық қосылыстардың жаңа бір масына жататын азоты бар аминдер және олардың құрылымы, атауылары, құрылыстары, қолданылуымен танысу. Салыстыра білу. Солекуладағы атомдардың өзара бір – біріне әсерін білу арқылы химиялық қасиеттері мен олардан алынатын өнімдердің қолданылатын жерлерін оқып үйрену.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Қаныққан бір атомды спирттер құрамы, құрылысы, изомері.
Спирттерді алу жолдары. Оның физикалық және химиялық қасиеттері.
Көпатомды спирттер
Фенолдар құрылысы, қасиеттері, маңызды өнімдері мен қолданылады.
Электроқосылыстар. Аминдер қасиеттер
Аминқышқылдары, құрылысы, атаулары, қасиеттері, қолданылуы.
Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар туралы түсінік.
Бекіту сұрақтары:
Спирттердің химиялық қасиеттері қалай сипатталады және функционалдық топ деген не?
Алканолдарға қандай реакция типтері сәйкес келетінін мысалдар келтіріп түсіндіріңдер.
Нитроқосылыстарға анықтама беріңдер.
Аминдердің физикалық қасиеттері мен қолданылуы.
Аммиак пен металамин молекуласының электрондық, құрылымдық формулаларын салыстырыңдар.
Аминдердің химиялық қасиеттерін салыстыра отырып түсіндіріңдер.
Аминдер қандай қосылыстар, аминдердің негізділігі деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |