№1 дәріс. Жеке-тұлғалық өсу тренингі психологиялық айна ретінде. Жеке-тұлғалық өсу тренингінің жалпы принциптері



бет2/15
Дата23.12.2021
өлшемі186 Kb.
#128445
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1-15 lektsiya tezisteri 3

Әдебиеттер тізімі:

1.Келли Г. Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

2.Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005.

3.Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1996.

4.Тренинг технологиясына кіріспе/ Орыс тілінен аударып және құрастырған А.А.Лиясова.- Алматы, 2011. -237с.

http://artpsy.kz

2 дәріс. Жеке-тұлғалық өсу тренингі жетекшісінің рөлі және функциясы.


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Тренинг жетекшісінің рөлі және функциясы.

  2. «Осы жерде және қазір» ережесі. Рефлексия.


Дәріс тезисі:

Жаттықтырушы терапевтік те, тренингтік те топтарды алып жүруі мүмкін, бұл – жиі болатын жағдай, бірақ бұл – әр түрлі қатысушылары, әр түрлі міндеттері бар әр түрлі топтар.

Тағы бір проблема кейбір жаттықтырушылардың тренингті өзін таныту үшін, өзін топтың есебінен таныту үшін пайдаланатындығында.

Кез келген жаттықтырушы топпен не істегісі келсе де ерікті екендіктерін біледі. Сөздің дәлме-дәл мағынасында, жаттықтырушы – «әрі патша, әрі құдай». Жаттықтырушы әр түрлі ойындар жүргізеді, қатысушыларға рөлдерді үлестіріп береді.

Жаттықтырушының жоғарыда көрсетілген барлық қателері оның жұмысының тиімділігіне өткізілген тренингтер саны мен тәжірибесінен гөрі әлдеқайда күштірек әсер ететіндігін айтуға болады. Жаттықтырушының көптеген жылдар бойы жұмыс істеуі, бірақ осы заңдылықтардың бірде-бірін түсінбеуі мүмкін, және бұл жаман нәтижелерге алып келетін болады. Тренингтің тиімділігі және пайдалылығы туралы екі пікір бар: біреулер тренингтің өте тамаша және жақсы екендігін айтса, енді біреулер тренингті жай ғана алдау және ешқандай нәтиже бермейтін дүние деп мәлімдейді. Шын мәнінде, біреулердің жаттықтырушымен жолы болған, енді біреулерінің жолы болмаған. Тренингтің өзі болса – тамаша әдіс, бірақ жүргізушісі жаман жақсы машина жаман жүретіндігі сияқты, тренинг те көбінесе кері нәтиже береді.

Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін жшоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің қабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет.Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді.

Тренинг жүргізу тренердің тұлғасына үлкен талаптар қояды.

Тренер тұлғасында:

Энергия.

Хабардарлық.

Тәжірибе.

Билік.


Ақылдылық.

Харизматикалық қасиеттер болуы тиіс.

Энергия - бұл потенциалды күш, ол өзгелерге энергия беруі үшін өте қажет. Әлсіз,сылбыр. көңілсіз тренер тренингтің тек теориясын ұғындыра алады да,қатынасушыларды табиғи, стихиялы мотивпен басқара алмайды.Ал энергиялық күшті заряды бар тренер, қатынасушыларға күш беріп қана қоймай, кеменің желкенін қажетті бағытқа бұра алады.

Тренер энергия шығарушының үлгісін көрсетіп, қатысушыларды өзіндік ішкі зарядпен энергия беруі, жұқтыру және толықтырып отыруы, магнетизм күшімен тәуелсіз қимылдап сол энергияны өзгелерге сендіре алуы тиіс. Тренердің ең басты энергиясы – биологиялық энергия. Ол биологиялық энергиясын өзгелерге көрсете алуы тиіс. Сонымен қатар тренерге; бойшаңдық, тамақ таба алу, зат алмасу, материалдық жүйелерінің жаңартылуы, көбею, таратылу қабілеті болуы қажет. Бойшаңдық, гүлдену, зиялылық, тренердің сырт келбетінен көрініс тауып өзін-өзі презентациялауда өзгелерді өзіне тарта біліуі тиіс.

Қатысушылар сіздің өскеніңізді, әрі қарай өсіп дами түсетініңізді сезінуі тиіс.Сізді гүлденіп ақша табуда еш қиындық көрмейтін, көбей, таратылуда проблемасы жоқ адам ретінде ұғынулары қажет.Тренер сырт келбетінен дамыған дами түсетін басында еш қиындығы жоқ адам кейпін көрсетуі тиіс.

Биологиялық қалыптылық тренинг өткізуде фон ретінде өте қажетті. Тренер жаңа шығармашылық тапсырмаларды тез шешуге қабілетті. Тренер идея ұсынушы, дамытушы ғана емес, өзгелердің идеяларын ұғынушы және дамуға мүмкіндік беруші тұлға.

Тренер псхология, биология, физиология, менеджмент және практикалық өмірден хабардар болуы тиіс. Хабардарлық кез-келген эксперименттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кең көлемді таным және білгеніңді қызықты етіп әңгімелеп беру – топта кез-келген эмоциональды қиындықты жеңе алуға көмектеседі. Кез-келген жағдай тіпті жағымсыз болсада білетін жағдаймен салыстырылып жаңа білім көрсеткіштері арқылы шешіліп отырылады.

Тренердің тренинг қызметінде әртүрлі өмірлік аймақтарда тәжірибесі болған жөн. Өзіндік тәжірибе арқылы адамдарды басқара алуы тиіс.

Тренер жан-жақты ғылым салларына білімі терең болуы тиіс. өзі айтатын әңгімесі мен әрекетінің құндылығына сенімді адамның кейпін көрсетуі тиіс. Ол өзінің кез-келген сөзіне 100% сенуі және өзгелерді сендіре алуы қажет. Өзіне сенімді тренер өзгелер мүлтіксіз орындайтындай нұсқау бере алады. Ол үшін сенімділік әзілқойлықпен ұштасып отыруы керек. Ол топқа нақты, ашық, қарапайым сенімді нұсқау беру арқылы қатысушыларға мотивация береді. Билікті өзгеге беру және өзгені тыңдау, өзің шешім қабылдау жауапкершілігінен құтылу мазасыздықтан құтқарады. Сенімді , толыққанды команда адамдарға мотивация беріп, уақытша жауапкершілігінен босатады.

Тренердің ақыл-ой процесі жеткілікті түрде қозғалғыш болуы жөн. Тренер кез-келген проблеманы жеңіл шешіп өзгелерге жол көрсетуі тиіс.Кездескен жағдаяттарда қатынасушыларды дұрыс бағытқа сілтеуі жөн. Сонымен қатар ақыл-ойы икемді болып, белгілі бір проблеманы шешкенде, сол жағдайға, сол адамның жас ерекшелігіне сай шеше білуі тиіс.

Тренер идеал тұлға ретінде қатынасушылардың қарағысы келе беретін, оның артынан еріп жолын қуғысы келетін адам болуы тиіс. Кез-келген тренерде харизматикалық қабілет болуы қажет.Сырт келбетіңнің жұғымдылығы электірлік лампадай табиғи шырақ, жарық береді. Адамдар арнайы шамымен емес, кездейсоқ табиғи шырақ пен өнімді жарқырап, жүректерді жылтатын адамға сенеді. Тренер қатынасушыларға қаншалықты ұнауға талпынса соншалықты өзіндік табиғи харизмасын жоғарылатады.

Өзімен- өзі болудың бір жолы- өзгелердегі табиғи көріністерді өзіне дарытуға талпынбай, өзіңдегі бар табиғи қасиеттерді дамыту. Тренер жарқырап өте айқын көрінуге тырыспай жан дүниесінің ашықтығын көрсете білгені жөн. Қатынасушылар сұрақ қойса шынын айтуға тырысуы керек, ол қатынасушылардың ашылуына жол ашады. Белгілі бір шындықты айту қаншалықты қиын болса, оның қатынасушыларға маңыздылығы да соншалық.. Қарапайымдылық, шынайылық,, харизматикалық қабілеттің ең табиғи көрінісі.

Ең алдымен, тренинг жүргізілетін топқа назар аударған жөн. Костюм топтың жасына және қатысушылардың әлеуметтік рөліне қарай жасалады.

Егер тренинг жасөспірімдерге арналған болса, спорттық стиль де (джинсы мен футболка) жарап қалады. Ендігі мәселе, егер тренинг жетекші звеноға арналған немесе фирмадағы корпоративті тренинг болса, онда тренердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, іскери стильді ұстанған жөн.

Білікті тренердің өзінің сыртқы келбетіне қатысты бірінші ережесі – ситуацияның адекваттылығы.

Ары қарай әңгіме қосымша заттар жөнінде болады. Әсіресе әйел адамдар көбіне қосымша заттарды (шарф, моншақ, шпилька, соған уақ заттар) жаны сүйеді. Бұл заттар әдемі көрініп қана қоймай, белгілі бір стильді де аңғартады. Тренинг үшін бұндай заттарды мақсатқа сай таңдау қажет.

Екінші ереже – тренинг бойы мазаламайтын киім үлгісінің ыңғайлылығы.

Тренердің жұмысы эмоционалды және денелік жүктемемен байланысты екенін ескерген жөн. Сондықтан да киімді ыңғайластырып киген тиімді.

Үшінші ереже тренинг жүргізушінің киім таңдауда жүзеге асады – ыңғайлылық.

Тренинг жүргізуішінің киім таңдаудағы төртінші ереже – көпқабаттылық және қызметке сәйкес келуі.

Сонымен, киім таңдаудағы бесінші ереже – қозғалыс пен әрекеттің еркіндігі болып табылады.

Мұқият, өзін-өзі күтетін, ұнмеі таза, ұқыпты жүретін адам қоршаған орта үшін жағымды болып табылатыны белгілі. Өз-өзіне сенімділік ұқыптылық пен тазалыққа байланысты болып табылады.

Сондықтан да алтыншы ереже – ұқыптылық және тазалық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет