№1 дәріс. Жеке-тұлғалық өсу тренингі психологиялық айна ретінде. Жеке-тұлғалық өсу тренингінің жалпы принциптері


№ 7 дәріс. Тұлға және сенім. Манипуляциялар



бет7/15
Дата23.12.2021
өлшемі186 Kb.
#128445
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
1-15 lektsiya tezisteri 3

№ 7 дәріс. Тұлға және сенім. Манипуляциялар.

Манипуляциялар. Белгілер: әріптесінен артық болуға қол жеткізу мақсатында саналы түрде арам тәсілдер қолданылады.

Манипуляциялардың түрлері:

1) психологиялық қысым көрсету;

2) ақпаратпен манипуляция жасау;

3) ұстанымдық қысым көрсету.


1. Психологиялық қысым көрсету (әріптесін жайлылық жай-күйінен шығару)

а) қорқыту (нақты – тікелей; нақты емес – жанама);

б) жеке шабуыл (мысалы, әңгіменің басынан бастап әріптеске айқайлай бастайды да, содан соң кешірім сұрайды);

в) аумақпен манипуляция жасау (қолайсыз температура, ыңғайсыз креслолар, әңгімелесушілердің әр түрлі деңгейлерде орналасуы; өз аумағың/бөтен аумақ);

г) «жаман жігіт – жақсы жігіт».
2. Ақпаратпен манипуляция жасау:

а) теріс ақпарат;

б) өкілеттіктермен манипуляциялар жасау;

в) дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беру.


3. Ұстанымдық қысым көрсету:

а) «артқы жақтан тік сызық» («Мен бәрін түсінемін ғой, бірақ бастық...»);

б) «артқы жақтан көлденең сызық» («Мен осылай жасар едім, бірақ мені әріптестерім түсінбейді...»);

в) келіссөздерден бас тарту;

г) үзілді-кесілді талап тактикасы (әлсіз әріптестерге қолданылады: «Егер Сіз ..., онда ...»);

д) уақытпен манипуляция жасау: әңгімені созу; әріптесті қарқынынан жаңылыстыру; әңгіме қарқынын шұғыл жылдамдату; қатаң шектелген уақыт жағдайын жасау;

е) «ысырма тактикасы» (мен проблеманың шешілуі үшін жауапкершілікті өзімнен алып тастайтын, келіссөздердің нәтижесін алдын ала анықтайтын әлденені істеймін, мысалы: «Сіздің, әрине, бұйрыққа қол қоймауыңызға болады, бірақ ол туралы радиодан хабарлап қойған»).
Манипуляцияларды блоктау
1. Жете түсіну.

2. Жағдайды талқылауға шығару (кейде жанама түрде).

3. Қорқытқан жағдайда, сіз оны елемейсіз. (Американдықтарда: «Менің беделім қорқытуларға жауап бермеуімнен құрылған», - деген дәстүрлі сөз орамы бар).

4. Сізге қатысты «Артқы жақтан тік сызық», «Артқы жақтан көлденең сызық», «Ысырма» сияқты манипуляциялар қолданылған жағдайда, оларға «Бұл сендердің проблемаларың» деген сияқты жауап беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет