Бақылау сұрақтары:
Квалиметрияның тарихы.
Квалиметрия негізгі бөлімдері.
Сапа ұғымына анықтама беріңіз.
2-дәріс. Өндірістік өнімнің жіктеу. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы. Өнім сапасынының көрсеткіштерін жіктеу. Біртексіздігі бойынша өнім сапасының көрсеткіштерін жіктеу
Өнеркәсіптік өнімді жіктеу және сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы. Өнімнің техникалық деңгейін және сапасын бағалау үшін тағайындау көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау.
Қарастырылатын сұрақтар:
Өндірістік өнімнің классификаторы.
Өнімнің біртектілік қасиеті.
Сапа көрсеткіштерінің классификациясы.
Өнімдер классификациясы. Осы құралдағы негізгі қарастырылатын объект - өнеркәсіптік өнім мен қызмет болып табылады.
Пайдалану (қолдану) кезінде оның қасиеттерін жүзеге асыру сипаттамасы бойынша барлық өнеркәсіптік өнімді екі класқа және бес топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа қатыстылар шикізат және табиғи отын, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар, көмір, тас тұзы, табиғи құрылыс материалдары және сәндік материалдар, бағалы минералдар және т.б.
Екінші топқа қатыстылар материалдар және өнімдер, мысалы, бензиндер, моторлы, трансформаторлы, трансмиссионды майлар, майлау, илем, сымдар, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары, кино – және фотоматериалдар, медициналық препараттар, жуу құралдары, және тамақ өнімдері, үшінші топқа кірмейтіндер және т.б.
Үшінші топқа қатыстылар шығын бұйымдары, мысалы, бөшкедегі сұйық отындар, баллондағы газдар, жіптер, орамдардағы және катушкалардағы сымдар және кабельдер, өнеркәсіптік орамдағы және парфюмерлік-косметикалық тауарлар, банкадағы консервілер, кондитер бұйымдары, орамадағы тамақ өнімдері және т.б.
Бұйым – бұл өзін зат немесе заттар жиынтығы ретінде көрсететін өнеркәсіптік өнім бірлігі, мысалы, радиоқабылдағыш, автокөлік, тіркемелі агрегатты трактор, микрокалькулятор, сорғы, телефон, теледидар және т.б. Шығындық бұйымдар саны – үздіксіз шамалар (киллограмм, метр және т.с.с.) анықталатын, бірақ, ол арнайы өнеркәсіптік орамада шығарылатын өнеркәсіп өнімдерінің бірлігі. Әрбір орам (қорап, бөтелке канистр, катушка және т.с.с.) шығындық бұйымды көрсетеді.
Шығындық бұйымдарға мысал: қораптағы ұнтақталған кофе, бөтелкедегі ішімдіктер, канистрдегі жанармайлар, катушкадағы сым.
Жөндеуге келмейтін бұйымдар төртінші топқа жатады, мысалы, мойынтіректер, осьтер, тістегіштер, электровакуумды және жартылай өткізгішті аспаптар, сайын бұрандама, кірпіштер және т.с.с.
Жөндеуге келетін бұйымдар бесінші топқа жатады, мысалы, технологиялық жабдықтар, ауыл шаруашылық машиналары, көліктік машиналар және құралдар, радиотехника құралдары, медициналық және тұрмыстық аспаптар және т.с.с.
Бірінші класс өнімі қолдану процесінде шығындалады. Қайта өңдеудің (шикізат, материалдар) кайтымсыз процесі жүреді, тірі ағзалардың (тамақ өнімдері) сіңіру және т.с.с.
Екінші класс өнімін қолдану кезінде оның ресурс шығыны жүреді. өнім техникалық немесе моральдық тозуға дейін қолданылады.
Қолдану саласы бойынша өнімдер халықтық тұтыну тауарлары және әдеуметтік бағыттағы өнімдер, өндірістік-техникалық белгілеудегі өнімдер болып бөлінеді. Өндірістік-техникалық белгілеудегі өнімдер (білдектер, машиналар, шикізаттар, материалдар) өндірістік тұтынуға, ал халықтық тұтыну тауарлары (киім, азық-түлік өнімдері) – жеке, тұлғалық тұтынуға келіп түседі. Әлеуметтік белгілеудегі өнімдерге білім беру спорт, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет саласында, байланыс жүйесіндегі, көліктегі қызмет көрсетуде тұрғындар қажеттерін қамтамасыз ету үшін арналған өнімдер жатады.
Барлық бұйымдар құрылымдық орындалуы бойынша 4 түрге бөлінеді:
|