М.Өтелбаевтың ғылыми жетістіктері:
-дифференциалдық операторлардың спектрлік қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістерін негіздеді (ол - қарастырылмақ есептерді локализациялау туралы жалпы идеяны біртіндеп және тапқырлықпен іске асырудың нәтижесі. Бұл жерде ол бүгінде мамандарға “q*- Өтелбаев функциясы” деген атпен белгілі коэффициенттерді орташаландыру конструкциясын ойлап тапты);
-Спектрлік анализдегі мынадай әлемдік мәселенің шешімін тапты: классикалық Штурм-Лиувилль операторы меншікті мәндерінің үлестірімі үшін әмбебап асимптотикалық формула табылмайды. Ол Дирак операторы үшін эквивалент болмаған жағдайда алғаш рет екі жақты асимптотиканы тапты;
- Іштесу теоремаларын алудың жаңа әдісін тапты (оған “q* - Өтелбаев функциясын” тиімді қолдану арқылы қол жеткізді);
- Тұңғыш рет Банах кеңістігіндегі сызықты операторлардың әдепті кеңеюлері мен сығылуларының теориясын жасады, атап айтқанда, «паталогиялық» (ультрагиперболалық және жалғанпараболалық) дифференциал теңдеулер үшін әдепті есептер туралы И.Г. Петровскийдің (1948ж.) әлемдік мәселесін шешті;
- Көпөлшемді және жартылай шенелген емес операторлардың кеңейтілген кластарының бөлінгіштігі мен апроксимативтік қасиеттерін орнықтыратын әдісті тапты;
- Бейсызық эволюциялық теңдеулер теориясында, есептеу математикасында және жалпылама аналитикалық функциялар теориясында өзінің енгізген v-кластарының көмегімен іргелі нәтижелер алды;
- Шеттік есептерді сандық есептеудің жаңа әдісін ұсынды (онда іштесу теориясы, дифференциал теңдеулердің коэрцитивті шешімділігі және жалғасу теориясы сияқты қазіргі математика бағыттарының соңғы жетістіктерін пайдаланды, бұл әдіс ақырөлшемді матрицалардың меншікті сандары мен меншікті векторларын да тиімді есептейді).
Академик М. Өтелбаевтың жетекшілігімен 80-нен астам ғалым кандидаттық, 12 ғалым докторлық диссертация қорғады.
Алгебра саласында әлемдік деңгейде мойындалған математик физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі
Достарыңызбен бөлісу: |