2.3. Ауаның газды құрамы
Газды орта – қоршаған ортадағы газдардың құрамын сипаттайтын режим көрсеткіші.
Ауаның газды құрамы үш топтан тұратын құрам бөліктерге негізделген:
Негізгі газдар - оттегі, азот және көмірқышқыл газы.
Инертті газдар - сутегі, гелий, аргон және т.б.
Зиянды газтәрізді қоспалар – азот, күкірт тотықтары, сондай ақ озон, аммиак, фреон және т.б..
Қалыпты газды ортаның құрамында (%): оттегі - 20,6, азот - 78, көмірқышқыл газы - 0,03, инертті газдар - шамамен 1.
Оттегі, көмірқышқыл газы және ауадағы газтәрізді қоспалар өнімдерде жүретін химиялық, биохимиялық және микробиологиялық үдерістерге қатысады.
Оттегі, әдетте, көптеген өнімдердің сақталғыштығына кері әсер етеді. Оның қатысында тотығу тотықсыздану үдерістері күшейеді: металдардың коррозиясы басталады, бояғыш заттар мен витаминдер бұзылады, майлар ашиды. Сонымен қатар, оттегі болмаған жағдайда бірқатар өнімдердің бүлінуін тудыратын анаэробты микроорганизмдердің белсенділігін арттырады.
Көмірқышқыл газы бөгде микрофлораның дамуын тежейді және белгілі бір концентрацияға дейін өнімдердің сақталғыштығын жақсартады. Бірақ, оның артық болуы биообъектілердің физиологиялық ауруларын тудыруы мүмкін және тіпті тіршілігін жоюына алып келеді. Мысалы, көптеген балғын жемістер мен көкөністер үшін ауадағы көмірқышқыл газының шекті концентрациясы 8-10 % болады.
Азот және инертті газдар өнімдердің сақталғыштығына әсер етпейді деп саналады.
Зиянды газ тәрізді қоспалардың өнімдердің сақталғыштығына әсері зерттелмеген. Жемістерді сақтау кезінде бөлінетін этиленнің олардың пісу үдерісіне әсері ғана, сондай-ақ картоптың өскіндерін тежеуі зерттелген. сондай-ақ озон белгілі бір концентрацияда шұжық, ірімшік, картоп, сәбіз, алма және т. б. сақталғыштығын жақсартатыны анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |