1 дәріс. Кіріспе. Тағамдық шикізат және тамақ өнімдерін сақтау ерекшеліктері Дәріс жоспары



бет11/18
Дата07.02.2022
өлшемі113,5 Kb.
#86425
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
№ 1 дәріс Сақтау

2.4. Жарықтандыру
Жарықтандыру қоймадағы жарықтың қарқындылығымен сипатталады. Жарықтың әсерімен тамақ өнімдері сапасының жағымсыз өзгерістері жеделдетіледі, өйткені ол тотығу үдерістерін белсендіреді(жандандырады). Мысалы, шарап, сыра, шырындарда түссізденуі және лайлануы, майлардың тотығуы, картоп және көкөністердің өнуі және жасылдануы жүреді. Сондықтан, азық-түліктерді қараңғыда сақтайды.
Жарық қоймаларда ұн, жарма, макарон және нан өнімдері, консервілер жақсы сақталады.
Азық-түлік өнімдерін құрғақ, таза, ақаусыз және желдетілетін қоймаларда сақтайды, өйткені мұндай жағдайларда өнімдердің ылғалдануы және ластануы, микроорганизмдермен залалдануы, зиянкестермен зақымдануы болмайды.
2.5. Ауа алмасу
Ауа алмасуы – өнімді қоршаған ортаның ауа алмасу қарқындылығы мен жиілігін сипаттайтын режимнің көрсеткіші.
Ауа алмасуы қойманың температурасын, ылғалдылығын және газ құрамын реттеу үшін қажет және табиғи ауа айналымы немесе механикалық (мәжбүрлі) желдету арқылы жүзеге асырылады.
Ауа алмасу процесінде бірыңғай температура-ылғалдылық режим түзіледі, сондай-ақ сақталатын өнімдер, ыдыстар, жабдықтардан бөлінетін газ тәрізді заттар алынып тасталады.
Ауа алмасуы қоймадағы ауаның қозғалыс жылдамдығымен және оның алмасуының көптігімен сипатталады.
Ауаның сырттан берілуі арқылы жүретін ауа алмасуы желдету(вентиляция) деп аталады, ал сырттан келмей қоймадағы ауаның алмасуы арқылы жүрсе оны ауа айналымы(циркуляция) деп атайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет