1.2 Ет тағамдарының сапасына қойылатын талаптар
Піскен ет тағамдары. Ет талшығы көлденең жұқа кесектерге туралуы керек. Бетін жел қақпағаны жөн. Ет түсі ашық-сұрдан күнгіртке дейін консистенциясы жұмсақ, шырынды болуы тиіс. Дәмі қажетіне қарай тұзды, хош иістілігі еттің түріне сәйкес.
Қуырылған ет тағамдары. Сиыр, қой еттерінің ірі кесектері аздап, орташа және жақсы қуырылуы мүмкін, ал шошқа және бұзау еттері толық қуырылады. Ет талшықтарына көлденең жұқа кесектерге туралып, олардың шеттерінде қуырма қабық пайда болуы керек. Аздап қуырылған еттің кескен жеріндегі түсі қызылдан алқызылға дейін, орташа қуырылғандары – алқызылдан сұрға дейін, толық қуырылғанда – сұрдан қоңырға дейін болады. Консистенциясы – жұмсақ, аздап және орташа қуырылған етте – едәуір шырынды болады. Дәмі қажетіне қарай тұзды, иісі – қуырылған етке тән.
Табиғи сыбаға кесектерінің бетінде қуырма қабық болады. Котлеттегі сүйектер жақсы тазартылған және тегіс шабылған болуы қажет. Консистенциясы – жұмсақ, бифштексте, сүбе мен лангеттерде – нәзік, шырынды, қалғандарында шырындылығы аздау болуы мүмкін.
Ет тағамдарында, ұсақ кесек түрінде қуырылғандарында турау формасы тағам түріне сәйкес болуы керек. Консистенциясы – жұмсақ, шырынды болуы шарт. Сіңірі болмауы тиіс. Дәмі мен иісі қуырылған ет түріне тән.
Пісірілген ет. Піскен ет өнімдерін аздаған сорпасымен аузы жабық ыдыста 50-60оС температурадан жоғары емес күйде 3 сағаттан артық емес уақыт сақтайды. Ұзақ сақтау үшін етті салқындатып, тоңазытқышта 48 сағатқа дейін ұстайды.
Бұқтырылған ет. Бұқтырылған ет күңгірт-қызыл түсті болады. Консистенциясы – жұмсақ. Дәмі мен иісі – көкөніс пен дәмдеуіштердің иісі мен дәміне тән. Ірі кесектері талшығына көлденең туралған, ал ұсақ кесектер, сыбаға және жұқа кесектер өзінің кесілген формасын сақтауы керек. Консистенциясы – жұмсақ, түсі күңгірт-қызылдан қоңырға дейін.
Котлет массасынан әзірленген тағамдар өз формасын сақтауға тиіс және аунатпа қабығы жұқа болады. Беті – жарықсыз, тіліксіз, тегіс, алқызыл қуырма қабықты. Дәмі қажетіне қарай тұзды, бірақ нан дәмінсіз болуы тиіс. Иісі – ет иісіне тән. Консистенциясы шырынды, үлпілдек, кесіндісі біркелкі, бөлек ет кесектерінсіз, нансыз және сіңірсіз, қызғылт-қызыл реңге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |