1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет48/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.

Ішек- қарын қуырдақ. Бұл – соңғы кездері қалалықтарда да, далалықтарда да жиі жасап жүрген тағам. Аздап ет қосатындар да болады, алайда ең негізгісі – малдың қарны. Әсіресе, сиыр малынының қарнының түгін жидітіп, тазартқан соң ұсақтап турап етпен бірге аз суға қайнатып алаты да, жүрек, бүйрек, ішек, бауырын қосып, майға қуырады. Қуырдақтың бұл түрін С. Кенжеахметұлы «кісе қуырдақ» деп атайтынын жазыпты. Әрине тұзы, пиязы, бұрышы, басқа да дәмдеуіштер қосылады ғой. Мұндай қуырдақты жерде кісе- белбауыңды кеңдеу ұста дегенді білдірсе керек.

Жоңқа қуырдақ. Жаңадан сойылған мал болмағандықтан, ешқандай өкпе-бауыр, ішек- қарынсыз, тек қана сұрпы еттен қуырдақ қуыруға тура келеді. Көбіне аязда қатырып қойған етті кішкене балтамен немесе шаппа шотпен жоңқалап жонған еттен қуырылған қуырдақ. Оған аздап картоп, күріш, макарон, ши кеспе салып та даярлайды.

Балқуырдақ. Бұл астың ерекшелігі - еттің майға емес, піскен сүттің бетінен алынған қаймаққа қуырылуында. Ең бастысы, ет жаңа сойылған жас малдың еті болғаны жөн. Қаймақты сүт бетінен сыпырыпалы, қазанға құйып, соған сопақшалап, жіңішке туралған етті салып қуырады. Тұзы, пиязы дегендей ащы-тұщы дәмдеуіштері қосылған бұл қуырда- кез келген отбасы жасап жей бермейтінжеңсік ас. Дәмділігі алабөтен. Бұрынғы кездерде барлықтан басы айналған бай- манаптар марқа лақ, құлын, бұзау, бағлан қозы сияқты төлдердің етін осылай қуыртып жейді дейтін. Сонан соң өте сыйлы қонақ келгенде балқуырдақ жасап беру ерекше құрмет болып саналады екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет