Дән
1-сурет. Әртүрлі уыт өндірісінің принципиалды технологиялық сызбасы
2-сурет. Ауалы-електі сепартордың сызбасы
Қабылдау және тазалау кезіндегі дән қозғалуының жалпы схемасы 3-суретте келтірілген. Дән қабылдағыш бункерден 4 нориямен 5 магнитті сепараторға 6 беріледі, автоматты таразыдан 7 өткізіліп қылтығын алып тастау үшін қондырғыға 8 беріліп, сосын ауалы-електі сепараторға 9 келіп, автоматты таразыда 10 өлшеніп, шнекпен 12 силостарға 13 бағытталады. Дән қалдықтары жинақтағышқа 11 түседі. Ылғалдылығы 15,5%-дан жоғары дән келіп түскенде оны сепаратордан 6-9 кейін ылғалды астық бункеріне 1 жібереді, сосын астықкептіргішке 2, сосын құрғақ астық бункеріне 13 түседі.
Дәнді қайта тазалау және сұрыптау кезінде дәндер силостан 13 шнекпен 14 магнитті сепараторға 15, қайта тазалайтын ауалы-електі сепараторға 16, триер 17, сұрыптағыш машинаға 18, І, ІІ сұрыпты астыққа және астық қалдығына арналған бункерге 19-21 түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |