1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет86/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.

1. Дәнді тазалау және сұрыптау

Дәнде қоспалардың болуы, оның зақымдалуы микроорганизмнің дамуы үшін қолайлы орта болып табылады да, уыттың сапасын төмендетеді. Сондықтан да уыт дайындауға арналған дән екі рет мұқият тазартудан өтеді: бірінші рет астықты қабылдаған кезде, екінші – өндіріске астықтың түсуі кезінде.

Дәнді бірінші тазалау дөңгелек тесікті үш елегі бар камерадан 1 тұратын ауалы-електі сепараторда (2-сурет) жүргізіледі. Үстіңгі (қабылдағыш) електе 5 (тесігінің диаметрі 10-20мм) ірі қоспалар ұсталып қалады: сабағы, тастар, жер түйіршіктері, екінші електе 4 (тесігінің диаметрі 6-10 мм) өлшемі дәннен біршама үлкен, қалған қоспалар жиналады. Дәннің көп бөлігі тесігінің диаметрі 1,5-2 мм үшінші електе 3 жиналады, ал қалыңдығы кішкентай қоспалар сол тесік арқылы өтіп кетеді. Сепаратордан кірер және шығарда дәндер желдеткіш арқылы жасалатын ауа сорғысына келіп түседі. Жеңіл қоспалардың (шаң, сабан, қабық) жинақталу шамасына қарай тартылу күшінің әсерінен тұнбаланатын камераның 2 қақпағы ашылып, қоспалар ажыратылады. Тазаланған арпа сақтауға жіберіледі.

Өндіріске түсер алдында арпа магниттен және ауалы-електі сепаратор, триерден екінші тазалаудан өткізіледі. Ауалы-електі сепараторда арпа ірі, ұсақ және жеңіл қоспалардан, магнитті сепараторда метал бөліктерінен, ал триерде ұзындығы бойынша дәннен ерекшеленетін қоспалардан тазаланады. Соңғы тазалау жоғары сапалы уытты біркелкі өлшемдегі дәннен алатын болғандықтан дән өлшемі бойынша фракцияларға сұрыптаудан тұрады. Бұл біркелкі өлшемдегі дәндердің біркелкі суланып және өнуімен, ұсақ дәндердің тез, ал ірі дәндердің жай сулануымен түсіндіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет