4-сурет. Арпаны сулау, дезинфекциялау және жуу
Дән қоймадан нориямен 1, автоматты таразы 2 арқылы бункерге 3 бағытталады, сосын арнайы аппаратта 4 жуудан және дезинфекциялаудан өтеді. Жуу кезінде пайда болатын жеңіл қоспалар бункерге 6 жиналады, су бөлгіштен 7 өтіп, кептіргіште 8 кептіріледі де,бункерге 9 жиналып, малдың жеміне жіберіледі. Дәнді жуу және дезинфекциялау кезінде қолданылатын ерітінді ыдыста 12 дайындалады, сосын дән насоспен 11 аппаратқа 4 жуу және дезинфекциялау үшін түседі. Дайындалған дән насоспен 5 сулау үшін аппаратқа конусты түбі бар цилиндрлі пішінді ашық болат күбіге 10 жіберіледі (9.5-сурет). Күбінің ішінде жуу кезінде дәнді араластыру үшін қысылған ауа беріліп тұратын көлденең құбыр 3 қондырылған. Құбырдың үстінде шағылдыру қалпағы немесе сегнер дөңгелек 4 бекітілген. Конусты түптің үстінде құбырдың 5 көмегімен қысылған ауа өтетін, сақиналы барботер құбыры 2 орналастырады. Күбі түбінде суды ағызу кезінде дәнді ұстап қалатын торкөз және дәнді түсіріп алатын тесік болады. Орталық құбырдан 3 қысылған ауаны беру кезінде тығыздығы құбыр айналасындағы су мен дән қоспасынан төмен су, дән және ауа көпіршіктері пайда болады. Ол қоспаның жоғары көтерілуіне, бірыңғай айналатын, күбінің периферииі бойынша аударылатын дәнді бөлетін сегнер дөңгелек арқылы шығуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |