13 ДӘРІС. УЫТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Уыт деп белгілі температура мен ылғалдылықта жасанды жағдайда өндірілген астық дәнін айтады.
Уыт өндіру үдерісінің мақсаты – дәнде белсенді, негізінен гидролитикалық әрекет ететін ферменттердің максималды (немесе берілген) жинақталуы.
Спирт өндірісінде этанол алудың негізгі шикізаты болып табылатын – крахмалдың қанттануы үшін арпа, қара бидай, бидай, сұлы және тары уытын қолданады.
Сыра өндірісінде қанттанатын материал және негізгі шикізат болып табылатын арпа уыты қолданылады.
Нан квасы өндірісінде қара бидай уыты қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |