Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны қандай және оның ролі?
Тексеру мен реттеу басқа мектепішілік басқару қызметтерімен қалай байланысқан? 3.Мектепішілік басқаруда қандай әдістер қолданылады?
4.Мұғалімнің басқару әрекетіндегі ақпараттың ролі қандай?
5. Оқу-тәрбие жұмысындағы гуманизациялық бағыттың сипат алуы.
.Мұғалімнің инновациялық қызметтерін дамытушы диагностикалық әдістердің мән-мағынасы қандай?
.Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты не?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
№30 ҚР 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайын басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс мақсаты: Білім беру жүйесінің маңызды құжаттарымен танысу.
Дәріс жоспары:
Жалпы білім беретін оқу орындарына қажетті норматитік құжаттар.
Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама.
Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңдарының ережелеріне сүйенеді, олар Қазақстан Республикасының Ата заңы мен 1999 жылы 7 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралың заңы. ҚР «Білім заңынаң сәйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.
«Стандартң сөзі латын тілінен алынған, «үлгің, «өлшемң деген мағынаны білдіреді. Білім стандарты мағынасы жағынан білімділіктің өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, әрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жетудің негізгі талаптар жиынтығын қамтиды. Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары- стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі және оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дәрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауды мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады.
Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес туындап отыр. Қазақстан Республикасының егеменді елдер қатарында демократияға, нарықтық қатынастарға, тұлғаның құқы мен еркіндігіне бетбұрысы білім аймағындағы саясатты қайта қарастырып, жаңа заман талабына сәйкес түсінуді қажет етеді. Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу-оқыту формалары мен әдістерін таңдау және білім мазмұнын іріктеу істеріне көптеген өзгірістердің енуіне себепші болды.
Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Мәселен, мектептегі оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі; көптеген мектептердің құқықтық дәрежесінің өзгеруі; - тың оқу жоспарларының енгізілуі; мектептердің оқу пәндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы; баламалы оқулықтардың қосылуы; оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі және жіктемелі оқуға өту.
Демек, аталған демократиялық қадамдар өткендегіміздей тезге салынған бір сарында (шаблон) оқу жүйесіне тосқауыл қойып, әрқандай жәйт, жағдайларды ескеріп, білім беру процесіне шығармашылдықпен қатынас жасау қажеттігін айғақтауда.
Мемлекеттік міндетті стандарттар 10 жылда бір рет қайта өңделіп, қажетті түзетулер енгізіліп, мемлекеттік заңмен бекиді.
Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен: а)мемлекеттік, ә)ұлттық- аймақтық, б)мектептік болып құралады. Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның әлемдік мәдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.
Ұлттық-аймақтық елді мекеннің өзіндік ерекшелік, талаптарына (тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне және т.б.) байланысты анықталады.
Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының бағыт-бағдарына сәйкес оқу пәндерінің енгізілуімен белгіленеді.
Оқу жоспары –оқу орнында игерілетін оқу пәндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тәртібін, әр пән бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылындағы апта мен айларды анықтап беретін құжат.
Оқу жоспары түбір (типтік) және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына сәйкес жүргізілетін барлық оқу пәндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пәндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді:
а) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік);
ә) оқушылардың қалауы бойынша (аймақтық бөлік);
б) мектеп (ЖОО) кеңесінің бекітуімен өтілетін пәндер (мектептік (ЖОО) бірлік).
Жалпы білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспары негізгі нормативтік құжаттың бірі болып табылады және ол жұмыстық оқу жоспарларын жасауға негіз болады. Базистік оқу жоспары тұрақты және жылжымалы болып екіге бөлінеді. Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық түрлерінде (бағдарлы мектеп, гимназия, лицей, жеке
меншік мектеп) оқылып, оқушыларды жалпы мәдени және ұлттық мәні бар құндылықтарға баулып, қоғамдық мұраттарға сәйкес келетін жекебастық қасиеттерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жылжымалы бөлім оқушылар дамуының жеке сипатын жетілдіретін, олардың жекебастық ерекшеліктерін, мүдделері мен бейімділіктерін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды. Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады.
Оқу бағдарламалары түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) және авторлық болып бөлінеді.
Түбір (типтік) бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пән бойынша құрастырылады.
Оқу-жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО-да жетекші кафедра) шешімімен бекиді.
Авторлық оқу бағдарламасында білім стандартының талаптары міндетті түрде сақталады, оқу материалын ұсынуда оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерде автордың тарапынан өзіндік көзқарасы болуы мүмкін.
Оқу-әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы бағдарлама болып табылады. Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды жаңа оқу жылы бойынша бөлінген бөлімдермен тақырыптардың мазмұнын және мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |