1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Қожаберген шығармашылығының маңызы, көркемдік мәні, зерттелуі



бет20/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

28. Қожаберген шығармашылығының маңызы, көркемдік мәні, зерттелуі
Қожаберген ақынның әдебиетте алатын орны жөнінде, оның өлеңдерінің тарихилығы мен шығу арналары туралы, әсіресе "Елім-ай" дастаны жайында филология ғылымдарының кандидаты М.Жармұхамедовтың Қазақ әдебиеті газетінде 1981 жылы 15 мамырда "Елім-ай" жыр дастаны; Н.Әбуталиевтің "Жұлдыз" журналының 1984 жылғы 3-санында "Қожаберген жырау"; әдебиетші-ғалым Т.Сүлейменовтың "Еңбек таңы" журналының 1989 жылғы 2-санында "Қазақ есімі хақында" атты көлемді мақалалары жарияланған. Қожаберген жыраудың тарих бетінен орын алып, шығармаларының зерттелуіне Манаш Қозыбаевтан бастап, Петропавл қаласындағы "Асыл мұра" орталығының қызметкерлері де жұмыла кірісіп, үлкен істер атқара білді. "Қожаберген жырау- қайраткер көшбасшы" деген тақырыпта тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған мақала жазып, Қожаберген шығармашылығын әлі де зерттеу керек екенін тілге тиек етеді. Қожабергеннің өлең жырын сақтаушы – өзінің ұрпағы Шақшақ батыр Көшекұлы.
Қожаберген жырларынан оған қымбат нәрсе жұрт қамы, жұрт ісі екенін аңғару қиын емес. Жүз жасаған бабамыздың жырларынан оның бірінші кезекте ел үшін жанын пида ететін батырлық қасиетін көреміз. Жырау жырларында қамсыз жатқан қазақтың күтпеген жерден қаруланған жаудың оғының астында қалып, асып-сасқан күйін суреттейді. Ел басына күн туғанда қара басының қамын күйттеген кейбір төрелердің істерін әшкере етеді. Қожаберген жыраудың асыл мұраларының қазақ әдебиетінде алатын орны бөлек, маңызы айрықша.
29. Ақтамберді Сарыұлы мұрасындағы патриоттық тақырып
Осы уақытқа дейін жаттаған жырларымыз: "От басар орны отаудай", "Күлдір күлдір кісінетіп", "Еділ, Жайық екі өзен", "Салпаң да салпаң жортармын", "Ағайының көп болса", "Балаларыма өсиет", "Уа, Қарт Бөгембай", "Ей, азаматтар, шоралар", "Күлдір,күлдір кісінетіп"
Күлдір де күлдер кісінетіп
Күреңді мінер ме екеміз
Күдеріден бау тағып
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Жағасы алтын, жеңі жез
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз!
Ор қояндай жүгінтіп
Аш күзендей бүгілтіп
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз!
Сол шұбарды міңген соң
Қоңыраулы найза қолға алып
Қоныр салқын төске алып
Қол төңкерер ме екеміз
Жалаулы найза жанға алып
Жау қашырар ма екеміз!
Тобыршықты әндіген
Толтыра тартар ма екеміз
Тобылғы түбі құралай
Бытыратып атар ма екеміз!
Жарлауға біткен жапырақ-
Жамылсақ тоңар ма екеміз
Жазыққа біткен бүлдірген-
Сұғынсақ тояр ма екеміз!
Тобылғы сапты қамшы алып
Тұмар мойын ат мініп
Қоныс та қарар ма екеміз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда
Мұртымыз өрге шаншылып
Бұрын да сөйлер ме екеміз!
«Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын шығармасы — ақынның алдына қойған мақсаты танытатын патироттық туынды. Онда тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ел қамы мен автор өз мүддесін бірге ұстайды. Сұлу құшу және батыр деген атаққа ие болу, бұл сайып келгенде, жалаулы найза қолға алып, жау қашыра білуші, ерлік қимылдарына байланысты немесе жігіттің ерлік көрсетуге даярлығына тәуелді армандар денісі бар. Автордың ойынша, ел үшін алынбай еңбек етіп көзге түссең дегеніңе жетесің ер азаматтың алдына қояр талаптарына ол өзінше термелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет