1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы



бет34/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

47. Шал ақын мұрасының зерттелуі.
Шал ақынның алғаш рет 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бiр ғана өлеңi, 1958 жылғы 28-шi қарашада «Қазақ әдебиетi» газетiнде белгiлi қаламгер Ғалым Малдыбаев жариялаған сегiз өлең мен «Шал ақын кiм» мақаласы жарық көрді. Шал ақынның кейбір шығармаларын кезінде М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, А.Нұрқатов, тағы басқалар ақсақалдардың ауызша айтқандарынан хатқа түсірген. Шал ақынның бірнеше шығармасын, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында жазып алған, оның қолжазбасы Қазан университетінің Н.Лабочевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы. Шал ақынның шығармалары негізінен 1960 жылдан басылып шыға бастады, сол кездері оның шығармалары туралы ғылыми-зерттеу мақалалары да жарияланды. «ХVІІ-ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1985) басылымдарының алғы сөздерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор И.Дүйсенбаев Шал ақынның шығармаларын Бұхар жырау, Тәттіқара, Ақтамберді есімдерімен қатар қояды. Шал ақынның мұраларын әдебиеттанушылар - Х.Сүйеншәлиев, М.Мағауин, Г.Абетов, Ш.Елеукенов, Ә.Дербісәлин, Ө.Күмісбаев, тағы басқалар зерттеген.
48.Шал ақын шығармаларындағы кедейлік тақырыбы
Шал ақынның көп жырлаған тақырыбы - кедейлік.Кедейлік тақырыбы қазақ поэзиясында тұңғыш рет Шал шығармашылығында жеке тақырып дәрежесіне көтеріле сөз болады. Кедейліктің табиғатын жақсы таныған ақын бұдан құтылудың бірден-бір жолы ретінде еріншек болмай,еңбек етуді ұсынады
Кенже ұлы кедейлік ұйқы мырза,
Ерте жатып,кеш тұрса жаны ырза
Біразырақ бас қосып кеңесейін,
Сәлем айт,еріншекке,келсін мұнда,-
дейді.
49.Шал ақын мұрасындағы жастық, кәрілік тақырыбы
Адамның жасы,жастық шақ және кәрілік туралы өлең-жырлар қазақтың ауыз әдебиетінде ертеден бар.Бірақ дәл Шал ақындай бұл тақырыпты жеріне жеткізе жырлаған ақын аз. Сондықтан оны қазақ поэзиясында жас туралы шығармалардың негізін салушы деуге болады.
Бір жаста,екі жаста бекітеміннен үзінді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет