1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Шал ақын шығармаларындағы шеберлік,көркемдік үлгілер



бет36/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
52.Шал ақын шығармаларындағы шеберлік,көркемдік үлгілер
Сол кездегі ақындардың қоғам, адам, айналадағы табиғат көріністері сияқты нақты тақырыптарға көше бастауы әдеби тілдің лексикалық әлеуетін кеңейте түсті, айталық Шал ақын өлең тіліне тұрмыс-салт сөздері бұрынғыдай образ жасау қызметінен гөрі, номинатив мағыналарында қолданылуы активтенді, әдеби-көріктеуіш тәсілдеріне де жаңалықтар енді: жыраулар тіліндегідей психологиялық параллелизмдер кеми түсті, метафоралардың да және жалпы троптардың тілдік құралдары өзгере бастады.Мысалы, енді жыраулардағыдай арыстан, қыран сияқты символдық сөздер ғана емес, ашу, ақыл, нәпсі сияқты абстракт ұғымдар да метафораланып, олардың метафоралаушы сөздер ретінде нақты зат атаулары, тіпті, тұрмыстық қарапайым сөздер көріне бастады. Мысалы, Шал ақыннан: «Ашу-пышақ болғанда, ақыл-таяқ» немесе: «Иман-қой, ақыл-қойшы, нәпсі-бөрі» тәрізді жаңа образдарды табамыз. Осы жерде Шал ақынның жарияланып жүрген, мұрасы жайында бір-екі ауыз пікірімді айтайын.Алдымен, тек Шал ақын емес, өлең жырлары ауызша тарап жеткен ақын-жыраулардың қай-қайсысының да мұрасына ғылыми, сауатты текстологиялық ізденістер жүргізу керек, өйткені бұрыннан да айтып келе жатқанымыздай, олардың бірінің туындысы не түгелімен, не үзік-үзік болып өзгелеріне телініп жүргені мәлім. Мысалы, «XVIII-XIXғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» деген атпен 1962 жылы жарық көрген кітапта Шал ақындікі деп ұсынылған бірінші толғау («Он бес деген жасым-ай») дәл не осы, не оған жақын вариантта өзге бір жыраулардан кездеседі. Бұл стереотип толғаудан гөрі Шалға «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» деп басталатын, нақты тақырыпқа жырланған, көбінесе ұйқас суреті болып келетін он бір буынды өлеңдер тән екендігі даусыз болар еді. Өткендегі әдеби мұраларға текстологиялық жұмыс жүргізгенде, тек жеке шумақтардың кімдікі екендігін анықтау ғана емес, тіпті, дәл сол ақынның не жыраудың туындысы деп тапқандардың ішіндегі әрбір сөздің де өз заманына сай қайсысы дұрыс не бұрыстығына көңіл аудару қажет.
53. Көтеш Райымбекұлы өлеңдеріндегі әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелер.
Көтеш — өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін де толғана жырлады.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай ханға наразы ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың өзімшіл өр мінездерін бетіне басқан. Ел арасындағы: «Көтештің «Ер Олжабай», «Ботан» атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын онша мақтамапты ханды. Нәтижесінде ақын көп қуғын да көреді. Өле-өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді» деген аңыздар осыны аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет