1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Шал ақын өлеңдеріндегі қанатты сөздердің ғибраттық қырлары



бет35/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

50. Шал ақын өлеңдеріндегі қанатты сөздердің ғибраттық қырлары
Шындығында, Шал Құлекеұлы туындыларының тақырыптық, мазмұндық ауанын, өлеңдерінің көркемдік кестесін, тапқырлық дәрежесін, ойшылдық өрнегін, өнеге нақылын ден қойып оқыған адам оның қатардағы бір ақын ғана емес, ірі ақын екендігін мойындайтыны хақ. Ақындықтың бірінші белгісі қиыннан қиыстырып айтатын алғырлық, төкпелік, тапқырлық болса, осы қасиет Шал шығармаларынан толығымен табылады. «Алдаспан» жинағында және одан кейінгі бірең-сараң қайталама басылымдарда жарық көрген ақын өлеңдерінен бір қайнауы ішінде дейтіндей шығарма кездеспейді. Бәрінде де кемел шеберлік, өмір құбылысын көркемдікке бөлеп, бей-

нелеп бере білетіндік байқалады. Мәселен:


Жер түрлентіп жараттың
Желкілдеген бозымен.
Қой түрлентіп жараттың
Бауырынан емген қозымен.
Ағашты да түрленттің
Жапырағын жайқалтып.
Құстарды да түрленттің
Жұмыртқасын шайқалтып.
Тауларды да түрленттің
Жылғалап акқан бұлақпен.
Ешкілерді түрленттің
Бауырынан емген лақпен.
Көлдерді де түрленттің
Жағалай біткен құрақпен.
Бір жаратқан пендеңмін
Перзент үшін жылаттың.
Балалы арқар маңырайды,
Баласыз арқар зарлайды,
Балалыны көргенде
Екі көзім жайнайды... -
деген жолдар ақынның ағыл-тегіл дарқан дарының әрі ой мен сөздің бірлігін шашау шығармай бере алатындығын аңғартады. Шалдың бірыңғай насихат, кеңес, ғибрат секілденіп көрінетін өлеңдерінде де ойды тапқыр сонылыққа бөліп айтушылық басым.

Шәйі сиса, асыл қылыш ердің көркі,


Ер жігіт жауға аттанған елдің көркі.
Жарасар әрбір нәрсе өз сәнімен
Ақку құс айдын шалқар көлдің көркі.
Гүл-шешек орман өсіп желкілдеген
Биік тау, асқар төбе жердің көркі.
Ағайын бір уақыт жақсы болса,
Сонымен табылады елдің көркі.
Зор шайқы ғалым болса халық ішінде
Болады тағлым алсаң ділдің көркі.
Алланы уағыз тыңдап жадыңа алсаң,
Салауат қамза сана діннің көркі.
Өмір ағымын, оның әмбе жұртқа қанықты көріністерін поэзия шындығына көтеріп, өзіндік дара танымын көрсете алған ақындар шығармалары ғана көркемдік мүлкіне айналады. Шал ақынның өлеңдерінен сол замандағы қазақ болмысының суреттері көрінеді. Ең маныздысы сол – бұл шығармаларда қоғам мен адам өмірінің әлеуметтік талдауы беріліп отырады. Өмірдің өткіншілігін айтса да, байлық, кедейлік туралы толғаса да, әйел мінезін сипаттаса да тіршіліктің сұрауына жауап секілді естіледі. Ол өмір мұраты артында жақсы атақ қалдыру екенін:
Өткен менен кеткенді
Көп жасаған қарт білер.
Жолдың алыс, жуығын
Белі де жуан ат білер.
Бұл дүниеден өткен соң,
Шын дүниеге жеткен соң, Көтеріп көрге салған соң,
Мүңкір-мәңкір періште
Мен раббың деп тұрған соң,
Кімнің жақсы, жаманын
Бір жаратқан хақ білер, -

деп термелетсе, екінші бір өлеңінде бай мен кедейдің арасындағы алшақтықты дәл мінездейді.


Соқыр, қисық болса да,
Бай ұлында шіркеу жоқ.
Неше мырза болса да,
Жер солқылдап тұрса да,
Кедейден басқа шіркін жоқ…
Енді бірде кедейлікке еріншек, еңбекке үйренбеген, әрекетсіз, талапсыз адамдардың өздері кінәлі («Кенже ұлы кедейліктің ұйқы мырза, ерте жатып, кеш тұрса, жаны ырза») деп, әлеуметтік құбылыстың ішкі сырларына үңіледі. Тұрақты кәсіпсіз, баянды еңбексіз, тіршіліктің зейнеті де болмайтынын айтып кеткен сөздері дәл бүгінгідей естіледі.
Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,
Отқа жайып, суарып, бағып, қақсын.
Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,
Соқыр кісі мал жайын қайдан тапсын?
Байлар малын бақса екен өзі жүріп,
Кедей де өлмес еді күнін көріп.
Өз малын өзі бақпай бос қаңғырар,
Бір кедейді жалдайды пайда көріп.
Әйелдің қоғамдағы, от басындағы ерекше орнын жан-жақты ашып көрсетеді.
Алғаның жақсы болса қорғандай-ды,
Жаман болса, қайтесің сормаңдай-ды,
Атың жүйрік, алғаның жақсы болса,
Астыңда жылжып жүрген жорғаңдай-ды…
Тыңдасаң жақсы кеңес құлақ құрышы,
Тәтті ұйқы, қалың төсек, жанның тынышы,
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент адамның дәулет құсы…
Қарттың сөзі кітапқа жақын деген,
Жер ортада өлмесін атың деген.
Ер ортада өлмесін қатының деген.
Жігіттің алған жары жақсы болса,
Иманыңнан басқадан жақын деген…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет