1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Көтеш ақын ойларының бүгінгі күнмен байланысы



бет37/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
әдебиет толық

54. Көтеш ақын ойларының бүгінгі күнмен байланысы (өмірмен мысал өз ойларыңмен Көтеш ақын туралы)
18 ғасырдың соңында,ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын (Тiлеуке Құлекеұлы) өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирик. “мен” көрiнiс тапты.
55. Көтеш ақынның кәрілік, келін-бала турасындағы көзқарастарының реалистік мәні
Қартая келе ол келін-балаларына риза болмай, оларға наразылығын білдіріп өлеңдер шығарып жүріпті. Балаларын жақтап, өзін күтпеген кемпіріне айтқан өлеңдерінде де ол өзінің ақындық қабілетін танытады.
Көтеш ақын кәріліктің бір көрінісін әзілмен ұштастыра, осы үлгіде бейнелесе, келесі бір өлеңінде дәл осы тақырыпты басқаша мазмұнда ашады. Бұл өлеңде де Көтештің ақындық жаратылысына етене әзіл, әжуа көрініс бергенімен, олар алғашқы өлеңдегіден гөрі салмақтана түседі. Ақынның бұл өлеңдегі әзіл-әжуасында тілек-ниеттен гөрі, кешегі алтын басының қадірі қашқанына күйіну сезімі, реніш басым. Әзілмен бүркемеленген күйініш суреті былай берілген:
Қартайғанда қатының қазба дейді,
Келін менен балаға жазба дейді.
Ат болса, айғыр болса, солар мініп,
Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді.
«Бала, бала!» деуменен мазалымыз,
Баладан болар білем ажалымыз.
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,
Келін деген даяр түр тажалымыз!

Әрине, ақын өлеңінде айтылған жайдың бәрін ақынның өз өмірінің шынайы бейнесі ретінде қабылдау орайсыз болмақ. Дегенмен, Көтеш ақын өмірден көріп-байқағандары негізінде кейінгі ұл мен қызға, келінге ибалылық жолын тағылым етуді көздегені анық.


Көтештің бізге дейін жеткен шығармалары арасынан:
Алдымнан алты пұшық анталады,
Тілге келмей біреуі балталады.
Осы аурудан, сірә, жан қалмас білем,
Балтасы тиген жері қанталады, – деп басталатын өлеңін ақынның өз өміріне тікелей қатысы бар жәйттер бейнеленген шығарма ретінде тануға болатындай.
Өйткені ақын өліміне байланысты ел аузында айтылатын әңгімелердің бірінде оның кісі қолынан қаза тапқаны айтылады. Егер жоғарыдағы шумаққа сүйенсек, ақын өліміне жол торыған алты адамның себепкер болғанын көреміз. Ал ақынға балта жұмсаған әлгі алтаудың өшігуінің мәнісі – Көтеш ақынның өткір тілі, шындықты жасырмай жырлауы болғаны хақ. Өйткені ғұмыр бойы тұрмысы оңалмаған Көтешке кектенудің басқадай орайы жоқ.
Қалай болғанда да, тірлігінде дәулет жиып, бағы аспаса да, шыншыл өлеңдерімен көпшіліктің көңіл күйін тап басып жырлап өткен Көтеш ақынның ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясын қалыптастыруда маңызды роль атқарғаны шүбәсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет