1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Жыраулар поэзиясындағы айшықтау үлгілері



бет40/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
әдебиет толық

60.Жыраулар поэзиясындағы айшықтау үлгілері.
Айшықтау дегеніміз - сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту. Сөз айшықтары - сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал - тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ - жауап, дауыс ырғағы т.б жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
Айшықтаудың бір түрі - риторикалық айшықтар. Мұнда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, өзінен-өзі анықталады. Мысалы, Ақтамберді жыраудың «Күлдір де күлдір кісінетіп» толғауы:
Күлдір де күлдер кісінетіп
Күреңді мінер ме екеміз
Күдеріден бау тағып
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Жағасы алтын, жеңі жез
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз!
Ор қояндай жүгінтіп
Аш күзендей бүгілтіп
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз!
Параллелизм (гр. parallelismos > parallelos — қатар жүруші, симметрия)[1] — бір-біріне ұқсас құрылымды сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, формалас сөйлем мүшелерінін қабаттаса қатар қолданылуы. Мысалы: Асан қайғының «Қырында киік жайлаған» толғауында:
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген,
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың.
Кеңестің түбі нараду.
Шендестіру- қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі. Мысалы: Шал ақын:
Жақсы қатын алсаңыз,
Жұмақтан шыққан қормен тең.
Жаман қатын алсаңыз,
Маңдайға біткен сормен тең.
61.Жыраулар толғауындағы өлең өрнегі.
Жырда көпшілік жағдайда ол екі буыннан төрт буынға дейін мүлде еркін араласып келіп отыратын үш бунақтан құралады. Ұйқас соңына келуі қажет, бірақ қалай ұйқастыру ақынның еркінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет