1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет21/23
Дата14.08.2023
өлшемі254,22 Kb.
#179822
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Тесты-на-ПГА-ИиР-ВОП1-2012-год-каз
рус, гастроэнтерология
Инфекциялық аурулары

456.Әйел адам 40 жаста, ауруының 13-күні, шағымдары: лоқсу, құсу, ұйқышылдық, қызыл иектің қанауы, зәрдің қоюлануы мен нәжістің түссізденуі. Ауруы біртіндеп басталды: әлсіздіктен, тәбетінің жоғалуы, буынының ауру сезімі, дене қызуының 37,3°С көтерілуінен. Объективті: терісі сарғыш, бауыр мен көкбауыры ұлғайған.


Госпитализация алдындағы этапта лабораторлық диагностиканың неғұрлым информативті әдісін атаңыз?
1. Гемокультураға қан анализі
2. Иммунограммаға қан анализі
3. ВГ маркерларына қан анализі
4. Биохимиялық қан анализі
5. ПЦР-ге қан анализі

457. Әйел адам 30 жаста, жедел ауырды: үдемелі жалпы әлсіздік, ауыз құрғауы, шөлдеу, құсу, көп реттік сулы, сұйық нәжіс. Обеъективті: терісі цианозды, шырышты қабаттары құрғақ, афония, зәрінің болмауы. Дене қызуы 37,3 оC. Аш ішек бойымен шұрылдау байқалады.


Осы патологияның мүмкін болатын қоздырғышы қандай?
1. Clostridium botulinum
2. Vibrio cholerae
3. Salmonella enteritidis

4. Escherichia colli


5. Shigella flexneri

458. Әйел адам, 25 жаста, ауылда тұрады. 2 апта бұрын ауырды. Шағымдары: қалтырау, дене қызуының кешке 380С көтерілуі, тершеңдік, бір уақытта буын ауруы байқалды. Дәрігерге қаралған жоқ. Объективті: дене қызуы - 37,80С, бауыр мен көкбаурдың ұлғаюы. Буындары өзгеріссіз.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Ку-қызбасы
2. Листериоз
3. Бруцеллез
4. Токсоплазмоз
5. Иерсиниоз

459. Науқас әйел 29 жаста, Пакистаннан қыркүйек айында келген,онда бір апта болған, келгеннен кейін жедел ауырған, көп рет құсу және сұйық, сулы іш өту болған. Температурасы 36 С. Қарап-тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, терісі боз, акроцианоз. Терісі құрғақ, бет- әлпеті үшкірленген, жүрек тондары тұйықталған, АҚ 90/60 с.б.б. Іші кіріңкі, зәрі аз.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Сальмонеллез
2. Иерсиниоз
3. Тырысқақ
4. Листериоз
5. Амебиаз

460. Әйел адам 27 жаста, ауыратынның алдында тойда болған. Келесі күні айқын бұлшық ет әлсіздігі пайда болған, нәжісі энтеритті, аузының құрғауы,мидриаз, ентігу.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1.Тағамдық токсикоинфекция
2. Сальмонеллез
3. Ботулизм
4. Дизентерия
5. Иерсиниоз

461. Әйел адам 28 жаста, ауруының 18 күні түскен. Жедел ауырған, жоғары температура 39-40С, бас ауру, құрғақ жөтел. Терапевт дәрігерде пневмония диагнозымен емделген, әсері болмаған. Бас ауруы сақталған және өршіген, әлсіздік, жоғары температура. Түскен кезде: дене температурасы 39С, жағдайы ауыр,сылбыр, ұйқышыл. Ішінің терісінде бірен-саран розеолалар.АҚ 90/50 с.б.б. Іші кебіңкі, гепатоспленомегалия, нәжісі ботқа тәрізді, қара түсті.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Вирусты гепатит
2. Іш сүзегі
3. Менингококкты инфекция
4. Геморрагиялық қызба
5. Иерсинеоз

462. Ер адам 39 жаста, ауырғанына 1 жыл болған. Дене қызуының толқын тәрізді жоғарлауына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, дене салмағын жоғалтуына шағымданады. Қарап-тексергенде: науқас астеник, тері жамылғысы боз, бауыр 5см қабырғадан төмен, көкбауыры кіндік аймағында. Екі мүшесі де тығыз консистенциялы, ауру сезімсіз. 6 ай бойы Индияда жұмыс істеген.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Іш сүзегі
2. Безгек
3. Лейшманиоз
4. Бруцеллез
5. Сепсис

463. 43 жастағы әйел әлсіз, тәбеті төмендеген, сылбыр, оң жақ қабырға доғасының астындағы ауырлық сезімі мазалайды. 5 күн бұрын тұмауратып, дене қызуы 38С дейін жоғарлаған. Эпиданамнез: жиі іс-сапарларға шығады, ортақ дәмханаларда тамақтанады. Науқастармен байланыста болмаған. Объективті: тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаты сарғыш, тілі қалың жабындымен жабылған, гепатомегалия, зәрі қара, нәжісі ахолиялы. Жедел вирусты гепатит диагнозы қойылған.


Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлық тест жүргізу керек?
1. Жалпы қан анализін зерттеу
2. Трансаминаза деңгейін анықтау
3. Ақуыз және ақуыз фракцияларын зерттеу
4. Иммуноглобулин деңгейін зерттеу
5. Протромбинді индексті анықтау

464. Цитолиз белгілеріне жатады:


1. Тимол сынамасының жоғарылауы және сулема сынамасының төмендеуі
2. Билирубин және оның фракцияларының жоғарылауы
3. Билирубин және γ – глобулиннің жоғарылауы
4. Протромбинді индекстің төмендеуі және АЛаТ жоғарылауы
5. β-липопротеидтердің және холестериннің жоғарылауы

465. Холестаздың белгілеріне жатады:


1. АЛТ жоғарылауы және қандағы холестериннің төмендеуі
2. Қандағы холестерин және β-липопротеидтердің жоғарылауы
3. Тимол сынамасының жоғарылауы және сулема сынамасының төмендеуі
4. Протромбинді индекстің төмендеуі
5. Билирубин және АЛаТың жоғарылауы

466. Лептоспироз диагнозымен науқаста геморрагиялық синдром дамыды және бүйрек қызметі нашарлады. Инфекционды үрдістің патогенез фазасын анықтаңыз:


1. Лептоспиралардың көбеюі
2. Токсикалық фаза
3. Екіншілік бактериемия
4. Стерильді емес иммунитет
5. Стерильді иммунитет

467. Науқас әйел 40 жаста, бөлімшеге ауруының 13ші күні жүрек айнуға, құсуға күндіз ұйқышылдыққа, түнде ұйқысыздыққа, иегінің қанауына, зәрінің қараюына, нәжісінің ахолиялы болуына шағынданып түсті. Әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, буындарындағы ауру сезімі, дене қызуы 37,3С жоғарылауы баяу дамыған.12ші күні зәрі қарайған, нәжісі түссізденген. Қарау барысында сарғыштық және гепатоспленомегалия байқалды.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Лептоспирозды антигенмен ТГАР
2. Райт-Хедельсон реакциясы
3. Қанды гемокультураға себу
4. Трансаминазалардың деңгейін
5. Иерсиниозға нәжісті себу

468. Сиырдың етін бөлгенде науқас қолын жаралап алды. 3 күннен кейін қолы ісіп кетті. Жараланған жерінде ауру сезімсіз некротикалық-геморрагиялық қара түсті тығыз струп пайда болды. Струп маңайында көп деген серозды везикулалар пайда болған. Жалпы интоксикация және қызба айқын.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Лейшманиоз
2. Сап
3. Сібір жарасы
4. Пастереллез
5. Пиодермия

469. Шабан ауруының 3-ші күні ауруханаға түсті. Температура 39С. Науқастың есі анық, сылбыр, тежелген. Ерні құрғақ, тілі ісінген, құрғақ, қалың ақ жабындымен жабылған. Сөзі түсініксіз. Оң жақ шап аймағында ауру сезімді тығыз лимфа түйіндерінің ісіну байқалады, ол маңайындағы тіндермен жабысқан, ісіну гиперемия.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Туляремия
2. Сібір жарасы
3. Лейшманиоз
4. Оба
5. Листериоз

470. Іш сүзегі кезінде бөртпе қай күні пайда болады?


1. 1-3 күні
2. 4-7 күні
3. 8-10 күні
4. 11-15күні
5. 16-19 күні




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет