1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
15. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және 
әлеуметтік-саяси тарихындағы рөлін ашып көрсетіңіз 
Ұлы Жібек жолы - елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі 
мәдеинеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала 


мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Ұлы Жібек 
жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып 
өткен. Жетісу өңірі - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал 
Оңтүстік Қазақстан аймағы - Батысқа шығатын қақпалардың бірі болған. 
Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді 
өзара байланыстырушы буынға айналды. Бүкіл Еуразияға осы бағытпен 
білім мен технологиялар, мәдениет пен дін, тауар мен көрсетілетін 
қызметтер туралы ақпарат тарады. Жібек сауданың басты тауары болып 
саналды. Әл-Идриси мәліметтері бойынша, дәулетті қимақтар түрлі түсті 
жібек киімдер киген. XVIII ғасырдағы ғалым, этнограф И.Георги 
далалықтардың жібек матадан тігілген киімдер кигені туралы жазады. Ұлы 
Жібек жолы бойындағы керуендерге қарақшылар үнемі қауіп төндіріп 
тұрды. Ұлы даланың қыр-сырын білетін көшпелілердің ең мықты 
күзетшілер болғаны анық. Ежелгі кезден бастап орта ғасырларда да 
керуендерді тонау ең ауыр қылмыстардың қатарына жатты. Сауда 
керуенндері мемлекет тарапынан жасақталып жіберіліп отырды. Ал 
олардың тоналуы елдер арасындағы қақтығыстарға әкелуі мүмкін еді. Сол 
себепті жолды қорғау мақсатында ел билеушілері қарауылдарын қойып
қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрды. Керуендер мемлекеттік қазынаға мол 
табыс әкеліп отырған. Жібек жолы тармақтарының Қазақстан қалалары 
арқылы өтуі мәдениет пен өнердің дамуына әсерін тигізді. Қытай, 
Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы т.б. елдермен дипломатиялық және 
экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол болды. Жібек жолының 
Қазақстанға маңызы жаңа технологиялар мен жаңалықтар, мәдени, 
ғылыми жетістіктер алмасу жолы еді. Қазақстан осы жол арқылы қағаз 
және оқ-дәрімен танысты. Батыс пен Шығысты түйістіріп тұрған сауда 
жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады. 
Қазақстан Аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы әртүрлі діндер 
мен конфессияларға төзімді және келісімді өмір сүріп келгені - ежелден 
келе жатқан дәстүр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет