1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Көне Түріктердің діни-наным сенімін талдаңыз



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
24 Көне Түріктердің діни-наным сенімін талдаңыз.
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі Казақстан мен Орта Азияның және 
Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір өзгеріске 
ұшыратты. V ғасырда түріктілді тайпалардың көп топтары Солтүстік 
Моңғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға 
қоныстанады, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Әмударияның жоғарғы 
ағысына дейін жетті. Орталық Азиядағы ортағасырлық кезен 552 жылы 
Ашина әулетінен шыққан Бумынның осы өңірдегі алғашқы феодалдық 
мемлекет – Түрік қағанатын құруымен басталады. Түрік қағанаты түркі 
халықтарының құрған алғашқы мемлекеті болып саналады. Олар мемлекет 
құрғаннан кейін басқа жерлерді жаулау саясатын ұстанды. Орта Азияны 
жаулап алғаннан кейін түріктер Батыс пен Шығысты жалғастырып тұрған 
Жібек жолы бойындағы саудаға толық қожалық етті. Мемлекет күшейген 
кезде батыстағы аумағы Шығыс Еуропаның бір бөлігіне дейін жетті. Жарты 
ғасырға шамалас уақыт өткеннен кейін біртұтас Түрік қағанаты ыдырап, 
Батыс пен Шығыс қағандықтарға бөлініп кетті. Батыс Түрік қағанаты 
қазіргі Қазақстан аумағын, ал Шығыс Түрік қағанаты Моңғолия жерін 
қамтып жатты. Орта Азиядағы алғашқы түркі қағанаттары кейінгі 
ғасырлардағы мемлекеттердің құрылуына алғышарт болды. V-XIII 
ғасырлар аралығында Ұлы Далада Түрік қағанаттары, Түргеш, Қарлұқ, 
Қарахан, Оғыз, Қимақ-қыпшақ мемлекеттері бір-бірінің ізін жалғап өмір 
сүрді. Ерте және дамыған ортағасырларда Орта Азияда ірі-ірі тарихи, саяси, 
этникалық, діни процестер болды. Осындай себептерге байланысты аталған 
тақырып өте күрделі болып табылады. Ортағасырлық көшпелілер өзіне 
дейінгі сақ-ғұн, үйсін-қаңлы мәдениеттері негізінде өзіндік ерекше 
өркениетін қалыптастырды десек те болады. Кез келген халықтың не 
мемлекеттің мәдениеті жайлы айтқан кезде, оны рухани және материалдық 
деп екі бөліп қарастырған жөн. Материалдық мәдениетке белгілі халықтың 
өзіне ғана тән ұлттық киімдерін, архитектуралық ескерткіштерін, қалалық 
мәдениетін жатқыза аламыз. Ал рухани мәдениетке дін, өнер, наным-сенім, 
әдет-ғұрып, тіл мен жазу сынды дүниелерді жатқызамыз. Көшпелілер 
мәдениеті жайлы сөз қозғамастан бұрын, олардың ортағасырлық кезенде 
тек көшіп-қонып жүрмегенін айту керек. Біз көшпелілер мәдениеті мен қала 
мәдениетін бір-бірімен байланысы жоқ деп ойлауымыз мүмкін, бірақ 


ортағасырлық көшпелілерде де қалалар болған. Олар Жетісу мен Оңтүстік 
Қазақстандағы отырықшы халықпен етене байланыс жасаған. Сол 
себептен көшпелілер жайлы сөз қозғағанда қалалық мәдениет жайлы 
айтып өткеннің еш әбестігі жоқдеп есептеймін. Не дегенмен сол замандағы 
отырықшы мен көшпелілер бір этникалық топқа жатты.
Түркілердің обасы, тас мүсіндері, тас қаландылары жанында сақталған 
ғибадатхананы зерттеудің маңызы зор. Бұлар табыну мен культтық 
ғұрыптарды өткізетін орындар болған. Әсіресе адам өте бермейтін биік 
тауларда орналасқан, жүздеген жылдар бойы ешкім тиісе қоймаған баяғы 
қалпында тұрған ғибадатханаларды зерттеу өте керемет нәтиже берері 
сөзсіз.
“Қыпшақ ғибадатханалары” деп аталынған ХІ-ХІІІ ғасырлармен 
мерзімделінетін ескерткіштерден Азия бөлігіндегі қыпшақтар мен
Еуразияның еуропалық бөлігіндегі половецтер арасындағы мәдени-тарихи
байланыстарды байқауға мүмкіндік мол. Мұндай ғибадатханалардың бірі
биік таулы ауданда, альпілік шалғын аймағындағы үстірттердегі – Мерке 
ғибадатханасы болып табылады. Ескерткіштердің мейлінше шоғырланған 
жері Сандық үстірті. Бұл жердегі тас мүсіндердің үлкен шоғыры туралы 
ХІХ ғасыр соңында белгілі болған. Ғылыми айналымға XX ғасыр 
ортасында жергілікті өлкетанушы А.Н.Печерскийдің көрсетуімен 
Э.А.Новгородова енгізген. Мерке кешенін зерттеумен ұзақ жылдардан бері 
А.М.Досымбаева айналысып келеді. ХХІ ғасырдың бас кезінде Жетісу 
далалы аймағындағы VІ-Х ғасырларға жататын түркілердің ескерткіші 
Жайсаң ашылды. Мерке өзенінің жоғарғы ағысында жүргізілген 
археологиялық зерттеулер нәтижесінде тас мүсіңдері бар ғұрыптық 
ескерткіштер, петроглифтер шоғырының картасы жасалды. Зерттеу 
барысында 64 тас мүсін анықталды, оның 31-і әйел адамның мүсіні. 
Ғұрыптық ескерткіштердің статисткалық талдауы негізінде ғибадатхана 
құрамына 38 мүсінді кешен кіретіндігін анықтап берді. Ал ғұрыптық 
конструкцияның негізгі бөлігі диаметрі 5-16 метрге дейін, биіктігі 0,5-1,3 
метрге дейін жететін тас үйіндіден тұрады. Кейбір обалардың шығыс 
жағынан тастан қаланған қосымша құрылыстары да кездеседі. 
Еуразия аумағында ежелгі түріктердің таным-түсінігінен молынан хабардар 
ететін петроглифтер шоғыры көптеп кездеседі. Қазақстанда бұл кезең 
туындыларын зерттеуге А.Г.Медоев, З.С.Самашев, М.К.Қадырбаев, 
А.Н.Марьяшев сынды мамандар зор үлес қосты. Ежелгі және дамыған орта 
ғасырлар тұсындағы кеңінен таралған сюжеттердің бірі ту ұстаған салт атты 
сарбаз, найза ұстаған жауынгерлердің жекпе-жегі, жаяу әскер мен атты 
әскер арасындағы шайқас болып табылады. Бұл образ Қиыр Шығыстан 


Дунай далаларына дейінгі аймақтардан кездесіп отырады. Далалы 
аймақтарда орналасқан жартас суреттеріндегі ежелгі түріктердің 
шығармашылық туындыларын бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін негізгі 
элемент тулар болып табылады. Көне түрік жазба дереккөздерінде 
тікбұрышты матадан жасалып, сырыққа тағылған туғ бірнеше рет 
айтылады. Туғ, ту, байрақ атаулары қазіргі таңда барлық түрік тілді 
халықтардың лексикасында сақталынып қалған. Ту сырық басына тағылған 
тікбұрыш түрінде бейнеленген, кейде екі-үш, тіпті одан да көп айырмен 
бітеді. Мұндай тулар Жетісудағы ортағасырлық петроглифтерден 
кездескен. Жалаулар көлемі бойынша тудан кішірек, тұрпаты бойынша 
тікбұрышты, шашақ тағылған. Ту мен жалаудан басқа найзаның ұш жағына 
қарай тағылған мойшақ (қылқұйрық), яғни жылқы құйрығы да кездеседі. 
Мойшақ тек қана найза ағашына тағылған. Мойшақтардың қатарына тек ат 
құйрығын ғана емес, сондай-ақ найзаға бекітілген аяқ жағы үш бұрышты 
болып кесілген ұзынша жалаушаларды да жатқызуға болады. Түйе мініп, 
қолына найза ұстаған сарбаз бейнесі Шығыс Қазақстан, ал жаяу әскер мен 
салт атты шайқасы оңтүстік-батыс Балқаш маңындағы петроглифтер 
шоғырынан ұшырасқан. Петроглифтерден шабуыл жасайтын да, 
қорғанатын да әскери қару-жарақтар кездесіп отырады. Оңтүстік-батыс 
Балқаш маңы мен Жоңғар Алатауынан найзаны қоян-қолтық ұрыста 
қолданып жатқан екі көрініс анықталған. Екі айқаста да салтаттылар жаяу 
әскермен шайқасуда. З.С.Самашевтің пікірінше, қазақтардың монументтік 
өнеріндегі жауынгердің бейнесін Еуразия далалы аймақтарындағы сан 
ғасырлар бойғы мәдени-генетикалық үрдістердің нәтижесі ретінде 
қарастырған жөн. Әсіресе, б.з.б. ІІ мыңжылдық екінші жартысы мен аяқ 
кезінде тарих сахнасының төріне әскери каста өкілдері шыққан кезеңмен 
тығыз байланыстыруға болады. Мұның жарқын көрінісін құрамына обалар 
мен қару-жарақ асынған жауынгер мүсіндері, таңба секілді белгілері бар 
кешендер кіретін Үстірттегі сармат ғибадатханалары, ортағасырлық 
антропоморфты мүсіндер, Еуразия далаларындағы қарулы салт аттыларды 
сипаттаған гравюралар мен жазулар нақты көрсетіп береді. Ортағасырлық 
Қазақстан петроглифтерінен қылыштың нақты әрі дәлме-дәл суреті атқа 
мінген сарбаздың қолынан анықталған. Ортағасырлық садақтың суретін 
сақ-скиф дәуіріндегі садақтардан айыру өте қиын. Никитинка ауылы 
маңындағы тастарға қашап салынған жаяу және атты садақшыларды 
түріктік деп айта аламыз. Тастың сол жақ бөлігінде түйе мен ат мінген 
сарбаздар, теке суреті мен дәл сондай жаяу садақшы бедерленген. Тастың 
жоғарғы жағында жаяу садақшыларға қарағанда садақтары өзгешелеу екі 
салт атты бейнеленген, алайда сипаты бойынша олар Жетісудағы 
Тамғалыдан табылған ту ұстаған салт атты сарбаздардың садағына ұқсас. 
Дулығалардың суреті Таңбалы, Ой-Жайлау, Теректі мен Сарыбұлақта 


кездеседі. Жетісу мен Талас Алатауындағы салт аттылардың дулығалары 
сфера-конус тәрізді, кей жағдайларда оған үкі тағылған. Оңтүстік-батыс 
Балқаш маңындағы Теректі аңғарынан табылған жаяу әскерлердің 
дулығаларындағы айрық ұштықтарды да тағылған үкі деуге келеді. Теректі 
аңғары мен Тамғалы қойнауындағы кейбір атты әскерлердің дулығаларына 
мүйіз салынған. 
Тасқа қашалған суреттер арқылы ежелгі адамдардың киімдері жайлы да 
мәлімет алуға болады. Жоғарыда айтылған Теректіден анықталған жекпе-
жек көрінісінде жаяу жүрген сарбаздардың ұзын шапан тәрізді киім 
кигендігі көрсетілген. Кейбір жағдайларда атты жауынгер егерінің 
астындағы тікбұрышты, сопақша тершігі, тоқымы да бейнеленеді. 
Көшпелілерде кеуде мен құйрыққа тағылған белбеулерге ерекше мән 
берілді, бұл заттар таулы аймақтарда жүруге қолайлы еді. Олар өрнектелген 
қапсырмалармен сәнделді. Жүген-ноқталардың жекелеген бөліктері 
Жетісу, Ертістің жоғарғы ағысындағы ортағасырлық петроглифтерде 
бейнеленген. Аттарды сәндеген кезде құйрық-жалын қырыққан. Мұндай 
суреттер Таңбалыдан, Балқаш маңынан және Ертістің жоғарғы ағысынан 
кездеседі. 
Қазақтардың ұлттық өнеріндегі жетекші образ ежелгі түріктердегідей 
жылқы бейнесі болды. Гравюраларда батырлардың аттарына ерекше көңіл 
бөлінді: ол сымбатты тұлғалы, қамыс құлақ, аққу мойын, кішкентай басты, 
жалы төгілген немесе қысқа түрде бейнеленді. Кейбір суреттерде құйрық-
жалы күзелген күйде кездеседі. Жылқы - ежелден бері көшпелілердің жан 
серігі, қос қанаты. Сақтардың және олардан кейінгі түркілердің қабірінен 
жылқы сүйектерінің табылуы олардың сол кезендегі қоғам үшін 
қаншалықты манызды екенін көрсетеді. Сақтар мен түркілердің ізін 
жалғаушы – қазақтарда да жылқыға қатысты әдет-ғұрыптар жетерлік. 
Мысылы, ер адам қайтыс болса, оның атын күзеп қоя берген және кейіннен 
сол атты жылдық асына соятын болған. 
Ұлы Қытай қорғанынан Қара теңіз далаларына дейін, Моңғолия, Оңтүстік 
Сібір, Шығыс Түркістан, Қырғызстан, Қазақстан тауларынан түрік 
халықтарының тастан жасалынған антропоморфты мүсіндерін кездестіруге 
болады. Оларды ежелгі әдебиеттерде кемпіртас, балбық, балбал деп те 
атайды. Ежелгі түрік этносының қалыптасуы Саян-Алтайда, Шығыс 
Түркістанда, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда, Сарыарқа жерінде 
басталған. Ежелгі түріктер тас мүсіндер тұрғызылған ескерткіштерге адам 
жерлеген жоқ, оны мінәжат орны ретінде пайдаланды. Тас мүсіндердің не 
себепті салынғандығы жөніде нақты пікір жоқ. Кейбір зерттеушілер мүсін 
түрік өлтірген адамдар бейнесі деген тұжырымдар айтқан. Қазіргі таңда 


мамандардың көпшілігі тас мүсіндер ата-баба рухына арнап тұрғызылған 
ескерткіш деп есептейді. Түріктердің антропоморфты мүсіндері VІ-ІХ 
ғасырларда Таулы Алтай, Тува, Тарбағатай, Жетісу, Ертіс өзенінің жоғарғы 
ағысы, Селенга өзенінің жоғарғы ағысы мен Орхон өңірлері аумағынан 
көптеп кездеседі. Ескерткіштердің көпшілігі осы жерлерден анықталған. 
Аталған аумақпен шекаралас аймақтардан да түрік тас мүсіндері кездеседі. 
Бірінші Түрік қағанатының тарауы оның түрлі бөліктерінде тас мүсінді 
жасау өнерінің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырды. Шығыста бұл 
өнердің ірі орталығының бірі Орхон өзенінің бойында болды. Мұндағы 
қаған ордасы Тан елімен тығыз қарым-қатынастар орнатқандықтан, Қытай 
мемлекеті ежелгі түрік өнеріндегі иконографияға әсерін тигізгені сөзсіз. 
Мұны Күлтегін мүсінінен бірден байқауға болады, онда ежелгі түркілерге 
тән емес билеушінің буддалық келбеті аңғарылады. Жетісуда қолына 
тостаған немесе кубок емес, құс ұстаған мүсіндер, әйел адам мүсіндері 
кездеседі. Тостағанды ұстап тұрған қол саусақтарының мәнері, қастың 
қиылып салынуы соғды өнерінің ықпалымен болған стильдік белгілер деуге 
болады. Барлық мүсіндерді жасалуы, тұрпаты мен көлемі бойынша екі 
топқа бөлуге болады: 1)адамның беті немесе басы бейнеленген тастар 
2)адам денесі берілген мүсіндер. Аталған мүсіндер көшпелілердің өзіндік 
ерекше мәдениетін білдіреді десек те артық емес.
Отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы 
дәуірлерден 
алынғаны 
көп. 
Шамандар 
сәуегейлер, 
емшілер, 
жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және 
Жер-Суға сыйыну болды. Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі 
Көк болды. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда 
желеп-жебеуге шақырады. Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел 
тәңірісі Ұмай – отбасы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну 
Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында ХІХ ғасырдың аяғына дейін 
сақталып қалды. Бұл жайлы Шоқан Уәлиханов та өз жазбаларында сөз 
етеді. Сонымен бірге, Ұмай түріктер сыйынған құдіретті үш күштің бірі 
болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны Тоникөктің 
құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда: “Көк, Ұмай, 
қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”. 
Ертедегі орта ғасырлардағы барлық түркі тілдес тайпалардың наным-
сенімінде қасиетті тауларға табынушылықтың маңызды мәні болды. Осы 
сипатталған наным-сенімдер ежелгі түрік тайпаларына, оның ішінде 
оғыздарға, қарлұқтарға, кимектерге, қыпшақтарға ортақ болған. Араб 
географы әл-Макдиси Орта Азиядағы түріктердің діні туралы былай деп 
жазады: “Түріктер бір тәңірі, Яғни 'Тәңір – біреу’ дейді. Олардың 


кейбіреулері тәңір дегеніміз зеңгір көктің атауы деп пайымдаса, енді 
біреулері тәңір деген көктің нақ өзі дейді”.
Ертедегі түріктер арасында әртүрлі әдет-ғұрыптар мен діни сенімдер 
тараған. Кең тарағандары: отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге 
табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағанына елші ретінде 
Земархтың жіберілгені мен оны түркілердің отпен қалай аластағаны 
жайында жазған. Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа 
табынғанын археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы 
қамалын қазған кезде сарай кешенінің ең басты залында отқа байланысты 
діни ғұрып өткізілгенін айғақтайтын материалдар табылған. Отырар 
алқабындағы 
Көк-Мардан 
қаласынын
орнынан VI-VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, 
қошқар мүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып 
алынған.
Өлген түріктер ертедегі шаман ғұрпымен жерленген. Деректемелерде 
жерлеу ғұрпының сипаттамалары сақталған, өлген адамды биіктеу жерге 
тігілген киіз үйге қойған. Туыстары құрбандыққа әкелген қойлары мен 
жылқыларын табалдырықтан асырып қойған да, сонан соң киіз үйді жеті 
рет айналып өткен. Үйді айналып, есік алдынан өткен сайын беттерін 
тілгілеп, жылайтын болған; сонан соң белгіленген күні өлген адамның атын, 
киімдері мен заттарын алып, оларды өлген адамның денесімен бірге 
өртеген. Сонда барып қабiр қазып, күлді көмген. Жерлеуден кейін олар тас 
қалап, оның үстіне құлпытас орнатқан. Тастардың саны жерленген адамның 
тірі кезінде өлтірген адамдары санына байланысты болған. Алайда, бертін 
келе өлікті жерлеу ғұрпы өзгереді, өлген адамды шұңқыр қазып, жерге 
көметін болған, сөйтіп топырақтан немесе тастан оба үйген. Қала мен 
далада ертедегі пұтқа табынатын наным-сенімдермен қатар дүниежүзілік 
діндер таралды. Бұл үрдісте Ұлы Жібек жолы маңызды рөл атқарды. 
Тынымсыз халықаралық қатынас Орта Азиядағы халыөтардың рухани 
мәдениетіне де әсер етпей қоймады. Орта Азияда исламнан басқа будда, 
несториандықдіндер кең тарады
Қорыта айтқанда, жер бетіндегі кез келген халықтың басты байлығы – 
мәдениеті дегім келеді. Себебі мәдениет әртүрлі тарихтың кезеніндегі 
халықтарды байланыстырады. Мысалы, бағзы түркілерді көрмесек те 
олардың мәдениетін жалғастырушысы болып табыламыз. Оған бір мысал, 
отпен аластау ғұрпы. Аталған ғұрып сақ-скиф заманында да болғанын айта 
кеткен жөн. Яғни, мәдениет арқылы бұрынғы бабаларымызбен сабақтастық 
бар екеніне көзіміз жетеді. Әрине, ортағасырлар деген өте ауқымды кезен. 
Бұл кезенде тек Орта Азияда емес бүкіл дүниежүзінде бұрын сонды 


болмаған тарихи процесстер болып өтті. Орта Азиядағы халықтар бір-
бірінен кейін мемлекет құрып, аумақтың этникалық құрамы өзгере берді. 
Осы себептерден ортағасырлық көшпелілердің мәдениетін зерттеу өте-мөте 
күрделі болып табылады. Жоғарыдағы материалдық және рухани 
мәдениетке келтірген мысалдарым нағыз мәдениеттің аз ғана бөлігі, 
айсбергтің төбесі десем болады. Бірақ сол мысалдар арқылы көшпелілер 
мәдениеті жайлы жалпы түсінік қалыптастыруға болады деп ойлаймын. 
Бағзы көшпелілер жайлыащылмаған сырлар көп. Өткен ғасырлардағы 
шетел ғалымдары көшпелілердің жабайы, мәдениетсіз, екінші сортты 
екенін алға тартып келді. Бірақ соңғы зерттеу нәтижелері “білгір” 
ғалымдардың сөзінің бұрыс екенін дәлелдеді. Аталған тақырып әлі талай 
жыл көптеген зерттеушілердің негізгі зерттеу тақырыбы болары сөзсіз. 
Тынымсыз зерттеудің нәтижесінде ғана нақты қорытындыға келуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет