1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Түркі тайпаларының орналасуы, шаруашылығы мен



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
25. Түркі тайпаларының орналасуы, шаруашылығы мен 
этникалық құрылымын сипаттаңыз
Түркі тайпалары Қазақстан жерін ерте ортағасырларда мекендей бастаған.
Т
үрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылы аталады. 
Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы 
кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы 
ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі 
деген атау саяси мәнге ие болды. Түркі деп түркілердің қол астында болған 
өзге тайпалар да атала бастады. VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген 
атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген 
жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, 
қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады.
Түркі тайпаларының орналасу ареалы өте үлкен. Тақырыпты ашу үшін 
Түрік, Батыс және Шығыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарындағы түркі 
тайпаларының географиялық орналасуын, шаруашылығын, этникалық 
құрылымын сипаттап өтейік. Түрік қағанаты 552-603 жылдар аралығында 
өмір сүрді. Этникалық құрмына келер болсақ, негізінен тирек, оғыз, қырғыз, 
ұйғырлардан құралды. Бастапқы кездегі орналасуы Жетісу, Сырдария мен 
Әмудария аралығын қамтыған. Кейіннен қағанат ткрриториясы 
Монғолиядан Қара теңізге дейінгі аумақты алып жатты. Түрік 
қағанатындағы тайпалардың негігзгі шаруашылығы - көшпелі және 
жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған. 603 жылы қағанат екіге 
бөлінеді. Батыс Түрік қағанаты қазіргі Қазақстан жерінде құрылады. Кейде 
қағанатты “он оқ будун елі” деп те атайды. Негізгі этникалық құрамы 10 


тайпадан: бес дулу, бес нушеби тұрған. Аталған тайпалар үйсіндердің 
жерін, Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аймақты мекендеген. Сонымен қатар 
Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері де қағанат иелігіне кірген. Қағанатта 
қалалық мәдениет жақсы дамыды. Яғни, мемлекет халқы көшпелі мал 
шаруашылығымен қатар отырықшы шаруашылықпен де айналысқан. 
Қағанат қалалары Жібек жолы бойында орналасқандықтан, сауда-саттық 
айналымы жақсы жүрді. VI-VII ғасырларда Талас, Шу, Іле өзені 
аңғарларында қалалық мәдениет кемеліне жетті. 
Түрік қағанаттары ыдырағаннан кейін оның кең-байтақ жер иелігінде ірі 
тайпалар құрған мемлекеттер қалыптасты: Еділ мен Солтүстік Кавказда – 
Хазар қағанаты, Сыр мен Арал маңында – Оғыз, Жетісуда – Қарлұқ; 
Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда – Қимақ мемлекеті, 
Монғолия жерінде Ұйғыр қағанаты. 
Жоғарыда аталған мемлекеттердің барлығының құрылуына түркі 
тайпалары атсалысты деп айта аламыз. Олардың шаруашылығында тек бір 
бағыт қана дамымады, керісінше отырықшы мен көшпелі өмір салтына 
байланысты түрлі шаруашылықты алып жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет