1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


-Түріктер арасына ислам дінінің енуі және оның ықпалын көрсетіңіз



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
26-Түріктер арасына ислам дінінің енуі және оның ықпалын көрсетіңіз.
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір 
және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуір деп екіге бөлінеді. Жазба 
деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі 
дәуір- б.з.д. VI-Vғасырлардан бастап- б. З.VIIIғасырына дейінгі аралықта 
«Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XVғасырлар аралығында ортағасырлық 
дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XVғасырларда 
ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес 
одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді.
Ислам әлемінде VIII-XVғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми 
жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің 
даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы 
ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес 
қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан
Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық 
Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, 
олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады. Түркілердің 
Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Ислам тарихы 
рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөлінеді. Мұхаммед 


)с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін (610-632( рухани билік, 
пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі 
ретінде төрт кезеңі бар. Бірінші кезеңі- Ислам тарихындағы ең маңызды 
кезеңі. Ислам тарихында Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбар қайтыс болған соң 
сахабалар кеңесінде (ижмаһ ) Әбубәкір(ғ.с) пағамбардың орынбасары 
ретінде мұсылмандардың тұңғыш халифасы болып тағайындалды. Екі жыл 
халифат тағына отырды(632-634). Әбубәкірдің қазасынан кейін екінші 
халифа Омар(ғ.с), (634-644) үшінші халифа Осман(ғ.с), (644-656) төртінші 
халифа Әли(ғ.с) (656-661) болып сайланды. Олар барлығы жиырма тоғыз 
жыл Ислам әлемін биледі. Аталған төрт халифа «Рашедин халифалар» 
(турашыл халифалар) атаумен Ислам тарихында танылды. Екінші кезеңі- 
Мүавийе ибн Әбусофиян( 636-679) құрған Үмеийе әулеттері халифаты 660-
750 жылдар аралығын қамтиді. Бұл кезең біз үшін халифат әскерінің түркі 
даласына қадам басуымен ерекшеленеді. Тарихтан белгілі Құтейбе ибн 
Мүслім «669-715» ( 704 жылы халифа Әбдімәлік ибн Мәрван(685-705 билік 
құрған жылдары) тарапынан Хорасан өлкесінің әкімі болып тағайындалды. 
Ол өлгеннен кейін Уалид ибн Әбдімәлік әкесінің орнына халифат тағына 
отырған(705-715) жылдары да Құтейбе өз орнында шентағына ие болып 
қалды. Құтейбе Хорасанға әкім болған соң Ислам араб халифатының Түркі 
даласына ептеп ене бастауына бастама жасады. Оның бұл бастамасы 
Харезмнен бастады. Харезм-Амударияның екі жағында Арал көлінің 
оңтүстінен Хәзәр «каспий» теңізінің шығысына дейінгі жерді алып жатқан 
өлке. Амударияның шығыс жағалауында орналасқан Кат қаласы орталығы 
болған. Кейін Кат есімі Харезм атымен орын ауыстырды. Бұл өлкені билеп 
тұрған Харезмшаһ әулеттері арасында тақталастықтың кесірінен алауыздық 
туындап, тақ мүдделілердің бірі Хорасан өлкесінің араб текті – Құтейбе ибн 
Мүслімге хат жазып, Харезмді жаулап алуын сұрады. Құтейбе оның 
өтінішін орындап 712 жылы билікке қарсы топтардың көмегімен ешбір 
қиындықсыз Харезмді жаулап алды. Одан кейінгі жылдар Харезмшаһтар 
араб халифатына бағынышты болды. Құтейбе сол кездері Бұхара
Самарқан, Соғд, Шаш, Фарғана, Харезм тағы басқа уалаяттарды жаулап 
алып, Хорасанға қайта оралған соң Мәрв қаласын Хорасан өлкесінің бас 
қаласы етіп алды. Сөйтіп ұлы Хорасан өлкесін құрды. Ежелден Тұран 
«Түркі елі» аталып кеген территория Құтейбенің Түркі еліне жасаған 
жорықтары жеңісті нәтижелерге қол жеткізген соң «Түркістан» атымен ел 
тарихына енді. Құтейбенің жеңістері де түркілерді толық бағындыра 
алмады. Үшінші кезеңі- Аббас тегінен шыққан Абдолла Сәффаһ( 722-754) 
Аббаси халифатын (750 -1258) құрды. Ислам әлеміне Аббас әулеттерінің 
хали фаты орныққан соң Түркістан да жаңа өзгерістердің куәсі болды. Оның 
басты себебі 751 жылы бірлескен халифат пен түркі қосыны қытай әскеріне 


қарсы Атлақ мекенінде ұлы жеңіске қол жеткізгені болды. Сол оқиғадан 
кейін түркілер Ислам дінін саналы түрде мойындай бастады. 751 жылғы 
оқиға жөнінде араб тарихшысы Ибн Әсир жазбаларымен қоса қытай 
жылнамаларында да айтылады. Төртінші кезеңі- Осман ибн Ертұғрол(1258-
1326) негізін қалаған Османлы халифаты(1299-1923) бүгінгі Станбул 
қаласын жаулап алуымен ерекшеленеді. Исламның саяси халифаты әр 
кезеңде түрлі құбылыстары, артықшылығы мен пендеуи кемшіліктерімен 
әлем өркениетіне, білім мен ғылымына айтарлық үлес қосқаны үшін 
адамзаттың дүниеуи және рухани өрісін қазіргі уақытқа дейін алға 
жылжытып келе жатыр. Халифаттың екінші және үшінші кезеңдері 
арабтардың саяси үстемдігімен бірге араб тілі мен мәдениеті Исламдық 
дүниетаным арқылы түркі жұртына еніп, бойлады, тамыры тереңге тартты. 
Содан бастап түркі даласында әдебиет, жаңа түрлерімен қоса жаңа 
мазмұндағы тақырыптармен де баи түсті. Бұл бастау араб, парсы, түркі 
мәдениеттердің тоғысында өзіндік тарихи-саяси ерекшелігімен күрделеніп 
тұрды. Оның басты себептерінің бірі- араб тілі исламның бастапқы 
ғасырларда үстемдік құрып парсы мен түркі тілдері оның көйлеңкесінде 
қалып қойғандығы еді. Бұл үрдіс екі-үш ғасырға созылып, тіпті парсы-түркі 
тілдері қолданыстан шығып, жойылып кету алдында тұрды. Сол кезеңде 
араб тілінің үстемдік құруының бірнеше себебі болды. Оның бастысы- 
құран кәрім Алланың сөзі араб тілінде болғандығы. Онымен қатар тағы да 
үш себеппен байланысты еді. Біріншіден- Мұхаммед (с.ғ.с) Алла тарапынан 
пайғамбарлыққа тағайындалған соң игі істерінің бірі аударма саласына 
ерекше көңіл бөлгендігі. Пайғамбар сол заманның өркениетті Грек, Иран, 
Үнді елдерінің тілін үйренуді жолға қойды. Пайғамбар іргесін қалаған бұл 
шара одан кейінгі уақытта да өз жалғасын тауып, 850 жылға дейін сол 
дәуірдің тамаша ғылыми һәм әдеби туындылары араб тілінде сөйлеп 
үлгерді. Араб тілі құран кәрімнің негізінде өз заманының ғылыми сөздік 
қорын байытып, мол қазнаға айналды. Сондықтан ұлы ойшылдар мен 
ғалымдар араб тілін қажетсініп тұрды. Әбунәсір Әл-Фараби, Харезми, Ибн 
Сина, Зәкерия Разимен бірге жүздеп саналатын түркістандық, ирандық 
ғалымдар араб тілінде оқып, жазды. Екіншіден- Ислам халифатының тізгіні 
арабтардің қолында болғандықтан саяси билікке жақын жүрген түркі мен 
парсы шенеуніктері де араб тілін үйренуге ден қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет