1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


)ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН



Pdf көрінісі
бет33/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
27)ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН 
АУМАҒЫНДАҒЫ ТАРМАҚТАРЫ,ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
Ұлы Жібек жолының басталуыан бастасақ жалпы, бұл халықаралық сауда 
жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан 


Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. 
Ал Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-Дидің Батыстың беймәлім 
елдеріне жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан 
Орталық Азияға тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы 
жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалаған еді. 
Тарих ғылымында б.з.б. II ғасырды Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс 
істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған болатын. Қытай елшісінен 
кейін көп ұзамай бұл жолмен Батысқа жібек керуендері де жүрді. 
Негізінен Рим мен Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан 
өндірілетін тауарлар тасылды. Жалпы Ұлы Жібек жолының маңызы ол — 
халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды 
деп ойлаймын. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын XIX ғасырда ғана алды. 
Оны неміс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердің 
авторы фон Рихтгофен ұсынған еді.
Ұлы Жібек жолының бағыттары
Ашып айтқанда Ұлы Жібек жолы жүйесіне керуен жолдарының бірнеше 
тармақтары енді. Бұл тармақтар тау жоталарындағы түрлі асулар арқылы 
шөлді айналып өткен болатын. Жібек жолы Арал теңізі жанынан өтті одан 
кейін Сырдария жағалауымен, содан Шудан Жетісу арқылы Жоңғар 
қақпасына жетті. Осы аймақ Үндістанның түрлі дәмдеуіштер өндірілетін 
өлкесі мен ерекше ағаш өсетін Сары өзеннің жағалауларына апаратын ең 
ыңғайлы жол болып есептелінді. Талас алқабындағы Тараз қаласы түргеш, 
қарлұқ, кейін қарахандықтардың экономикалық және мәдени орталығы 
болды. Сауда жолы Тараздан солтүстік бағытта — Ертіске, одан әрі 
Енисейдегі қырғыздарға өкен еді. VII ғасырдағы Қытай жол көрсеткіш 
кітапшасында «Ақ өзендегі қала» — Испиджаб көрсетілген. Оны кейін 
«Сайрам» деп атаған. Испиджаб ірі негізгі сауда орталығы болды. Осы 
жерден жол одан әрі Сырдария арқылы өрлеп, Арал бойына жетті. 
Сырдария жағалауымен өткен керуен жолында ірі қалалар Отырар мен 
Шауғар орналасты. Бұл қалалардан оғыздар орталығы Янгикент қаласына 
қарай жол өтті. Х-ХІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолының бұл тармағында 
Сауран, Жент, Ашнас сияқты қалалар бой көтерген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет