1 фантастика жанрыныњ типологиясы



бет13/30
Дата22.12.2021
өлшемі5,08 Mb.
#17
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
1983 жыл.

КӨЗ ҚЫРЫН ТАСТАП ЕРТЕҢГЕ...
1. ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРЫНДЫҒЫ
Біреулер біздер өмір кешіп отырған заманымызды «атом ғасыры», екіншісі «кибернетика ғасыры», тағы біреулері «космос ғасыры», «синтетикалық материалдар ғасыры»... деседі. Ал академик А. И. Опариннің мына сөзін тыңдаңыздар: «Біз планетамыздағы ең тамаша, ең маңызды нәрсе – өмір. Тірі табиғат құбылысын ғылыми тұрғыдан түсіндіру теориялық, әлемтану ісінде ғана емес, сонымен жаны бар объектілермен қатысты адамның каделікті тұрмысында да өте-мөте маңызды... Егер өткен ғасырдың аяғы мен үстіміздегі ғасырдың басым бөлігі физиканың мықты дамыған дәуірі болса, алдағы онжылдықтарда биолгия ғылымының адам нанғысыз өсуін күтуге хақылымыз». Бұл айтылған сөздердің қай-қайсысының да жаны бар. Себебі: тұрмысымыздың, ғылыми өміріміздің сан саласында да сол құбылыстар көрініс беретінің куәгері болып отырмыз.

Дегенмен де осы бағыттардың басын біріктіретін, заманаға жиынтық образ беретін ұғым табуға бола ма? Біздіңше, әбден болады. Ол – қиял, фантазия заманы. Бүкіл өмірімізде бой көрсетіп жатқан жаңалықтарымыздың бірден-бір мұрындығы – осы қиял. Арман ету керек екенін В. И. Ленин осы ғасырдың басында-ақ айтқанымыз бәрімізге аян.

Осындай күрделі заманның, сол заманды жасаушылардың психологиялық бет-бейнесін көрсетуге әдебиетке зілдей міндет жүктелегеніне талас жоқ. М. Горькийдің: «Егер дәуір бейнесі реализм әдісіне сыймайтындай өте қомақты болса, онда басқа да әдістер қарастырыңыздар, тауып алыңыздар», – дегені осы тұста табанда еске түседі.

Ал әңгіме атом, кибернетика, космонавтика, қысқасы, қазіргі күндегі озық жетістіктерге тірелгенде, фантастикалық әдебиет одан қалыс қалуы мүмкін емес. Солай болып та келеді. Оған қазіргі жарық көріп жатқан дүниелер де дәлел бола алатын сияқты.

Жасыратын несі бар, көптеген жолдастар: «Қазақта фантастика бар ма осы?» дегендей сұрақтар қоя салады.

Рас, «фантастика» деген грифі қойылған күбідей-күбідей кітаптар қазақта жоқ. Оны мойындаймыз. (Ондай нәрселердің шыға беруіне баспалар да кемтарлық жасамайды. Бұл жерде мәселе – авторларда). Дегенмен, дүркіндік баспасөзде (газет, журнал, альманахтарда), жекелеген жинақтарда жылт етіп көрініп қалып жүрген дүниелерді жіті көзбен , жанашырлық ниетпен қарап отырсақ, оншама салымыз суға кетіп, ұнжұрғамыз түсетіндей жағдай байқалмайтын тәрізді. (Оның үстіне фантастикаға бүйірі бұрып тұратындар үшін налушылық жараспаса керек). Әсіресе, соңғы жылда оқырмандарға ұсынылатын арысы повесть, берісі әңгімелерді қарап отырсақ, көңілде үміт оты маздап қоя береді. Бәрінен бұрын жас авторлардың тақырыпты қамтудағы диапазонының кеңдігіне кісінің іші жылиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет