1 фантастика жанрыныњ типологиясы


ФАНТАСТИКА КЕЛБЕТІН КЕСКІНДЕГЕН



бет2/30
Дата22.12.2021
өлшемі5,08 Mb.
#17
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
ФАНТАСТИКА КЕЛБЕТІН КЕСКІНДЕГЕН
Сөз өнерін сүюші қауым, қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрында Мархабаевтың қаншалықты еңбек сіңіріп жүргенінен хабардар болар. Ол өткен ғасырдың 60-шы жылдарында әдебиетімізге екпіндей енген жас қиялгер-жазушылар легінің ең алдыңғы шебінен табылған-ды. Және тек қана көркем шығармалар жазумен шектеліп қалмай, біз үшін “тұмса жанр” – фантастиканың тарихы мен теориясын қарастыра бастады.

Қазақ әдебиетін зерттеу тарихында осы салада тұңғыш кандидаттық диссертация қорғады. Ол “Қазақ әдебиетіндегі фантастиканың қалыптасу жолдары мен даму тенäенциялары” деп аталады. Қазақ әдебиеттану шаруашылығы хақында әңгіме қозғалса, әдетте, жанрдың әлі де жастығы ауызға алынады. Бұл аса дәл дәйектеу емес: оның туу және жасаң дәуірлері баяғыда артта қалған. Қазірде ол жан-жақты дамып-өрістеу және шарықтау процесін бастан кешіруде. Бұл жағдайды Мархабаев фантастика жанрын зерттеуінде де растап берді.

Ол жұмысында ізденуші әуелі әдебиеттің кез келген саласы секілді, фантастикалық туындылардың сонау бастауы фольклорда екеніне қыруар мысалдар келтіріп, дәлелдеп шыққан. Ауыз әдебиетінің көптеген фантастикалық идеяларының біздің авторларымыздың творчествосына өзек болған жәйттерін айқындаған.

Сонымен қатар қазақ жазба әдебиетіндегі фантастиканың даму дәуірлерін де бірінші боп жіктеген Мархабаев. Қазақ әдебиетінің күллі туу, қалыптасу, даму процестерімен байланыстыра, сабақтастыра отырып, жеке фантастиканың жүріп келе жатқан творчестволық жолын кезең-кезеңге бөлгені де талас тудырмауы тиіс. Бұл – дегеніңіз өзінен кейінгі фантастикатанушылар үшін бағдаршам болар деген сөз.

Содан бергі едәуір уақыт бойы ізденуші докторлық диссертациясының тақырыбын “Қазақ әдебиетіндегі фантастика поэтикасы” проблемасына арнады. Ол үшін, керек десеңіз, тіпті күллі әдебиет процесінің анасы боп табылатын қиял-ғажайып ертегі, эпос, аңыздары қайтадан, бұрынғы кандидаттық диссертация талап еткен деңгейден де тереңдей, кеңінен қарастырды.

Әрине, сонау баба Қорқыт іздеген бүгінгі герентология ғылымының нысанасы – саналы да белсенді өмір сүру шегін ұзарту, Асан қайғы қиялдаған “қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын” Жерұйық, Жиделібайсын секілді арман елін таңдау проблемаларын көтерген туындылардан бастап, бүгінгі Ш.Әлімбаевтың “Данышпандық алфасынағы” академик Бөпеғалиев, М.Сәрсекеевтің “Жетінші толқынындағы” өнертапқыш Досжановтарға дейінгі әлеуметтік фантастиканың жүгін көтерген дүниелердің теориялық тұғырнамасы дәйекті зерттелген.

Ғылым мен техника дамуындағы жаңа кезең, яки космос дәуірі фантастикалық әдебиет тақырыбын да тың өріске шығарды: бұрынғы жадағайлау арманға енді нақты ғылыми деректер араласты, аспан туралы аңқау қиялға бүгінде астронавтика, астроботаника, астрофизика, космос медицинасы секілді ғылымның жаңадан өркен жайып келе жатқан тың салалары арқылы байсалды есеп араласып, ақиқат өлшем мен мөлшер берілді.

Соны қазір қазақ қиялгерлері өз шығармашылықтарымен дәлелдеп отыр. Бүгінгі таңда диссертанттың өзі бастап (бірақ, жұмыста өзінің жазушы есебінде шығармалары турасында бір де бір сөз жоқ), Ш.Әбдіраман, Р.Бектібаев, Ж.Сахиев, Т.Шаханов, С.Исақов тағы көптеген қиялгер-жазушылар боп, қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастиканың негізін салып келеді. Осы творчестволық процесс жұмыста орнықты талданып, сәтті теориялық түйіндеулер жасалған.

Әсіресе, жанр жіктеуіне арналған тарауы тек қазақ әдебиетіндегі аталған жанрдың ғана емес, күллі планеталық көлемдегі сыр-сипатын айқындауға арналған. Рас, фантастикалық әдебиет жөнінде сыни кітаптар, монографиялар жазылып жатқаны белгілі. Алайда, олар көбіне-көп жеке-дара классик-қиялгерлердің творчествосына немесе белгілі бір кезеңде жарық көрген шығармаларға шолу-кітап түрінде болып келеді.

Ал, жалпы жанрдың поэтикасы хақында жинақы дәйектеме жасаған жалқы авторды көрген емеспіз. Еңбекте сол әлгі фантастикатанушылардың, қиялгер-жазушылардың өздерінің немесе жанр турасында пікір білдірген іргелі ғылымын жасаушы оқымыстылардың әр жерде шым-шымдап айтқан пікірлері, құдды бір зергер-ювилер тәріздес, ұсынақты жиналып, бір ізге салынып реттелген. Солардың нәтижесінде бүкіл әдебиетте, оның ішінде қазақ әдебиетінде де, осы жанрдың әлеуметтік фантастика (ӘФ) және ғылыми фантастика (ҒФ) салалары қалыптасқаны тұжырымдалады.

Тоқетері: әдебиетіміздегі тұтастай бір жанрдың метағылымы – тарихы мен теориясы кескіндеген кітап – қолдарыңызда.
З.Қабдолов,

ҚР ҰҒА-сының академигі,

филология ғылымдарының докторы,

профессор

02.08.04


Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет