1 фантастика жанрыныњ типологиясы


АЛА ҚОЙДЫ БӨЛЕК ҚЫРЫҚПАЙЫҚ



бет14/30
Дата22.12.2021
өлшемі5,08 Mb.
#17
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
2. АЛА ҚОЙДЫ БӨЛЕК ҚЫРЫҚПАЙЫҚ
Бұрынырақта бір жолдас фантастика сөз болғанда: «Әлгі баяғы космос жөнінде емес пе?» дегені бар. Иә, оны несіне жасырамыз. Фантастиканың өзекті тақырыбы – космос. Бұған бәрінен бұрын мақтану да керек шығар. Себебі, космос бәрінен бұрын фантастиканың монополиясы, соның

экспериментальді алаңы. Жазушы фантастар өзінің мықты деген қаһармандарының мінез-құлқын, өмірдегі кездесуі мүмкін ситуацияға өзін қалай ұстайтынын, сонда Жер планетасынан жырақта сынап байқағысы келеді. Онда тұрған не әбестік бар екен? Экзюпери, Хемингуэй, Ал, Толстойлар да кейіпкерлерін өз елінен, өз ортасынан басқа жерге жіберген жоқ па еді? Оның қасында қазіргі заманымыздың сепінінде, күн кеше Гагарин шымылдығын ашып берген өз жігіт-қыздарымызды көргеніміз артықшылық болмас деп ойлаймыз.

Космоспен қатар –бірге өз планетамыздың келешегіне қиял құсын салу ісі де фантастарымыздың өткір көзінен қалыс қалмайтынын атай өткен, қуанышпен атай өткен жөн. Ертеңгі ғылымның қолы жететін жаңалықтарына бүгін барлау жасауға келгенде әжептеуір жетістікке жеткен секілдіміз. Бүгінгі біздің авторларымыздың ойы Э. Хемиингуэйдің: «Бір ғана ақиқат нәрсе жөнінде жазу міндет емес. Ол қашан да шындықтың өзін жоққа шығарады. Жазушылықта бірден-бір бағаланатын нәрсе – болжал, қиялдың жемісі», – деген пікірмен астасып жатады.

1927 жылдың 21 мартында М. Горькийдің С.Маршакқа жазған хатында: «... Бүкіл әдебиет қазір бәрінен де қажеттілік. Нағыз фантастика заманында «фантазияға» қарсы тұру қаншалықты даушылық» , – деп реніш білдіргені де есімізде. Демек, содан бері жарты ғасырдан аса уақыт өткенде ұлы көреген жазушының айтқаны бұрынғыдан да бетер маңыз алса керек.

Елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың орта шеніне дейін фантастика жанрын теориялық тұрғыдан екі сапқа бөлуге тырысушылар болды. Соны филология ғылымының кандидаты Төлеш Сүлейменов өз идеясы есебінде күні бүгінге дейін елге ұсынып жүр. («Немістердің ХІХ ғасырда ойына алған нәрсесін ХVІІІ ғасырда ағылшындар тыңдырып тастаған-ды», – деген екен бір оқымысты ойынды-шынды). Әлгі авторлардың ойынша, дүниеде «әлеуметтік фантастика» және «ғылыми фантастика» бар. Осы пікірге күдікпен қарауға рұқсат етіңіздер.

Рас, фантастикалық шығарамалардың көпшілігінде ғылыми-техникалық идеялардың бой алып кететінін мойындаймыз. Бірақта біздің ескере бермейтін нәрсеміз – сол ғылыми фантастиканың кез келгені нақтылы бір әлеуметтік көзқарасты қолдайтыны. Жазушы қиялынан барлық гипотеза да (мейлі ол күллі космостық болсын не планеталық болсын) не біздердің ту ғып көтеріп жүрген гуманизмімізді, не бітпес күрес жариялап отырған антигуманизмді қолдайды. Екінің бірі. Демек, ғылыми-инженерлік фантастиканы қоғамдық көзқарастан, әлеуметтік позициядан бөліп-жарып алып қарауымыз – оғаштық.

Сондай-ақ «әлеуметтік фантастика» дейміз... Жасанды түрде осылай аталатын дүниелерге ғылыми идеялардың элементтері жоқ па екен? Бар. Неге болмасын! Ендеше, біртұтас бір мүддені қорғайтын жанрды көпе-көрнеу төбесін шошайтып, екі-басқа отау ғып қоюға тырысамыз. Бұл – қисынға келмейтін нәрсе. «Ала қойды бөлек қырыққан жүнге жарымайды», – деген атам қазақтың даналығының кері келмесін.

Сондықтан да олардың қай-қайсысына да бір-ақ, жалғыз міндет жүктеу керек. Ол – әдебиет шаңырағының бір иесі екенсің, фантастика жолдас, сол адамзаттың ғасырлар бойы қаншама тер төгіп, өрнектеп тоқып келе жатқан тамаша, әдемі құбылысы – әдебиеттің нормасын сақтаңыз.

«Екі, үш, төрт әдебиет жоқ, – дейді фантаст-жазушы Владимир Орлов. – Әдебиет жалқы және ол асқақ болуға тиісті. Жанрлық ерекшеліктеріне жеңілдік, кешірімділік жасау деген болмайды». («Литератуная газета», 1983ж., 13 апрель). Демек сен қаншама ғасыр алдағы болатын ғылым мен техника жаңалығын әңгімелей бер, бірақ оларды адамзаттың призмасынан қара. Жүрегіңіз дауалап, қолыңызға қалам алдыңыз екен, Алла разы болсын, айналайын, әдебиетшілік парызыңызды өтеп, көркем шығармаға қойылатын талаптарды мойыңдаңыз. Ал ғылыми болжам жасадым дейсіз бе, оның шаңырағы бөтен, ғылыми трактаттар ауылына ауысыңыз.

«Бүкіл шығармалар тек көркемдігімен ғана ұлы бола алады, оны жазушы жасамақ», – дегендей пікір білдірген бір хатында Э. Хэмингуэй.

Осыдан келіп туындайтын бір дәйектеме – фантастика мәселе қойысына, тақырып түріне байланысты талдаған жөн. Ал қазақ фантастикасының ара-жігін шартты түрде ғана ажыратып қарайтын болсақ, ол бағыт шамамен мынандай деп есептеуге право беретін тәрізді: ғарыштың түкпір-түкпіріндегі объектілерге (мен планеталар демей отырғаным: 1) Олардан да басқа космос денелерімен кездесіп қалады) барлаушылар мен солардың келімсектеріне қатысты шығармалар; 2) өз планетамызда жаңадан тууы мүмкін ғылым мен техника саласындағы жаңалықтар мен өнертабыстардың адамзатқа жасар пайдалы әсерлері немесе зиянды зардаптары...

Соңғы жылдары осы салалардың қай-қайсысына да қатысты қазақ әдебиетінде фантастикалық шығармалар дүниеге келгенін атап өткеніміз жөн.



Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет