1 фантастика жанрыныњ типологиясы



бет22/30
Дата22.12.2021
өлшемі5,08 Mb.
#17
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
5. ИТАЛИЯ
Әркім өзінің шыққан тауының биік болғанын қалайды ғой. Бұл кінәланатын да нәрсе емес: әр елдің өзінің ұлттық мерейінің үстем болуына жасаған талпынысынан туған ізгі ниет болса керек. Мұндай жағдайды кез келген ұлттың топырағында пайда болған фантастика жанры тарихының баяндалуынан да байқай аламыз. Дегенмен, бұндай дәстүр Италия әдебиетіндегі фантастика жанрының ғылыми тұрғыдан зерттеулерінен аңғарылмайтын тәрізді. Италияндықтар өз жерінде фантастикалық әдебиет бұдан екі мың екі жүз жыл бұрын, «Одиссееяның» латын тіліне аударылған кезінде туды деуге әбден болар еді. Бірақ олай істемей отыр. Олар өз фантастикасы соңғы он бес-жиырма жылдың беделінде дүниеге келді деп есептейді.

Әдебиеттің жаңа нәрестесін сыншылар оншама айқұшақ қауып қарсы ала қоймады. Италияның белгілі әдебиет зерттеушісі Джорджо Пуллини сол тұста: «Қаншама актуальды болғанмен, бізде ғылыми фантастика жанрына о бастан сүйіспеншілік жоқ: бізді механикалық роботтардың құпиясы емес, бұрынғынша адам жанының сыры қызықтырады...», – деп жаңа жанрдың алдын кесіп жазған-ды. Осындай салқын сөздердің әсері ме, кім білсін, әйтеуір Италия фантастары өздерінің алғашқы туындыларынан бастап-ақ адам тағдырын өз шығармаларының өзекті тақырыбы, Темірқазығы ғып алған.

Кейінде ғана туған Италияның фантастикасы басқа елдерде пәрменді дамып келе жатқан өз туыстарына еліктемей қалған жоқ. Олардың кейбір дүниелерін оқи отырғанда, бірде Бредбери немесе Азимов, бірде Лем немесе Чапек, Уэллс, Жюль Верннің соларға ұқсас шығармалары еске түсіп те кететін кездері болады. Дегенмен, қазіргі Италияда ауыз толтырып айтуға келіп қалатындай фантастика жанры туған секілді.

Бұл жерде «әп» деп ауызға аларымыз –Лино Альдани. Ол – жанрдың негізін шын мәнінде қалаушылардың бірі. «Фантастикадан – шындыққа» дегендей бағытта жазушы ағымдағы адам. Оған куә – «Жарлық екі етілмеуі тиіс» атты шығармасы. Оның негізгі желісі – Жердегі әкімшілік мекемені билеп-төстеп алған Марс пен Шолпан планеталарының тұрғындарының өзара тартысы. Бұл Жер планетасының өзінің кейбір елдеріндегі шындық жағдайы фантастиканың сиқырлы инесімен көктеп тіккен дүние болса керек. Фантаст өмірдегі осындай кейбір жағдайларды сыңаржақты көрсетумен шектеліп қалмайды. «Жиырма алақандағы Айда » Жерге төніп келе жатқан трагедияның барлық ұлттардың адамзат алдындағы жауапкершілігі мен ауызбіршілігі, ерлігі жеңіп шығады.

Бұрынырақта «Тіл қатпағаны үшін – ақы» романымен елге танылып қалған жазушы Инисеро Клемаски де фантастика жанры саласында едәуір қалам сілтеп қалады. Италиядағы коммунистік идеяны қолдаушы Клемаскидің қолынан туған бір дүние «Қопарыла құлау». Дәстүрлі шым-шытырық уақиғалар түрінде жазылған бұл шығармадағы негізгі идея нәсілшілдікті фантастиканың сойылымен соғу.

Танымды туындыларымен оқырмандарға жылы ұшырап жүрген жазушының бірі – Итало Кальвино. Оның ертеректегі шығармаларында ертегінің элементтері жүретін. Ал 1952 жылы тарихи материалдың негізінде «Екіге қақ бөлінген виконт» атты ертегі-повесть жазды. Сосын 1957 жылы «Терекке ілінген барон», 1959 жылы «Тірі дүниеде жоқ рыцарь» ертегі-повестерді шығарды дағы, кейінірек автор олардың басын біріктіріп, трилогия жасап, «Біздің ата-бабаларымыз» деп ат қойды. Олардың қай-қайсысында да Кальвино адам бойындағы жақсылық пен жамандық ара қатынасын, халыққа игілікті іс істеу қажеттігін әңгімелейді. Итало Кальвиноның 1966 жылы «Космокомедиялық уақиғалар» мен 1967 жылғы «Нөл дәрежесінде Т» әңгімелер жинақтары да адамзат тағдырын сөз қылады, күнбе-күн сан құбылып өзгеріп жатқан тірлікте адам өзін қалай ұстап жүруі керектігін сөз қылады. Шынтуайттап келегнде, Кальвино сонау XVIII ғасырда Свифт, Вольтер, Дидролар негізін салған философиялық-фантастикалық повесть жанрын жандандырып, алға жылжытты.

Басқа елдердің фантастикасы тәріздес Италия топырағында туған фантастика да өмірдің сан салалы толғағы жеткен тақырыптарын қозғауға тырысып тұрады. Мысалы: мамандығы журналист Джулио Райоланың дүркіндік баспасөздегі негізгі тақырыбы – Европадағы өзіндік нағыз ерекше қала Венецияның алдағы тағдырын ойлау. Өнер тарихында зор орын алатын осы бір ғажап жұмбақ жер күн өткен сайын су түбіне шөгіп барады. Ал енді Райола фантаст ретінде Венецияның көптеген ғасырдан кейінгі тағдырын әңгімелейтін «Құтқару жоспары» атты повесін жазды. Автордың фантастикасы жүздеген жылдар өткенмен де Венецияны құтқару жолын қарастырылмай келген деген пікірді айтады. Мұнда әкімшілік басындағы адамдардың өз ұлтының мақтанышына салақ қарауы мысқылдай, фантастика тілімен беріледі. Мұнда сақтандыру да бар.

Онымен қатар Италия фантастика жанрында қатар жарысып, ат салысып жүрген бір топ жазушылар бар. Анна Ринонаполи, Дино Буццати, Либеро Биджаретти, Сандро Сандрелли, де Туррис – жанрдың өркен жаюына көп тер төгіп жүргендер.

Италия фантастикасының қазіргі бағыта – оның бойындағы ерекшеліктер хақында Сандро Сандрелли мен де Турристің екеуі сыншы Фускомен бірігіп жазған мақаласында мынандай деген жолдар бар: «Италия ғылыми фантастиканың бүгінгі таңдағы негізгі ерекше сипаты – оның маңдай алдында адам бейнесі тұруы, ол тұңғыш повестердегідей механизмнің қарабайыр деталінен әңгімеленіп отырған уақиғаның негізгі өзегі, оның алға ұмтылдырушы үлкен күшке айналғаны сонша, қазіргі автордың басты міндеті – жақын не алыс болашақтағы мүмкін емес, иә мүмкін болар уақиғаларға адамның жасаған әсерін суреттеу боп қалады».

Осы тәріздес міндет қойған бір елдегі әдебиеттің жас жанрында келешекте таңдай қағып тамсантар дүниелер туатынына мен кепіл...





Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет