1 фантастика жанрыныњ типологиясы



бет9/30
Дата22.12.2021
өлшемі5,08 Mb.
#17
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
ҒФ: ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКАСЫ
Қазақ әдебиетіндегі ҒФ басқа салалармен салыстырғанда, бірден “көзге ұратын” ерен ерекшелікке ие. Ол – “жеке басыбайлы меншік қасиеті” – өз функциясына жүктелуге тиісті тек қана болашақ адам бейнесін жасаумен шектеліп қалмайтындығы. Оған қоса, сала даралығы – келешек ғылым келбетін де жасай алатын қабілеті. Яғни айтқанда, бұл фантастикалық әдебиеттің “жансыз кейіпкері” – ғылымының да образын сомдауға дәрмені жететіндігі.

Демек, бұл саланың басқа әдеби түрлерден дараланып тұратын оқшау үстеме қасиеті де бар. Ол – фантастика, әлгі айтқандай, ғылымның ұлы құпия құбылыстарын өз оқырмандары ортасына тартумен қатар, өзі де сол ғылымның арқасында түлеп өмірге келуі. Яғни фантастика ғылымды туғызса, ғылым өз кезегінде фантастиканы туғызады. Былайша қарағанда “фантастика-ғылым” және “ғылым-фантастика” қостаған-тандемі болып келеді. Осылардың жиынтық ұғымы біздің әдебиет зерттеу аясында “ғылыми-фантастикалық әдебиет” деген атауды қалыптастырды деп білеміз.

Аталмыш ҒФ-да қазірде екі үлкен тақырып, бағыт не сала дараланып келеді. Олардың өзіндік “қимыл алаңы” айқын аңғарылады: планета беті, жер-су асты және космос кеңістігінде хикаяланатын жағдайлар жөніндегі туындылар. Сонда проблеманы “Планета проблемалары – ҒФ-да” және “Космос тақырыбы – ҒФ-да” дегендей тараушаларға бөліп қарастыру қолайлылық тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет