1 фантастика жанрыныњ типологиясы



бет16/30
Дата22.12.2021
өлшемі5,08 Mb.
#17
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
4. ТАНЫМ ҚАЙНАРЫ
Өз кезінде ғұлама Вольтер: «Табиғат кітабы – адам үшін сарқылмас таным қайнары», – депті ғой. Сол қайнарды жұртшылыққа жеткізуге фантастика да шаршамай-талмай еңбек етіп жатқанын айтпау күпіршілік болар. Оның кейбір мысалынан қазақ әдебиетінде жас авторлар Т. Мыңжасаров, Ж. Сахиев, М, Сыздықов, С. Исақов, Қ. Аралбаев, Ә. Жақыпбеков, Қ. Жахметовтердің тырнақалды туындыларынан байқай алсақ керек.

Өткен ғасырдың басында социалисті-утопист француз Шарль Фурье машинаны ойлап табушыларға қала алаңдарында ескерткіштер орнатады, ал өзін жеке меншіксіз, зорлық-зомбылықсыз қоғамды ойлап табушыны – император Наполеон да, банкир Ридшильд де мойындамайтынын түсінбейтініне налыған-ды. Мұны екіжақты ұғыну керек болады. Біріншіден, утопистің жаңа тұрмыс жөніндегі ойлар Наполеондар мойындамауға тиісті де. Екіншіден, қай бір заманда да өнертабыс атаулыны есі бар атау иелері бағалай білген. Демек, прогрессивті бағыт ұстаған қоғамда өнертабыс, ғылым мен техника жаңалығы жетімсіремегенін байқаймыз.

Сол ғылымның болашағын болжалдауда жас фантастарымыздың тынымсыз ізденістерін тек қана бас изеп құптаймыз. Бір байқалатын нәрсе – авторларымызды бәрінен бұрын ертеңгі биология саласындағы болуы мүмкін жаңалықтар көбірек толғандыратын секілді. Ал оның ішінде нағыз феномен саналатын мидың құпиясына жиірек қиял жүгіртеді.

Ми – шынында да феномен. Қарама қос жұдырықтан асып жарамайтын биолгиялық дененің нендей сиқыры бар? Табиғат оған келгенде нағыз жомарттық жасаған тәрізді. Әдеттегі адамдардан миының салмағы бір жарым есе кем болса да АнатольФранстай ұлы көркем шығармалар тудыру мүмкіндігі бар екен. Миына қан құйылғандықтан бір жартысы еріп кетсе де медицинада Луи Пастердей жаңалық ашуға болады екен.

Міне, табиғаттың осындай ғажайып құбылысының құпиясы мен мүмкіндіктері біздің бірсыпыра авторларымызды мазалайтын көрінеді. Солардың бірі – Шәмшиден Әбдіраманов. Алпысыншы жылдардың ортасында қазақ фантастикасы жанрындағы ат сайысына өзінің тайын қосып көрген, көп ұзамай «Көрінбес қорған» жинаған оқырман қауымына ұсынған ол «Бұлт сейіліп келеді» атты әңгімесінде («От-тас» жинағы) ми проблемасын қозғап байқапты. Мұны, бір жағынан, фантастикалық памфлет санатына қосуға әбден болады. Капиталистік бір елде биотоктың әсерімен ғалымдар қалаған адамына өз ойындағысын бұйырып, оны қалаған жеріне жұмсай алады. Ол жөнінде жұмыс қорытындысын бақылауға келген генералға ғалым Джон: «Өздеріңіз де көріп отырсыздар. Фиц (сынақтағы адам. – А.-Х. – М.) есінен түгел айырылды. Онда тек қозғалыс, есту көру сияқты өте қажет функцияларды басқарып тұратын нерв орталықтары қалды. Тіпті аппарат мұны да жоя алады», – дейді. Бұл ертең болатын баспасөз конференциясы алдындағы нәрсе-тін. Ал генералға, оның мемлекет басшыларына басқаларына керегі де жоқ еді. Өйтені, қолдарында адам біткен бұйрық бере алатын, айтқанын істете алатын аппарат болатын. Алайды оны жазушыдар генералға қарай сол аппарттың өзін бұрып, өз дегендерін бұйырды. Сөйтіп, соғысты мүлдем болдырмайтын құрал жасалынатынын мақтанышпен хабарлады... Егер есуастар термоядролық соғысты ашуды ойлайтын болса, осы аппараттың күшімен оларды райынан қайтаратын болады», – деп аяқтайды автор. Сонымен, ғылымның қандай да фантастикалық жаңалықтарын біздің авторлар өз пайдасына, гуманизм пайдасына шешуіне тырысатынын тағы бір куәгері екенбіз.

Қаламы жаңа ұшталып жүрген Тәжис Мыңжасаровтың көбірек ойлайтынын осы тақырып төңірегінде сияқты. Оның дәлелі – «Ол қайта оралады» («От-тас» жинағы) және «Кайнозойдың оралу» («Білім және еңбек» журналы, 1981 ж., № 1) әңгімелері. Бұларды өзінше әңгіме-диология деп есептеген жөн болар. Бірінші әңгіменің түп-төрікіні доктор Айбарұлының өз пациентінің айтқан мынадай сөзінде жатыр: – «Сіздің қарапайым, жүрек соғысын зерттейтін электрокардиография мен ми биотоктарын түсіріп алатын медициналық электроэнцофалограммаға сүйеніп жасаған адам ойын образды көрініс көрсете алатын видеоманитафоныңыз шындығында да ғажап жаңалық». Ал, «Кайнозойдың оралу» әңгімесінде сол биоток проблемасына автор қайта айналып соғады. Мұнда да сол доктор Айбарұлы: «Тек биотоктарды бейнелі суретке айналдыратын аппаратура ойлап табу керек. Көріп отырсыз, мен оны жасап та шығарамын. Ойлау кезінде адам миынан бөлініп шығатын биотоктар арнаулы биовидеофонда түрлі-түсті бейне суретке айналдырып отырады», – дейді. Сонысымен өзі тәжірибе жасаушы адамның көз алдына бұдан қаншама мыңдаған бұрын өмір кешкен ата-бабасының тірлігін әкеп көрметеді. Ғылыми идея, біріншіден, жаңа деп айтуға қиын. Дүние жүзілік әдебиетте жылт етіп көрініп қалып жүрген болжал. Екіншіден, жас автор ғылыми гипотезаға көбірек үйірсіктеніп, әдеби әшекей мәселесіне мән бере қоймайтын секілді. Сюжет, конфликт құру, кейіпкерлер характерін жасау – фантастика үшін де басты міндет екенін жас қаламгер есінен шығармаса, мынандай ғылыми фантастикасына құнары жасау керек секілді. Әйтпесе, «бейнелі сурет», «дөңгелек шар» деген сөз тіркестері оқырманның көңіліне қона бермейді. Себебі: суреттің өзі де бейне емес пе екен? Ал шар қай уақытта дөңгелек болмай, төртбұрышты, үшбұрышты болған?..

Осы тәріздес сан салаларда жетпісінші жылдары қаншама жастар қалам тарқанын білеміз. Сол тұстарда балаң да болса фантастардың көтермек мәселелерінің, айтпақ ойларының ауқымы кеңдеу секілді еді. Қазір ондай құлаштың кең жайылысы байқалмайтын секілді. Соған қарағанда...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет