1 фантастика жанрыныњ типологиясы


ҚҰПИЯСЫ ҚИЯЛДЫҢ ҚАТПАР-ҚАТПАР



бет12/30
Дата22.12.2021
өлшемі5,08 Mb.
#17
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
ҚҰПИЯСЫ ҚИЯЛДЫҢ ҚАТПАР-ҚАТПАР
Осы таңдағы қазақ фантастикасы қай орбитаға шықты? Міне, осы сауал төңірегіндегі әңгіме қозғаудың иіні біраздан бері келгенге ұқсайды.

Соңғы жылдары бұл жанрда жас жігіттер жиірек көріне бастады. Демек, дүниеге өзіндік көзқарасы бар, болашаққа деген өзіндік ой-толғамы бар, ертеңгі күнді өзінше барлағысы келетін жас буынның әдебиеттің қасиетті шаңырағының босағасынан аттау сәтінің куәгеріміз. Рас, қазір «тісқаққандар» қатарына қосылып қалған Т. Сұлтанбеков, Ш. Әбдіраманов, А. Машанов, М. Сәрсекеевтер де оқта-текте «шаң беріп» қалады. Бірақ оқырман қауым атын бірі біліп, бірі біле бермейтін жастардың фантастик саласында тегеуріндеп келе жатқанын қуанышпен атап өту парыз.

Солардың бірі – Рысбек Баймаханов. «Сүмбіледен келген балалар», «Қара қақпан» повестері, сонымен қатар «Қаратауға қонған жұмбақ кеме , «Кездейсоқ қателік», «Арыстанның аузына тығылған қарақшылар», «Кеңістіктердің кездесуі», «Топырақ-төбеде болған оқиға» әңгімелерінде ол өз кейіпкерлерін космос төңірегіндегі сан қилы құбылыстар, планетадағы шымшытырық уақиғалар арасында көрсетеді. Бұл шығармалардың әр-қайсысын оқысаңыз да, енжар қала алмайсыз. Оның үстіне, фантастиканың талабы – ғылыми-фантастикалық идеялар мен әдеби-көркем нормалардың қос-егіз қатар жүру талабы. Ең қиын міндет – осы. Біздің қуанатынымыз – жас жазушының сол міндет биігінен көрінуге тынымсыз талпынысы.

Төрт аяғы тайпалған жорға фантастиканы қазақ әдебиетінен көрдім деп айту қиынырақ болар. Ондай-ондай ішінара шалыс басқан, мүлт еткен жерлер Р. Баймахановтан да табылады. Автордың негізгі кемшіліктерінің бірі – фантастикалық идеяның жазушыдан молынан табылары-ақ. Бірақ ол идеялар шығарманың бүкіл тынысымен үндесіп жатса – құба-құп. Мәселен, «Күн жүйесінен шығу» тарауында («Қарақ қапан» повесінде) көп дүниесінде мектеп оқушыларына мәлім, оның үстіне бүкіл оқиғаға қосымша импульс беріп, әрлендіре қоймайтын оқиғаларды шығармаға күштегендей етіп қосудан бойды аулақ салған жөн...

Фантастикада қинайтын, қиналатын бір нәрсе – термин. Рысбектің осы саладағы ізденістері де көңілге қонады. Оның ғарышжай – космодром, дидарлағыш телевизор, жұлдызқыран-звездолет, тәжірибехана – лаборатория, ғарышхат – космограмма, хабарласқыш – передатчик сөздерін тілімізде жиі қолдансақ, үйреншікті болып кетер еді.

Жас фантастардың бірі – Жүніс Сахиевтің объектісіне көбіне-көп ғарыш тақырыбы ілінеді. Қазақ фантастарының тұңғыш коллективті жинағы «От-таста» жарияланған «Тіршілік ұясы» және «Шолпан тағы атқанша», сондай-ақ «Білім және еңбек» журналында басылған «Кеңістіктегі керуен» (1980. №12) әңгімелері бұған дәлел.

«Тіршілік ұясында» уақиға журналистің баяндауымен беріледі. Жердің бір топ өкілдері Үркер шоғырығындағы Шұғыла планетасына қонады. Оның тіршілік иелерімен танысалы. Олар Жер шары картасынан Пасхи аралын, Мысыр пирамидаларын, Сахараның Тассили шатқалын т.б. объектілерінде көрсетеді. Олардың айтуларына қарағанада, бұлар шұғалылықтардың қолынан шыққанға ұқсайды. Демек, өздері жергілікті екен. «Біздің арғы аталарымыз, – дейді олардың бірі, – Жер планетасында туып-өскен. Сөйтіп, дами келе, жетіле келе, ғарышқа ұшуды үйренген. Тіршілік етуге болатын планеталар іздеген. Ақыр соңы өзіміз өмір сүріп отырған планетаны тауып, Жерден біржолата көшкен... Тарихи деректерге қарағанда, олар Жерде мұз дәуірінің болатынын алдын-ала сезіп, көшкен...»

Шұғылаға келген экипаж, міне, осыны біледі. Біледі де, кері қайтады. Келсе, бұрынғы елінің орны жоқ. Оның есесіне бір топ адам кемені қоршап алады. Олар да өздері тәріздес жергіліктер екен. Планетаны мұз қаптағанда, шоғырына үдере көшкендер көрінеді. Біздің кейіпкерлер де соған бет алмақшы. Міне, осы.

Әңгіме бірқыдыру дұрыс шыққан. Алайда авторға жауап беруі екіталай сұрақтар қойсақ деген ойдамыз, біріншіден: Жер өкілдері Шұғыла планетасына не үшін барып жүр? Барды, көрді. Бітірген түгі жоқ. Қайтты. Екіншісі: оралғанда өздері біліп жарытпайтын төбешікке қона салады. Қаншама жұлдыздарды аралап, дін аман қайтқан экипаж өзінің Жерін ажырата алмағаны ма? Автордың өз еркі, бірақ, оқырамн ондай версияға сенбейді ғой. Үшіншісі: кемедегілер Жерге қонғаны сол, онда кездескендерге: – «Ұрпақтарымыз Кит шоғырына көшіп кетіпті. Біз енді соларды іздеуге ұшамыз. Ал, жақсы! Сау болып тұрыңдар!» – деп қолдарын бұлғайды. Жүніс осындай, ұсақ-түйек көрінетін (бірақ, олай емес) детальдарды көзден таса қылып, жіберіп алмаса...

Әңгімелеп отырған автордың «От-тас» жинағындағы екінші дүниесі – «Шолпан тағы атқанша». Мұнда Жерден адамдар барып, Шолпанға орын тебеді. Онда тұрмысқа керектінің бәрін қолдан жасайды. Бірақ ол аз екен. «Бәрібір бізге бір нәрсе жетпейді!» – деп мәлімдейді теледидар хабарын жүргізіші журналистердің бірі. – Ол – мына Шолпан тағы атқанша тастай қараңғы болып тұратын түнгі жарық етіп, жастар махаббатының көркі, аққу-қаздар сайран салатын көл бетіне әп-әдемі ғана көгілдір сәуле төгетін табиғи айдың жоқтығы! Атомы бар, электрі бар, жасанды серігі бар, – бәрін қосқанда бір табиғи Айдың орнын толтыра алмайды!..» көпшіліктің осы талап-тілегін ескерген ғалымдар таяу арада Шолпанның орбитасын кесіп өтетін «Шырақ» астериоидын осы планетаға жақындатып, оның табиғи серігіне айналдыруға ойлады. Бұл пікір жүзеге асып, Шолпан серікті болады. Осы жерде автор қызықты идея тастайды: Планетаны мәңгі айналып жүруі үшін астероидтің Күн жақ бетіне антигравитациялық қалашықтар орнатады. Солар жасанды айдың траекториясын тұрақты қылуды қамтамасыз етеді. Жүніс осы тұста тапқырлық жасады деп білеміз... осындай етек-жеңі жинақы дүниеде баспасөз конференциясы жөніндегі сюжет сәтсіз шыққан. Себебі: атағы зор журналистер оқымыстылар балалардың сұрағын береді. Оған ғалымдар да (авторы желкелеп отырғасын амалдары қанша!) сол дәрежеде жауап қайырады. Қазіргі оқырманды өзімнен кем біледі деу, әрине, әбестік.

«Кеңістіктегі керуен» әңгімесінде Сахиев бұрынырақта Күн жүйесінде он бір планета болған дегендей болжам ұсынады. Космостық апат турасында жазылған осы әңгіме әлгі алғашқы екеуіне қарағанда, онша сәтті шыққан дей алмаймыз. Идеяға дау айтпай-ақ қояйық. Көтерген проблемасын да теріске шығармақ емеспіз. Бірақ шығарманың архитектоникасы көңілге қона бермейді. Кейіпкерлердің әрбір қимылын мықты логикамен дәлелдеп, оқырманды оған алдын-алы дайындауда да асығыстық байқалады.

Егер «От-тас» жинағы жеке-дара рецезия арнасақ, оның тақырыбын «Арманы ашылған Аран» деп те қоюға болар еді. Әңгіме М. Гумеровтың «Жұмбақ сәуле» фантастикалық повесі жөнінде. Кез-келген реалист жазушының дүниесінде фантастика элементтері ұшыраса беретініне ешкім таласпас. Алайда, жұлын-жотасы фантастикадан тұратын жеке шығармаларда тұрмыс тақырыбының қабысып жатуы сирек кездеседі. Орыс әдебиетінде оның әдемі үлгісін салып берген Алексей Толстой («Аэлита», «Инженер Гариннің гиперболоиды»), Л. Леонов («Мұхитқа жол», «Мистер мак-Кинлидің безуі»), т.б. ауызға алар едік. Ондайдан қазақ әдебиеті де марқұым деп айта алмаймыз. Алдымызда С. Урубаевтың «Келесі соғыс туралы», М. Әуезовтің «Дос Бедел-дос» тәріздес туындылары бар. Дегенмен де, қазіргі фантастика тәбеті тәуір оқырмандар үшін кітап сөрелерімізде бар дүниелер әлі де олқылық етіп отыр. Әрбір жылт еткен жаңа фантастикалық туындыларға елеңдей қалатынымыз да сондықтан. Балаларға өзінің тұшымды, тұшымды шығармалармен жылы ұшырап жүрген Машқар Гумеровтың «Жұмбақ сәуле» повесіне көз тігіуіміздің себебін де содан іздеуіміз керек.

«Жұмбақ сәуле» повесі негізінен фантастикалық памфлет. Жазушының бұл ұмтылысы он шақты фантастикалық повестің авторы, ақын Вадим Шефнердің: «Кейде фантастика элементі әлеуметтік сатираның мүддесіне қызмет етеді» деген пікірін жандандырады.

...Автордың айтуынша, оқиға ойдан шығарылған Аран планетасында болады және осы планета аттас мемлекеттегі хикаяны суреттейді. Автор –жылдардағы Аран мемлекетінің жай-күйіне қиял үгіртеді. Ондағы басты мақсаты – ғылым мен техниканың ойға қонбайтын кереметтей жаңалықтарын сипаттау емес. Жоқ, М. Гумеровтың көкейіндегі нәрсе – өз қолынан жасаған ғажайып дүниелер ортасында саналы тіршілік иесі қалай ұстайды? Жан-жағын қоршаған тұқымдастарымен ара қатынастары қандай? – деген сұрақтарға жауап іздеу.

Дегенмен, «Жұмбақ сәуледе» көлеңкелі тұстар да кездеседі. Бірінші әңгіме жансыздар жөнінде. Шығарманың әу басында Аран мемлекетінен турист боп Беланға келген биофизиктің көзін жойып, соңғысы оның орнына биоинженер Замарды өз жансызы ретінде оларға жұмсайды. Содан бастап кітап біткенге шейін, яғни Кар Биллер жынданып кеткенге дейін, қойнындағы Тира келіншегі де жансыз боп шығады. Мик мырза, Ром, дәрігер Ромул, Замардың сүйген қызы Салла мен әйелі Ая жансыздар. Авторға салсаң, Аран мемлекетінде жансыздар қара-құрым өріп жүр.

Екінші: кейіпкерлер бетпе-бет келгенде емес, техникалық аспаптар арқылы тілдескенде, бір айтқанын екі-үш рет қайталайды. Бұл әдіс, жазушы әңгімелеп отырғандай 3000 – жыл түгіл, қазіргі байланыс құралдрында да қолданыла қоймайтын әдіс.

Үшінші: Белан елінен келген жансыз Салланы еркінен тыс генералға қосу, генералдың немере қарындасы Тирді тәңірі-жебеушіге беруден автор не ұтты? Иә, сол елдің уыздай жас қыздарын күш-билігі мол, қаусаған шалдарға беретін салты бар делік-ақ. Автор соларды, жансыздарды, үкімет билігі қолдарындағы кісілерге қосқанда, оқырмандар жансыздардан кесек қимыл күтуге праволы болса керек. Өкінішке орай, ол жоқ.

Дегенмен, повестің басты мақсаты орындалған. Ол – қандай бір мемлекет болсын, қандай бір ғылыми-техникалық прогрестің жоғарғы сатысында да елді ел қалпында, бейбітшілік, берекелі күйде ұстай білу идеясы. Бейбітшілік үшін күресте әдебиетміздің де бес қаруын түгелдей пайдалана білген жөн. М. Гумеров соның бірі – фантастикалық памфлетті қолданған. Орынды пайдалана алған секілді.

«Лениншіл жас» 1980 жылы жарық крген «Иксқабілет» атты әңгіме Медеу Сәрсекеевтің осыдан он жылдан аса бұрын жарық көрген «Түнгі қонақ» әңгімесінің қайталамасы сияқты. Ал, өткен жылғы озық фантастикалық дүние есебінде «Білім және еңбек» журналының жүлдесін алған «Адам-Икс» әңгімесіне кеңірек тоқталайық. Конструктор-машинамен «Құрметті иесі» бірігіп, «ақылдасып», киборг «Адам-Икс» жасап шығарады. Сондағы түпкі мақсаты – оны спорт комментаторы етіп, корпорация ашып, миллионер болмақ. Вашингтон спорт комитетіне барып, келісім-шартқа отырады. Одан шығысымен екеуі троллейбус аялдамасына аяндайды. Адам-Икс жолшыбай артынан ерген Беккелльді ұрып құлатып, қолға түседі. Алас-қапаста бір айласын тауып, қашып құтылған «Құрметті иесі» лабораторияға келіп, өлімге кінәлі өзі деп танылғанын естиді... Арғысы есінде жоқ. Әңгіменің бары осы – не тартыс, не оқиға жоқ. Автордың не айпағаны белгісіз. Әңгімеде қисынға келе бермейтін сәттер жеткілікті.

Журналист Әмір Оралбаев та өзінің бағын фантастика саласында сынаған екен. Оның тырнақалды «Шүмектен су қайта ақты» әңгімесімен оқырман «Білім және еңбек» журналынан танысқан. Автор ешкімге әлі де сыры қанық емес уақыт проблемасын қозғайды. «Егер уақыттың шапшаңдығы әдеттегіден мүлде баяуласа, не болар еді?» дегендей сұрақ төңірегінде фантастика тілімен қызықты жауап қарастырады. Ә. Оралбаев өзі тудырған фантастикалық идеяларды детективтік астармен әдіптеп беруге тырысады екен. Мұндай шығармаларға оқырман құлақ түре қарайды.

Детективтік фантастикаға қатысты тағы бір есімді атай кеткен жөн. Ол – қияда, ғылыми-фантастикалық идеялар айтуда кейбір асығыстықтар байқалады. Автор химик маман болғандықтан, ғылым жорамалы көкірегінде сайрап тұратын шығар: соны дайын күйінде тезірек жеткізуге тырысар; бірақ ол жаңалыққа, фантастикалық идея қалың оқырманды көзі үйреншікті нәрседей, бойын үйретіп, дайындап апаруы керек қой. Былайша айтқанда, әңгімеленіп отырған идеяның логикалық қортындысына біздің сендіруіне міндетті де. Бұл, екінші жағынан, жазушылық шеберлікпен келетін нәрсе. Ал Р. Бектібаевтың жазушылық ұзақ жолы алда.

Соңғы жылдары газет-журналдарда көрініп жүрген, біз кейбіреулеріне тоқталған авторлардан да басқа, үміт күттіретін бірсыпыра жастар бар. Олар – Қ. Аралбаев, М. Сыздықов, Т. Мыңжасаров, М. Мәжитов.

Жасы болсын, жасамысы болсын, фантастика жазушылардың көз алдында ұлы фантаст Г. Уэллстің «Адам-құдайлар» романы жарық көргенде, сол романның жалпы көркемдік дәрежесін қолды-аяққа тигізбей мақтай келіп, ондағы ғылыми болжалдар – тоғыз жасар баланың ойынан алысқа кете қоймағанын мысқылдап, екінші ұлы адам – Альберд Эйнштейннің күлгені тұра берсе екен. Үнемі...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет