1. Фармакокинетика,анықтамасы. Енгізу жолдары. Дәрілік заттардың абсорбциясының негізгі механизмі. Абсорбцияға әсер ететін факторлар. Биотиімділік жайлы жалпы түсінік,анықтамасы. Дз таралуы түрлері


Қалқанша безі гормондарының препараттары және антитиреоидты заттар



бет17/39
Дата05.10.2022
өлшемі196,13 Kb.
#151747
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
фарма сессия

19. Қалқанша безі гормондарының препараттары және антитиреоидты заттар.
Қалқанша безі тироксин және трийодтиронин гормондарын өндіреді. Олардың синтезіне тағаммен түсетін йод қатысады.
Медициналық практикада қалқанша безі гормондарының келесі препараттары қолданылады: тироксин, трийодтиронин гидрохлориді, тиреоидин.
L- тироксин натрий тұзын әдетте ішке тағайындайды, сирек- көк тамырға. Тироксиннің әсері бәртіндеп басталады және 8-10 күннен кейін жоғарғы шегіне жетеді . Әсерінің ұзақтығы – бірнеше апта. Негізгі алмасудың жоғарылауы тироксиндә бір мәрте енгізгеннен соң 2-4 апта бойы байқалады.
Трийодтиронин гидрохлориді тироксин тәрізді қалқанша безінің синтетикалық аналогы болып табылады. Оның әсері тироксинге қарағанда жылдамырақ басталады және бірнеше күн сақталады. Зат алмасуға тироксинге қарағанда 3-5 есе күштірек әсер етеді. Ішке тағайындайды.
Антитиреоидты заттар . Қалқанша безінің гипнрфункциясына әсер етеді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде тиреотропты гормонның өндірілуін тежейтін: Йод, Дийодтирозин
Қалқанша безімен тиреоидты гормондардың синтезін тежейтін: мерказолил, пропилтиоурацил
Қалқанша безімен йодтың сіңірілуін бұзатын: Калий перхлораты
Қалқанша безі фолликуласының жасушаларын бұзатын: Радиоактивті йод.
Йод молекулалық йод немесе йодидтер түрінде қолданылады . Ол АІЖ жақсы сіңеді. Тиролибрин өндірілуін одан кейін гипофиздің тиреотропты гормонының өндірілуін тежейді. Соған сәйкес тиреоидты гормондардың өндірілуі төмендейді. Қалқанша безінің көлемін кішірейтеді. 2-3 апта ішінде тиімді.
Мерказолил тироксин мен трийодтирониннің тікелей қалқанша бездегі синтезін бұзады . Оның тиреоидты гормондардың биосинтезі үрдәсінің қай кезеңіне араласатыны анықталмаған. Ішке қабылдайды.
Ең ауыр жанама әсерлері- лейкопения мен агранулоцитоз. Сол себепті мерказолилді қан құрамын тексеріп қабылдаған жөн. Кейде диспепсиядық құбылыстар байқалады. “Зобогенді” әсері болуы мүмкін. Ол гипофиздің алдыңғы бөлімінде тиреотропты гормонның өндірілуінің жоғарылауына байланысты . “Зобогенді” әсерінің алдын алу үшін йод және дийодтирозин препараттарын қолдануға болады.
Антитиреоидты заттар ретінде мерказолилден басқа, бірқатар басқа да тиомочевина ьуындыларын қолданады: карбимазол, пропил- тиоурацил. Олардың әсері мерказолилге ұқсас. Карбимазол ағзада мерказолилге айналады.
Антитиреоидты заттарды тиреотоксикозды емдеуде және қалқанша безін хирургиялық алып тастау үшін науқастарды дайындауда қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет