17. Диабетке қарсы заттар .
Бұл топқа қан құрамында қант мөлшерін азайтатын, синтетикалық заттар жатады. Көбінесе бұл препараттарды инсулинге тәуелсіз қантты диабетте қолданады.
Классификация:
Эндогендік инсулин секрециясын стимуляциялаушы препараттар (сульфанилнесепнәр туындылары)
Бірінші буын препараттары: хлорпропамид, букарбон, бутамид, толиназе
Екінші буын препараттары: глибенкамид, глипизид, минидиаб, гликвидон, гликлазид.
Глюкозаның метаболизміне және сіңірілуіне әсер ететін препараттар (бигуанид туындылары) : буформин, метморфин
Глюкозаның тінге сіңірілуін тежейтін заттар: глюкобай, гуарем.
Бутамид – сульфонилнесепнәр туындысы.
Әсер ету механизмі: Сульфанилнесепнәр туындылары, Лангерганс аралшықтарының мембранасындағы бета-жасушалар рецепторларына тікелей әсер етіп К+ каналдарын жабады. Осы себептен Са2+ каналдары ашылады және Са2+ жасуша ішіне еніп, бета-жасушалардың инсулинді секрециялауын арттырады. Препараттың әсері қабылдағаннан кейін 30 минуттан кейін байқалады, ұзақтығы- 12 сағат.
Жанама әсері: диспепсия, аллергия, лейкоцитопения, тромбоцитопения,гепатоуытты әсер, толеранттылық дамиды.
Қолдануға көрсетілімдер: сульфонилнесепнәр туындылары препараттарының бірінші генерациялық тобын ауырлық дәрежесі жеңіл және ауыр қантты диабеттің екінші түрінде қолданады.
Диабетке қарсы препараттардың, сульфонилнесепнәр туындыларының екінші буыны салыстырмалы түрде белсенділігі төмен және уыттылығы аз .
Глибенкламид – екінші буынның негізгі өкілі, жоғары белсенділігімен, тез сіңірілуімен, науқастар препаратты жақсы көтеруімен ерекшеленеді. Өзінің гипогликемиялық әсерімен қатар, гипохолестеринемиялық әсері бар. Қанның тромбогендік әсерін азайтады. Көбәнесе инсулинге тәуелсіз жеңіл және орташа дәрежелі қантты диабеті бар ауқастарға қолданады.
Сульфонилнесепнәр туындыларын қолданғанда мүмкін болатын жанама әсерлер: Гипогликемия,Аллергиялық реакциялар,Лейкопения,Сарғаю,Алкоголь жақпау,Тератогенді әсер
Бигуанидтер- қант мөлшерін азайтатын синтетикалық дәрілер, тікелей глюкозаның метаболизміне және сіңірілуіне әсер етеді.
Глибутид- бұл топтың ішінде ең көп қолданылатын препарат.
Достарыңызбен бөлісу: |