4 Ұңғымаларды штангалы терең сорапты қон-дырғылар арқылы пайдалану
Мұнай өндірудің фонтанды және компрессорлы әдістері жеткілікті қабаттық қысымда және айтарлықтай газ факторы болғанда ғана тиімді. Кен орнын игеру кезінде, белгілі уақыттан кейін қабат қысымы азайып, өндірілетін сұйықтың сулылығы өседі. Сәйкесінше қоспадағы газ мөлшері азаяды да, ұңғымадағы өндіретін сұйық көлемі төмендейді. Мұнай өндіру-дің фонтанды әдісі мүмкін болмай, компрессорлық әдіс тиімсіз болғанда, олар мұнай өндірудің сорапты әдісімен алмастырылады.
Мұнайды өндіру үшін штангалы және штангасыз сораптар қолданы-лады. Штангалы сораптар жер бетіндегі жетектен, ұңғыма сорабынан және металл штангасымен құралған тізбек түрінде жасалған аралық ұзын байла-ныстан тұрады.
Құрылысы мен әсер ету принциптерінің әртүрлі болуына байланыс-ты терең сорапты қондырғылар мұнай өндіру саласында ғана емес, соны-мен бірге су, гидротермалдық және т.б. ұңғымаларды пайдалануда кеңінен таралған. Терең сорапты қондырғылардың көптүрлі болуы оларды топтас-тыруды талап етеді.
4.1 Терең сорапты қондырғылардың классификациясы
Терең сорапты қондырғыларды негізгі белгілеріне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
1. Терең сораптың әсер ету принципіне байланысты
— плунжерлі (поршенді),
— ортадан тепкіш,
— винтті,
— арынды,
— тербелмелі (дыбысты),
— диафрагмалы,
— роторлы-поршенді және т.б.
2. Терең сораптарға жетекші қозғалтқыштан энергия беру түріне бай-ланысты: штангалы, штангасыз.
Штангалы ұңғымалы сораптар: теңгергішті, теңгергішсіз болып бөлі-неді.
Ал қолданылатын жетек түрі бойынша:
— механикалық,
— гидравликалық,
— пневматикалық.
Штангасыз терең сорапты қондырғылар қолданылатын жетек түріне және орналасу орнына байланысты бөлінеді:
— электржетекті,
— гидрожетекті,
— жоғарыда орналасқан жетекті,
— ұңғымада орналасқан жетекті.
3. Ұсынылған мақсаты бойынша:
берілісі
— төмен өнімді ұңғымаларды пайдалану үшін,
— орташа өнімді ұңғымаларды пайдалану үшін,
— жоғары өнімді ұңғымаларды пайдалану үшін.
көтерілу биіктігі (арыны)
— терең емес ұңғымаларды пайдалану үшін,
— орташа ұңғымаларды пайдалану үшін,
— терең ұңғымаларды пайдалану үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |