3.4 Газлифті ұңғымалардың құрал-жабдықтары
Негізінен газлифті ұңғымалары жер үсті және жер асты жабдықта-рынан тұрады. Газлифті ұңғымасының сағасына орнатылған арматураның, фонтанды арматурадан ешқандай айырмашылығы жоқ, және де оның атқа-ратын қызметі де ұқсас, ұңғыма сағасын саңылаусыздандыру, көтеру құ-бырларын түсіру және газды айдау кезінде әртүрлі операцияларды жүр-гізуге мүмкіндіктің болуы, ұңғыманы жуу операциясын жүргізу және т.б. [8].
Газлифті ұңғымаларға, пайдаланудың фонтандау кезеңінен қалған фонтанды арматуралар, немесе арнайы арналған қарапайым және жеңіл ар-матуралар қолданылады. Себебі, онда ашық фонтандау қауіпі болмайды. Көбіне арматураны газ айдау үшін, құбыраралық кеңістікке немесе орта-лық құбырға бекітіп орнатады.
Газлифтілі ұңғыманы пайдалануда парафин тұрып қалу жағдайы кез-десіп жатса, онда арматура сағасына қосымша лубрикатор орнатылады, және сол арқылы сорапты компрессорлық құбырға арқанды алқа мен қыр-ғыш(скребок) түсіріледі. Қырғыштың қызметі, құбыр қабырғасында қатып қалған парафинді механикалық жолмен тазарту.
Газлифті ұңғымасының сағасында ұңғымаға айдалатын газ қысымын реттеп тұратын реттегіш қондырғы орнатылады. Газлифтіні пайдалану об-лысындағы ең негізгі жетістік, газлифтілі клапанды сорапты компрессор-лық құбыр арқылы арнайы камераға орнатылған технологиялық қондыр-ғыны есептелген тереңдікке түсіріп орналастыру болды. Бұл құбыр тізбе-гіндегі іске қосу және жұмыс клапандарын істен шыққан немесе бұзылған кезде ауыстыру жұмыстарын жеңілдетеді.
Аталған үрдіс 3.5-суретте газлифті ұңғыманың жер үсті жабдықтары көрсетілген. Бұл жүйе бойынша ұңғыманы тоқтатпай, жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізе беруге болатын басқада жабдықтар көрсетілген.
Жер асты жабдықтары СКҚ (4), газлифті клапандары бар ұңғымалық жабдықтардан (1), қосу (2) және жұмыс жасаушы (3), жоғарғы 5 және тө-менгі 7 ниппелдерден, гидравликалық пакерден 6, башмакты қаушақтан (воронкадан) 8 тұрады. (3.6-сурет).
3.5-сурет - Газлифті ұңғыманың жер үсті жабдықтары:
1-салмақ өлшегіші бар ролик; 2-кілт; 3-мачтаны бекітуге арналған шынжыр; 4-алмастырғыш; 5-превентор; 6-телескопиялық мачта; 7-жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған үш секциялы лубрикатор; 8-қысқыш; 9-полиспаст; 10-лубрикатор; 11- жетекші агрегат
Кейбір жағдайларда 100-150 м тереңдікке шекті өнімділікке жеткен уақытта қысымның түсіп кетуі кезінде қосылатын тереңдік сақтандырғыш клапан-ажыратқыштар орнатылуы мүмкін.
Газлифті клапандар микроавтобусқа орнатылған гидравликалық ле-бедканың көмегімен алынып орнатылады. Агрегат 4600 метр тереңдікте орналасқан газлифтілі клапандарды, диаметрі 2,5 мм арқанмен алып, орна-ластыруға және ұңғыманы зерттеу үшін арнайы өлшегіш қондырғыларды 1,8 мм арқанмен 7000 метр тереңдікке түсіруге арналған. Қондырғыны кө-теру жылдамдығы 0,2-ден 16 м/с дейін реттеледі. Гидроқозғалтқыш лебед-касының номинальды қуаты – 27,2 кВт. Берілісі 0,0025 м3/с (150л/мин) болған кезде, гидросораптың қысымы 13 МПа-ға дейін жетеді.
3.6-сурет - Газлифті ұңғыманың жер асты жабдықтары
Плашкалы превентор - 76 мм-лік тік өткізгіші бар қораптан 1, қақпақтан 3, плашкадан 2, винттен 4 және өткізу клапанынан 5 тұрады. Төменгі жағында арматураның ысырмасын бағанмен жалғастыруға арналған фланец орнатылған. Шпонка 6 плашканың бұралуына кедергі жасайды. Плашканың сыртқы жағында канал орналасады, ол саға бітеліп қалғанда немесе трос желісі қысылып қалғанда қысымды реттеуге арналған.
3.6 – сурет - Плашкалы превентор
Достарыңызбен бөлісу: |