1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Газлифті ұңғымаларының конструкциялары



бет15/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

3.2 Газлифті ұңғымаларының конструкциялары

Нақты жағдайда газлифтілі ұңғыманың жұмысын бірінің ішіне бірі орналасқан екі құбыр жасайды, яғни ұңғымаға түсірілген бірінші (сыртқы) және екінші (ішкі) құбыр қатарын түсіру. Құбырдың сыртқы қатары үлкен диаметрлі болады (73÷102 мм) және ол бірінші түсіріледі (3.2-сурет, а).


Екі қатарлы көтергіш құбырдың басқа түріне металл шығынын азай-тып үнемдеу үшін, біржарым қатарлы көтергіш құбырды қолдануға болады және ол бірінші қатардағы құбырдың соңғы жағы (башмактан төмен) кіші диаметрлі құбыр болып келеді (б-суреті). Бұл құбырдың конструкциялық металл сыйымдылығын азайтады және келетін ағынның жылдамдығын жоғарылатады, бірақ екінші қатарлы құбырдың тереңдігін арттыруға ке-дергі жасайды.
Бір қатарлы көтергіш құбырда (в-суреті) газ құбыр аралық кеңістік-пен беріледі де, газсұйық қоспасы құбыр ішімен жоғары көтеріледі. Нақты сұйық деңгейі көтергіш құбырдың башмагында тұрақталады. Сұйық дең-гейі бұл жағдайда жоғарыда болмайды, себебі газ сорапты компрессорлық құбырға берілмейді және ол башмактан төмен де болмайды, себебі ол жағ-дайда сорапты компрессорлық құбырға сұйық келмейді. Бір қатарлы құ-бырда батырылу және сұйықтың динамикалық деңгейі болмайды, ал көтер-гіш құбырдың башмагындағы гидростатикалық қысымы газ қысымымен алмастырылады. Сонымен қатар в-суретінде ұңғымаға жалғанған пьезо-метр (4) көрсетілген. Осындай пьезометрде жұмыс қысымына сәйкес келе-тін нақты динамикалық деңгей қалыптасады. Бір қатарлы көтергіштің кем-шілігі, түп пен башмак аралығында келетін ағынның жылдамдығының тө-мен болуы және түсіру тереңдігі газдың жұмыс қысымымен, сұйықты алу-мен және ұңғыманың өнімділік коэффициентімен анықталады. Бірақ та, құбырды түсіруде немесе тереңдікті өзгертуде оңай болады. Соған байла-нысты бір қатарлы көтергіш құбырдың – жұмыс тесігі бар түрі де кездеседі (г-суреті). Керекті диаметрлі бір қатарлы құбыр ұңғыма түбіне дейін түсі-ріледі, бірақта ол башмактың (сорапты компрессорлық құбырға газ енетін жер) орналасатын өлшенген тереңдігіне дейін түсіріледі және оған 5÷8 мм-лік екі-төрт тесігі бар жұмыс муфтасы орнатылады. Тесіктердің қимасы ке-ректі мөлшердегі газ көлемін өткізе алатындай болуы қажет.

3 .2-сурет - Газлифтілі көтергіштің схемасы:




а- екі қатарлы көтергіш; б – біржарым қатарлы көтергіш; в – бір қатарлы көтергіш; г – бір қатарлы көтергіш жұмыс тесігі бар.
Құрамы мен жинақталуына байланысты газлифтілі қондырғылар екі түрге бөлінеді:
- ашық түрдегі қондырғы (қосу клапаны бар немесе жоқ, пакерсіз сорапты компрессорлық құбыр тізбегі);
- жабық немесе жартылай жабық түріндегі қондырғы (қосқыш клапаны, кері клапаны және пакері бар сорапты компрессорлық құбыр тіз-бегі).
Ұңғымаға газды беру бағытының тәуелділігіне байланысты сақиналы және орталықтан газ беру жүйесі болып бөлінеді. Бірінші жағдайда сы-ғылған газ құбыр аралық кеңістікке беріледі, ал газсұйық қоспасы құбыр-дың орталық тізбегімен көтеріледі. Бұл жүйе сақиналы деп аталады. Ал екіншісінде, сығылған газ орталық құбыр тізбегімен беріледі де, ол орта-лықтан газ беру деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет