23 Бақаны жансыздандыру тәсілдері88,63% Бақаны жансыздандырудың негізгі төрт тәсілі бар. Ең біріншісі - эфир арқылы ұйықтату. Кез-келген тегіс жердің үстіне шыны тәрізді ыдысты қойып, төңкередіде бақаны отырғызып, ыдыстың жанына эфирге тығылған мақтаны қояды, нәтижесінде бақа ұйықтайды. Екінші әдіс - миорелаксант арқылы бақаны ұйықтатады. Ол үшін бақа лимфасына шприцпен миорелаксант жібереді, сәлден соң бақа ұйықтағандай көрінеді.
Бақаның орталық жүйке жүйесін бұзу арқылы жансыздандырудың өзінің екі тәсілі бар. Оның біріншісі - бақаның басын кесіп алу арқылы жансыздандыру, яғни бақаның алдыңғы екі аяғы мен денесін бір-біріне қарама-қарсы етіп, салфеткамен ұстайды және басын ашық қалдырады. Қайшының ұшы арқылы бақаның жақ сүйегін бұзады да, екі көздің артын кесіп алып тастайды. Ашылған жерге инені кіргізіп, жұлынды бұзады. Келесі әдісі - бақа басын алмай жансыздандыру. Алдымен бақаның денесі мен алдыңғы аяқтарын бір-біріне қарама-қарсы ұстап, салфетка арқылы орап, басын ашық қалдырады. Сол қолмен ұстайды да, бақаны басын сұқ саусағымен төмен қарай еңкейтіп басады. Осы жерде бас пен соңғы омыртқа орталығында ойық пайда болады. Содан кейін пайда болған ойыққа ине тығады да, оны жоғары миға қарай бағыттайды және миды бұзады, кейіннен инені жұлынға бағыттап жұлынды бұзады.Жансыздандырудың ішінде - бақа басын кеспей жансыздандыру көбірек қолданылады.
24 Бұлшықет-нерв препаратын дайындау әдісі 100% Бұлшық ет-нерв препаратын дайындау үшін бақаның басын кесіп, жұлынын бұзып жансыздандырады. Одан кейін қайшының көмегімен омыртқа жотасын екі бөлікке бөледі. Препарат жасауға артқы аяқ бөліктерін қолданады. Салфетка арқылы омыртқаның ұшынан ұстайды, терісін шұлық тәрізді шешіп алып, құйымшақ сүйектің бойымен сызық арқылы қайшымен өзара ажыратып алады.
Рингер ерітіндісінде бір аяқ бөлігін салып қойып, екінші аяқты препарат дайындау үшін қолданады. Сосын балтыр етін ахиллов сіңіріне жеткенше кесіп, босатады, одан кейін нервті босатуды бастайды. Сан етінің іш жағын жоғары қаратқанда, саусақ арқылы екі шетке ашу керек, осы сәтте нерв көрінеді. Нервті темірмен ұстауға, қатты қысып, созуға болмайды. Нервті әйнек немесе шыны заттың(ілгек) көмегімен босату тиімді болады. Тізені төмені мен жоғарғы жағын көлденең кессе, балтыр еттен және нервтен тұратын препарат алады.