1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет60/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

1.Мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы-оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға,сөздік қорын молайтуға,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруге әсіресе әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі.оқушылап оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап,ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады.Мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынандай жұмыстар жүргізіледі:
1.Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындық,
2.Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3.Шығарманы оқу.
4.Жоспар жасау,
5.Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Психологиялық дайындық:-көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған көркем бейнесі,картинасы арқылы қабылданады.шығарманы оқыған кезде оқушының көз алдына елес пайда болады.Бұл оқушының сезімін де қозғайды.Мыс.Абайдың «Қыс»өлеңін өтер кезде сурет бойынша әңгіме айтқызуға болады.Осылайша әңгіме жүргізілгенен кейін «қыс»өлеңіінің мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып,оны тереңірек ұғынуларына және молырақ әсер алуларына жағдай жасалады.Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы,1-ден балалары оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түрде түсіне білуге дайыдау;2-ден оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру;3-ден ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі.Дайындық жұмысының түпкі мақсаты-балаларға шығарманы толық та саналы меңгеруіне мүмкіндік туғызу.
Сөздік жұмысын ұйымдастыру.-мәтіндегі түсініксіз сөзді сол сөйлемімен қоса оқытса оқушылар жақсы түсінеді.Мысалы:Мәтінді оқу –дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрі.Мұнда көптеген тәсілдер қолдануға болады.Көпшілік мұғалімдер,егер шығарманың мазмұны күрделі,көлемі ұзақ болмаса,оны өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады.Шығарма бірінші рет оқылғанда,оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс.шығараның мазмұнын бір оқығанда-ақ оқушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін ол нақышына келтіре мәнерлеп оқылуға тиіс.Мұғалім мәтінінң мазмұнын балалардың дұрыс түсінген-түсінбегенінң,әңгіменің қай жері ерекше әсер еткенін біліп,ойларына бағыт беру үшін екі-үш сұрақ қояды.Сұрақ көбінесе негізгі фактіні анықтау үшін қойылады.
Шығармаға жоспар жасау:-жоспар оқушы ойының,шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалардың жүйесін білдіреді.Жоспар екі түрлі жолмен іске асады:
1.Әңгімені бөлімдерге бөлу.
2.Бөлімдерге ат қою,оны рет-ретімен жазу:
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін ондағы басты ойды және қосымша мәселелрді анықтайды.Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсіндіруге мүмкіндік береді.Жоспар кейде қорытынды әңгіме кезінде де жасалады.
3-сыныпта мәтінді бөлімдерге бөлу жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі:1-ден мұғалім оқушылар мәтінді оқып келе жатқанда тоқтатып олардан не жөнінде оқылғанын,нені білдіргенін,мұндағы басты ойдың не екеінін сұрайды;2-ден ол бөлімнің неліктен аяқталғанын дәлелдейді:3-ден оқушылар кімге қай бөлімі ұнағанын айтады,сонан соң барлығының айтқан бөлімдері ретке келтіріледі.Бөлімдерге ат қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет