1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


) әліппе кезеңі, 3) әліппеден кейінгі кезең



бет48/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

2) әліппе кезеңі, 3) әліппеден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңде бөбектерді бір коллективке ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6-7 жасар баланың мектепке келуімен, жаңа адамдарға үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға басында әжәптәуір салмақ түсіреді. Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлейтіндерін, қандай таппақ, өленде білетінін анықтайды. Бұл кезеңде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады.

  1. Баланың сөздік қорын анықтау

  2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.

  3. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алиау жақтарын жою бағытында жұмыстар жасау.

  4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.

  5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.

  6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады; партада дұрыс отыру, қарандаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою.

Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен таныстырылады, алғашқыкезде балаға естілуі, ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме құрастырылады.
Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмысын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөлді
Бірінші кезеңінде жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және олардың таңбалары таныстырылады.
Екінші кезеңде негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған сонор, ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады.
Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстар мен к,г, п, б, ж, з, ң сияқты дауыссыздар таныстырылады.
Төртінші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін «ъ» сияқы дыбыстармен солардың таңбаларымен таныстырылады. Сонымен қатар бұл кезеңнің мақсаты-орысалфавитінен қосылған әріптерді және олардың дыбыстарын саналы түрде таныту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет