1 глоссарий агрессивтілік


- тақырып бойынша сұрақтар



бет22/28
Дата21.05.2022
өлшемі353 Kb.
#144268
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Девиантты мінез құлық УМКД

9 - тақырып бойынша сұрақтар

  1. Шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі агрессия мен агресивтілік мәселелері.

  2. Тәуелді мінез – құлықтың негізгі формалары.

  3. Өзіне – өзі қол жұмсау әрекетінің мотивтері мен себептері.


9 – тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер
Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе .- Алматы, 2004.
Ақажанова А.Т., Садырова А. Девиантты мінез – құлықтың кйбір теориялық сипаттамалары // Ізденіс .- Алматы , 2007


10-тақырып . Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқын психологиялық және педагогикалық түзету.
Жеке тұлғаның ауытқушы мінез – құлқын әртүрлі әлеуметтік институттар реттейді.Қоғамдық әсер ету – құқықтық санкциялар, медициналық араласу, педагогикалық ықпал, әлеуметтік қолдау және психологиялық көмек сипаттында болуы мүмкін .Мінез – құлықтың бұзулулардың күрделі сипаты , олардың алдын алу мен жою әлеуметтік ықпалдардаң жақсы ұйымдастырылған жүйесін талап етеді.Психологиялық көмек – қарастырылып отырған жүйенің деңгейлерінің бірі ретінде байланыстырушы рөлін атқарады және айқын гуманистік бағытымен ерекшеленеді.Бұл факт пхихологиялық жұмыстың құпиялық , еріктілік және жеке мүдделіілік, адамның өз өміріне жауапкершілігін өзіне алуы, өзара сенімділік, қолдау, жеке тұлға меен индивидуалдылықты құрметтеу секілді принциптерінде көрініс табады.
Психологиялық көмек негізгі екі бағытта жүзеге асырылады:психологиялық превенция (ескерту, профилактика) және психологиялық интервенция (қиындықты жеңу, түзету, реаблитация).Ереже бойынша, психо – диагностика жұмыстың дербес бағыты емес және психологиялық көмектің түрі , маңызды , бірақ міндетті емес, бұл аралық практикалық міндеттерді шешеді.
Ауытқушы мінез – құлық профилактикасы көбінесе кәмелетке толмағандарды мысалыға алу арқылы қарастырылады.Әлемдік денсаулық ұйымы профилактиканың үш түрін ұсынады: бастапқа, екінші және үшінші профилактика.Бастапқы профилактика белгілі бір құбылыс тудыратын жағымсыз фактрларды жоюға , сонымен қатар бұл факторлардың әсеріне жеке тұлғаның төзімділігін арттыруға бағытталады.Бастапқы профилактиканы жасөспірімдер арасында кеңінен қолдануға болады.Екінші профилактиканың міндеті- жүйке – психологиялық ауытқулары ерте анықтау және оңалту, сонымен қатар “ қауіпті топпен” жұмыс .Үшінші профилактика мінез – құлықтың ауытқуларын тудыратын жүйкелік- психикалық бұзылулар секілді арнайы міндеттерді шешеді.Сонымен бірге, үшінші профилактика девиантты мінез – құлықты тұлғалардың қылмысты қайталануының алдын алуға бағытталуы мүмкін.
Психопрофилактикалық жұмыс барлық үш деңгейдегі іс шаралар кешеніне кіре алады.Психопрофилактикалық жұмыстың бірнеше формалары бар:

  • Әлеуметтік ортаны (отбасы , әлеуметтік топ, нақты тұлға) ұйымдастыруға :салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жасалатын әлеуметтік жарнама БАҚ , жастардың субмәдениетімен жұмыс.

  • Мәлімет беру (дәрістер, әңгімелесулер , арнайы әдебиеттерді, видео және телефильмдерді тарату);

  • Әлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді әлеуметтік үйрету;

Аталмыш үлгі көбінесе топтық тренингтер формасында жүзеге асады.Қазіргі кезде төмендегідей формалар кең тараған.
1.Резистенттілік (әлеуметтік жағымсыз әсерге тұрақтылық) тренингі.Тренинг барысында девиантты мінез – құлыққа нұсқаулар өзгереді,жарнамалық стратегиялады тани білу дағдыларын қалыптастыру , құрдастар қысым көрсеткен кезде “ жоқ ” деп айту қабілетін дамыту , ата – аналар мен басқа үлкендердің (мысалы, ішімдік ішетіндердің ) ықтимал жағымсыз әсері туралы ақпарат беріледі.
2.Ассертивтілік тренингі, немесе аффективті – құндылыққа ұйрету тренингі.Ол девиантты мінез – құлық эмоционалды ауытқушылықтармен тікелей байланысты деген түсінікке негізделеді.Аталмыш мәселенің алдын алу үшін жасөспірімдер эмоцияларды жеңе білуге үйретіледі.
3. Өмірлік дағдыларды қалыптастыру тренингі.Өмірлік дағдылар дегеніміз – тұлғаның ең маңызды әлеуметтік іскерліктері.Ең алдымен , бұл қарым – қатынас жасау, достық байланыстарды сақтау және тұлғааралық қарым – қатынастардағы қақтығыстарды шешу іскерлігі , сонымен қатар бұл өзіне жауапкершілік алу , алдына мақсат қою, өз ұстанымы мен мүддесін қорғау қабілеті:

  • Девиантты мінез – құлыққа альтернативті әрекет ұйымдастру (таным,

өзін – өзі сынау, қарым – қатынас ,махаббат, шығармашылық, әрекетшілдік);

  • Салауатты өмір салтын ұйымдастыру (дұрыс тамақтану,таза ас, жүйелі физикалық жұмыс көлемі , еңбек және демалыс режимін сақтау, табиғаттпен қарым – қатынас, нысапсыздықтан аулақ болуы)және т.б.;

  • Жеке тұлғалық ресурстарды белсендіру (спортпен шұғылдану , шығармашылықпен айналысу, топтық тренингтерге қатысу, арттерапия) және т.б.;

  • Девиантты мінез – құлықтың жағымсыз салдарын азайту (мәлімет беру, топтық пікірталас, тренингтік жаттығулар, рөлдік ойындар, әлеуметтік тиімді мінез – құлықты үлгілеу, психотерапевтік әдістемелер) және т.б.;

Қолданылған әдістерге байланысты , психопрофилактикалық жұмыс тренингтер, білім беру бағдарламалары (мектептік арнайы курс), психологиялық кеңес беру, дағдарыстық көмек (сенім телефоны) формасында , сонымен қатар шекаралық күйлер мен жүйкелік психикалық ауытқулардың психотерапиясы формасында жүзеге асыруға болады:

  • Кешенділік (әлеуметтік кеңістіктің, отбасыны және тұлғаның әртүрлі деңгейлеріне әсерді ұйымдастыру);

  • Ақпараттың жағымдылығы;

  • Жағымсыз салдардаы азайту;

  • Бағыттылық (жас ерекшелігі , жыныстық және әлеуметтік сипаттамаларды ескерту);

  • Көпшілікке арнаушылық (жұмыстың топтық формасының басымдылығы);

  • Болашаққа ұмтылыс ( мінез – құлық салдары , жағымды құндылықтар мен мақсаттарды белсендіру , девиантты емес мінез – құлықтың болашағын жоспарлау).

Мемлекеттік саясаттың нормативті құжаттары мен тұжырымдамалық қағидаларында жалпы және арнайы профилактика ұғымдарын бөліп қарастырады. Жалпы профилактика ( грек тілінен аударғанда – “сақтап қалу, ескерту” )отбасының физикалық және әлеуметтік тұрғыдан дені сау балалар тәрбиелеу қызметтерін толық орныдауға қажетті әлеуметтік- экономикалық , әлеуметтік – мәдени және әлеуметтік – педагогикалық қолайлы жағдайлар ждасауға бағытталған ;жалпыға білім беретін оқу мекемелерінің барлық түрлерінің тәрбиелік қызметтерін жүзеге асыруға, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін толыққанды дамытуды,сабақтан тыс уақытта қоғамға пайдалы іс - әрекеттермен айналысуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Арнайы профилактика “ топ ” балаларына , девиантты жасөспірімдерге, кәмелетке толмаған заң бұзушыларға бағытталған түзету – реабилитациялық шараларды қамтиды.Ол психологиялық – педагогикалық қолдау мен жасөспірімдерге әлеуметтік құқықтық көмектің әртүрлі іс – шаралары, оларды ата –аналардың көңіл қоймауынан , қаігездіктен , зорлық – зомбылықтан және асоциалды ортаның теріс әсерінен қорғау болып табылады.Түзету – профилактикалық жұмыс – мектептің , отбасының , бос уақытты өткізетін ортаның және формальды емес топтардың, әлеуметтік институттар мен қоғамдық ұйымдардың бір – бірімен етене байланысында жүзеге асады.Осылайша профилактикалық және түзету – педагогикалық әрекет девиантты мінез – құлқы бар жасөспірімдерді анықтау , даму мен мінез құлықтағы уытқулардың себептері мен жағдайларына диагностикаға бағытталған әлеуметтік – педагогикалық үдерістің құрамы бөлігі болып табылады.
Ауруды жою және алдын алу үшін оның бастау көздері мен түп тамырын жою қажет.Ауытқыған мінез – құлықты жеңу немесе алдын алу үшін, ең алдымен , әлеуметтік ортаның теріс әсерін шектеу ( жағдайы нашар отбасы, асоциалды топ, құқыққа қарсы тұлғааралық қарым - қатынас).
Сонымен бірге ғылыми зерттеулер және педагогикалық тәжірибе ата – ана құқынан айыру , асоциалды топтарды тарату , жасөспірімдерді интернатты типті мекемелерге немесе девиантты жасөспірімдерге арналған арнайы оқу – тәрбиелік мекемелерге жіберу сияқты терең батыл шаралар қолдану үнемі тиімді емес.Олар үнемі қажетті нәтиже бермейді, мәселені жоймайды, керісінше , оны тереңдете түседі немесе қандай да бір уақыттқа тоқтатады, оның дамуын бәсеңдетеді.Сондықтан девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен түзету – педагогикалық жұмыс ұйымдастыру және олардың ауытқушы мінез – ққлықтарының себептерін ескерте барысында тұлғаның дамуына орта факторларының ықпал күшін, топтағы құрдастарымен тұлғааралық қарым – қатынасының референтті маңызын ескеру қажет.
Ауытқушы мінез – құлықтың алдын алу мен жеңуде ата – аналарға, отбасылық микроклиматқа , тәрбиелеу потенциалына , отбасылық ішкі қарым – қатынасқа психологиялық және педагогикалық әсер етудің әртүрлі жолдары мен тәсілдері бар.Бұл ықпалдар тура , тікелей сипатта , сонымен қатар жанама сипатта болуы мүмкін.
Жасөспірімдер мен ата - аналардың қарым – қатынастарын және отбасылық қарым – қатынастарын түзету.
Әр отбасында индивидуалдық ерекшеліктер бар және сыртқы араласу оларға әртүрлі әсер тигізетін болғандықтан, педагог әсер етудің тура жолын да , жанама жолын да қолданғаны жөн. Ескі жағдайда да, біріншіден, отбасыға ішкі отбасылық атмосфераны бағалау, отбасылық қарым- қатынаста орын алған жағдайда талдау жасау;екіншіден , орын алған өзара қарым – қатынасты өзгерту жолдары мен тәсілдерін көрсету ; үшіншіден , отбасы мүшелерімен біріге отырып, жағымды , қоғамдық маңызды отбасылық қарым – қатынастың болашақ бағыт – бағдарын анықтау секілді бірнеше міндеттер шешіледі.Отбасы түріне байланысты , жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістері қолданылады, мектеп пен қоғамның ата – аналарға кешенді ықпалы жүзеге асырылады.
Отбасылық қарым – қатынастары мазмұнсыз, тиянақсыз сипатты, салыстырмалы тұрғыда жалпы және өнегелі мәдени деңгейі төмен , педагогикалық тұрғыда шамасыз отбасыларының әдетте тәрбие мәселелерінде біліктіліктері аз болады.Бұндай отбасыларды түзету мақсатында жалпыға міндетті педагогикалық оқудың жалпы жүйесіне кіреді.Бұндай отбасылары үшін мектеп педагогтері , мектеп психологтары жүргізетін педагогикалық кеңес беру формасын қолданған жөн.Бұл жағдайда өздерінің білімсіздіктерін мұғалімдер дұрыс түсінбейді және оны өздеріне және балаларына қарсы қолданады деген ата – аналардың сенімдерін жою қажет.Кеңес беру кезінде ата – аналарға тек балаларды тәрбиелеуде кездестіретін қиындықтарды ғана әңгімелесу мүмкіндігі берілмейді, сонымен қатар, жағдаятқа бірге талдау жасауға, кеңес алуға, нақты ұсыныстар алуға, мәселені әртүрлі шешімдерін талқылауға мүмкіндік беріледі.
Педагогикалық кеңес- педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдердің отбасыларымен жүргізілетін жұмыстың қызықты және тиімді формасы.Алайда бұндай ата – аналарды мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру қажет.
Отбасының екінші түрі – педагогикалық енжарлар:обьективті себептерге байланысты балаларға тура тәрбиелік әсер етуге енжар отбасылар.Бірақ отбасының өнегелі микроклиматы , қарым – қатынас стилі және қарым – қатынас сипаты – жасөспірімдерге белсенді ықпал ету факторлары болып табылады.Осыған байланысты , бұл отбасыларымен жұмыс барысында олардың тәрбиелі ықпал жүйесіне талдау жасаумен бірге, отбасындағы қарым – қатынас сипатын өзгерту және түзету қажет.
Отбасылық қарым – қатынасты түзету мәселесін отбасылардың антипедагогикалық түрімен шешу өте қиын.Бұл отбасылар өзінің алдамшы жақсы жағдайы және жалған белсенділігімен өзінің антипедагогикалық болмысын жасырады.Сондықтан да бұндай отбасылары қайта бағыт – бағдар беру жұмыстарын ғана емес,сонымен қатар отбасылық қарым – қатынас жағдайларын өзгертуді қажет етеді. Педагогикалық кеңестер мен ұсыныстарға қатысты теріс пікір , көбінесе оларды жоққа шығару немесе қабылдамау мектеп пен тұтас ата – аналар қоғамының күш салуын талап етеді.Бұл отбасыларындағы қарым – қатынас пен өзара әрекеттестікке әсер етудің негізгі жолын мектеп, педагогикалық ұжым жүзеге асырады, бұл іс – шарада олар ата – аналар комитетіне және мектептің қамқорлық кеңесіне арқа сүйейді, дербес және топтық жұмыс формаларын қолданады.
Қамқорлық кеңесі ,сыныптардың ата – аналар комитетері жағдайы нашар әр отбасымен мақсатты түрде жұмыс жүргізуі қажет; белсенді ата – аналарт- педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдердің ата – анадларын мектептің қоғамдық пайдалы жұмыстарына тартуға байланысты еңбекті көп керек ететін жеке дара жұмыстар жүргізеді: балалармен бірлесіп, іс- шаралар ұйымдастырып, өткізу қажет.Бұл оларға өз балаларын іс жүзінде көруге , оларды сыныптастарымен салстыруға , әр баланың ықтимал мүмкіндіктерін көруге , бала ең жақсы және көнгіш болуы үшін қандай шара қолдану қажеттілігін ойлануға мүмкіндік береді.
Ата – аналардың бұл санатымен тиімді жұмыс формаларының бірі балалар мен жасөспірімдерді отбасында тәрбиелеу ұйымдастыру болып табылады.
Девиантты мінез – құлықты кәмелетке толмағандардың отбасындағы қарым – қатынасты түзету нәтижесі бүкіл отбасында тура және жанама әсер етудің үндесуіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет