1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет107/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Тақырып - 19.
Неке.Неке құқықтық қатынастары.

1.Неке түсiнiгi, некеге тұру шарттары мен тәртiбi.


2.Некенi тоқтату жағдайлары.
3.Некенiң жарамсыздығы және оның салдары.


1.Неке түсiнiгi, некеге тұру шарттары мен тәртiбi.
Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ.
Некеге тұру шарттары НОТЗ 9-бабында анықталған және өзіне некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімін және олардың неке жасына жетуін, сондай-ақ НОТЗ 11-бабында белгіленген, некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайлардың болмауын қамтиды.
Неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленедi. Дәлелдi себептер болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу орны бойынша АХАЖ органдары неке жасын екi жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуi мүмкiн. Неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келiсiмiмен ғана жол берiледi. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келiсiмiмен ғана рұқсат етiледi /10-бап/.
Некеге тұруға мынадай жағдайларда жол берiлмейдi: 1)бiреуi болса да басқа тiркелген некеде тұрған адамдардың арасында; 2)тiкелей ата-тегi бойынша және өзiнен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесiнiң және немерелерiнiң), ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек әкесi немесе анасы ортақ ағалы-iнiлер мен апалы-сiңiлiлердiң (аға-қарындастардың) арасында; 3)асырап алушылар мен асырап алғандардың арасында; 4)бiреуiн болса да психикалық ауруының немесе ақыл есi кемдiгiнiң салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдардың арасында жол берiлмейдi /11-бап/.
Неке адамдардың тiкелей қатысуымен мемлекеттiк АХАЖ органдарында қиылады, және ерекше жағдайларда неке адамның тұратын жерi бойынша қиылуы мүмкiн. Неке қию кезiнде өкiл жiберуге жол берiлмейдi.
Некенi қию некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер АХАЖ органына арыз берген күннен бастап бiр ай мерзiм өткен соң жүргiзiледi. Дәлелдi себептер болған АХАЖ органы бiр ай өткенге дейiн неке қиюға, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзартуға, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға рұқсат етуi мүмкiн. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктiлiк, бала тууы, бiр тараптың өмiрiне тiкелей қауiп төнуi және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтiнiш берiiлген күнi қиылуы мүмкiн. Неке тіркелгеннен кейін ерлі-зайыптыларға некеге тұру туралы куәлік беріледі. Бұл құжат және некенің тіркелгендігі туралы төл құжаттағы белгі мемлекеттік тіркеу фактісінің дәлелдемесі болып табылады. Некенің тіркелгені, куәліктің берілгені үшін мемлекеттік баж алынады.
2.Некенi тоқтату жағдайлары.
Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң қайтыс болуы немесе сот оны өлдi немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. /НОТЗ 14-бап/.
Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де өтiнiшi бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтiнiшi бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкiн /15-бап/. Неке АХАЖ органдарымен және сот тәртiбiмен бұзылуы мүмкiн. Некенi әйелдiң жүктiлiгi кезеңiнде және бала туғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде әйелдiң келiсiмiнсiз бұзуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет