1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


АХАЖ органдарында некенi бұзу



бет108/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
АХАЖ органдарында некенi бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бiр-бiрiне мүлiктiк және өзге де талаптар қоймайтын ерлi-зайыптылардың некенi бұзуға өзара келiсуi жағдайында жүргiзiледi.
Ерлi-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлi-зайыптылардың бiреунiң өтiнiшi бойынша, егер ерлi-зайыптылардың екiншiсiн: 1)сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 2)сот әрекетке қабiлетсiз деп таныса; 3)қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке АХАЖ органдарында бұзылады /16-бап/.
Неке сот тәртiбiмен мынадай жағдайларда бұзылады: 1)ерлi-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы; 2)ерлi-зайыптылардың бреуiнiң некенi бұзуға келiсiмi болмаған кезде; 3)егер ерлi-зайыптылардың бiреуi өзiнiң қарсылығы болмауына қарамастан, некенi бұзудан өз әрекеттерi не әрекетсiздгi арылы жалтарса; 4)ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне мүлiктiк талаптары болған жағдайларда жүргiзiледi/18-бап/.
Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi бұзуға келiсiмi болмаған жағдайда, егер сот ерлi-зайыптылардың бiрлесiп өмiр сүруi және отбасын сақтауы мүмкiн еместiгiн анықтаса, неке бұзылады. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi бұзуға келiсiмi болмаған жағдайда, сот ерлi-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлi-зайыптыларға татуласу үшiн үш ай көлемiнде мерзiм тағайындай отырып, iстi қарауды кейiнге қалдыруға құқылы. Егер ерлi-зайыптыларды татуластыру жөнiндегi шаралар нәтижесiз болып шықса және ерлi-зайыптылар (олардың бiреуi) некенi бұзуды талап етсе, неке бұзылады /НОТЗ 19-бап/.
Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлi-зайыптылардың, сондай-ақ Заңның 18-бабының 3-тармақшасында аталған ерлi-зайыптылардың некенi бұзуға өзара келiсiмi болған жағдайда сот некенi айырылысу себептерiн анықтамай-ақ бұзады.
Некенi сот тәртiбiмен бұзу ерлi-зайыптылар некенi бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемiнде бiр ай өткен соң жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда сот кемiрек мерзiм белгiлеуi мүмкiн/НОТЗ 20-бап/.
АХАЖ органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабында некенiң бұзылғандығы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда - соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Сот некенi бұзу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап 3 күн iшнде сот шешiмiнiң көшiрмесiн шешiм шығарылған жердегi,сондай-ақ неке қию мемлекеттiк тiркелген жердегi АХАЖ органына жолдауға мiндеттi. Ерлi-зайыптылар АХАЖ органында некенiң бұзылғаны туралы куәлiк алғанға дейiн жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ /НОТЗ 22-бап/.
Некенiң тоқтатылуымен ерлi-зайыптылардың некелiк қатынастарынан туындайтын жеке және мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады /23-бап/.
3. Некенiң жарамсыздығы
Некеге тұру шарттарын, неке жасын және араларында неке қиылуына жол берiлмейтiн адамдарды белгiлейтiн НОТЗ 9-11-баптарының шарттары бұзылған кезде,сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Егер некеге тұрушы адамдардың біреуi екiншiсiнен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiретiн ауруы бар екенiн жасырса, соңғысы сотқа некенi жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.
Некенi жарамсыз деп тануды сот жүргізедi. Некенiң жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнің көшірмесі үш күн iшінде неке тiркелген жердегi АХАЖ органына жiберілуге тиіс. Некенiң жарамсыздығы оның қиылған күніiнен бастап танылады /24-бап/.
Некенi жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы тұлғалар тізімі НОТЗ 25-бабында белгіленеген.
Егер некенi жарамсыз деп тану туралы iс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергi жасаған мән-жайлар жойылса, некенi жарамсыз деп тануға болмайды.
Некені жарамсыз деп тану салдарлары НОТЗ 27-бабында баяндалған.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.Неке түсiнiгi, некеге тұру шарттары мен тәртiбi.


2.Некенi тоқтату жағдайлары.
3.Некенiң жарамсыздығы және оның салдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет