Әнұран - асыл қазына Әнұран - халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Ел басшылары ресми сапарының беташары болатыны да содан.
Елтұмарына айналар асыл сөз, төл жырымызға айналатын аруақты өлең жазу, жыр додасына қатысып, бәйгеден озып келу бақыты ақындарымыз Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын қызымыз Жадыра Дәрібаеваларға тиді.
Бойтұмар жырда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, еңселі ертеңіне бағышталған арманы жақсы көрініс тапқан. Сол сияқгы төл рухани қазынамызды танытар халықтық қасиеттер, бейбіт пейіліміз бен досқа ашық құшағымыз туралы толғаныс та орынды шыққан.
Елтаңба мен Әнұран, қасиетті көк байрағымыз - біздің елдік белгіміз, елдің құты, қасиеті. Ал, елін сүйген оның бойтұмарларын да қасиеттер болар. Бұл жөнінде тарихымызда тұңғыш қабылданған мемлекеттік нышандар туралы заңдарымызда да арнайы баптар бел-гіленген. Жаңа Конституцияның басында тайға таңба басқандай "Республика азаматы мемлекеттік нышандарды - Елтаңбаны, Жа-лауды, Әнұранды - құрметтеуге міндетті", - деп жазылған.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Біз тәуел-сіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті бел-гілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Әнұранын, Елтаңбасын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы" - деген арнау сөзін қазақ елінде тұратын және оны өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түпкірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.