Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.
Белгі, білдіреді, танымал, жылқы, тәуелсіз.
2. Сөздің түбірінен қосымшаларды дефис (-) арқылы бөліп
жазып, қосымша түрін анықтаңыз.
Таңба-белгілер көне ақшамызда да көрініс тапқан. Тараз, Отырар қалаларынан мыс теңгелер табылған. Жақсы ат мінген -жарым патша. Ат - адамның қанаты.
3. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.
Жақсы ат мінген - жарым патша. Ер қанаты - тұлпар. Ат шаба ма, бап шаба ма? Ат жалын тартып міну.
4. Мәтін ішінен термин сөздерді тауып, олармен сөйлем
құрастырыңыз.
5. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген қосымшалардың тиістісін қойып көшіріңіздер. Бір қосымшаның сөздердің әрқайсысына әр түрлі жалғану себебін түсіндіріңіздер. Түбір мен қосымшаның аралығындағы дыбыстардың қалай үндесіп тұрғанын айтыңыздар.
1. -лар (-лер, -дар, -дер, -тар,-тер):
Жылқы..., суретші..., құс..., бүркіт..., алтын..., ел... ;
2. -ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің):
Елтаңба... композициясы, шеңбер... іші, көшпенділер... тіршілігі, еті мен қымызы... қасиеті, тәуелсіз мемлекет... құшағы.
3. -ға (-ге, -қа, -ке):
Жылқышы... жолығу, жан... дәру, осы уақыт... дейін, үй... таман, табыс... жету, кітап... кұмар.
4. -ны (-ні, -ды, -ді, -ты, -ті):
Қала... жаяу аралау, көше... тазарту, ағаш... балтамен жару, шөп... орақпен ору, егін... кезінде жинап алу.
Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
Тиісті сөздікті пайдалана отырып, берілген сөздерді аударыңыз.
Зеңгір көк, кіршіксіз, береке, бейкүнә, тіршілік, өркениет, пәк, мәңгілік, көшпенділер.
Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Қасиетті, пәк, бүркіт, береке
Достарыңызбен бөлісу: |