1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы



бет10/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
ГОС

11. Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы.
Мемлекеттердiң бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпауы туралы мәселе феодализм дәуiрiнде пайда болған едi. Бұл кезеңде қол сұқпаушылықты құқықтық норма ретiнде шарттық ресiмдеу - өте сирек кездесетiн құбылыс болатын. Ол халықаралық құқықтың жалпы қағидасы ретiнде буржуазиялық революция кезеңiнде қалыптасты. Бұл қағида кез келген мемлекеттiң құзiретiне қол сұғатын барлық әрекеттерден тыйылу мiндетiн бiлдiредi. Қағиданың заңдық мазмұны 1970 жылғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы Декларацияда баяндалған. “Ешқандай мемлекет өзiнiң дербес құқықтарын жүзеге асыру барысында және одан қандай да бiр артықшылықтарға ие болу үшін басқа мемлекеттi өзiне бағындыру мақсатында экономикалық, саяси шараларды немесе кез-келген басқа сипаттағы шараларды қолдана да, көтермелей де алмайды.
Ешқандай мемлекет сондай-ақ басқа мемлекеттiң құрылымын зорлық-зомбылық жолымен өзгертуге бағытталған қарулы, зиянкес немесе террорлық әрекеттердi ұйымдастырмауы, көмектеспеуi, шағыстырмауы, қолдамаулары тиiс”. Бұл нысанның маңызды құндылығы - оның сипатының қатаңдығы мен үзiлдi-кесiлдi екендiгiнде. Кез-келген тiкелей немесе жанама қол сұғушылыққа тыйым салынады. Қол сұғушылық ешқандай себептермен ақтала алмайды. Халықаралық құқықтық және саяси әдебиеттерде мемлекеттердiң пайдаланатын қол сұғу шараларына байланысты әскери, экономикалық, саяси, дипломатиялық және қол сұғушылықтың өзге де нысандары қарастырылған, дегенмен де олар iс жүзiнде бiр-бiрiмен байланысты болып келедi.
12. Мемлекеттер егемендігінің теңдігі халықаралық-құқықтық қағидасы.
Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы.1975 жылы Еуропада қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Кеңесте Еуропаның даму жолдары туралы пiкiрталасына белгiлi бiр қорытынды жасалды. Хельсинки Кеңесi мемлекеттердiң қарым-қатынасы дербес теңдiк, дербестiкке тән құқықтарды қорғау қағидаларына негiзделулерi қажет екендiктерiн растап бердi.
Дербес теңдiк қағидасы қарама-қайшы қоғамдық жүйелерi бар мемлекеттердiң теңқұқықтарын мойындауды бiлдiредi. 1975 жылғы Қорытынды Актiде дербестiкке тән құқықтардың толық тiзiмi берiлмеген. Құжатта әлемдiк бiрлестiктiң қауiпсiздiгi үшін аса маңызы бар бірнешеуi ғана көрсетiлген.

Ең алдымен, дербес теңдiк элементтерiнiң бiреуi - әрбiр мемлекеттiң заңи теңдiкке деген құқығы аталған. Дербес теңдiктi мойындау, мемлекеттердiң тәуелсiздiгiн құрметтеу - мемлекеттердiң әлемдiк аренада бейбiт қатар өмір сүру саясатының басты элементi болып табылады. Осы қағиданы халықаралық құқықтың негізгi қағидалар жүйесiне енгiзу бейбiтшiлiктi сүйетiн күштердiң халықаралық қауiпсiздiк үшін күресiнiң үлкен жетiстiгi болып есептеледi. Қазiргi заманның басты мақсаты осы қағидалардың халықаралық проблемаларды шешу барысында сақталуын қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет