9. Аумақтық біртұтастық пен қол сұғылмаушылығы халықаралық-құқықтық қағидасы. 1970 жылғы Декларацияда осы қағида күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының бiр бөлігі ретiнде баян етiлген. Мемлекеттердiң аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған әрекеттердiң iшiнде күш немесе қауiп-қатер күшiн қолдану ерекше орын алады. Қарастырылып отырған қағиданың тұжырымдамасында мемлекеттердiң кез-келген мемлекеттiң саяси тәуелсiздiгi мен бiрлiгiне қарсы бағытталуы мүмкін кез-келген әрекеттерден тыйылуы жөнiнде сөз бар.
Сөйтiп, кез келген мемлекеттiң саяси тәуелсiздiгi мен бiрлiгi оның аумақтық тұтастығымен тығыз байланысты.
Басқаның аумағын жаулап алудан бас тарту алғаш рет француз революциясында жарияланған болатын. Мемлекеттiк аумақтың мызғымастығы мен тұтастық қағидасының қалыптасу тарихында халықаралық дауларды шешу құралы ретiнде соғысқа халықаралық-құқықтық тыйым салу маңызды оқиғаның бiрi болды. 1975 жылы Хельсинкидегi Қорытынды Актiге қол қойған барлық мемлекеттер үшін мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы мiндеттi болып табылады, мұндай мiндеттiлiк екi себеппен түсiндiрiледi.
1. 1970 жылғы Декларацияның тиiстi ережелерi өздерiнiң негiздеулерiнде барлық мемлекеттер үшін мiндеттi болып табылатын жалпы халықаралық құқық қағидасын бейнелейдi.
2. Мемлекеттер “осы қағидаларды өзара арақатынас пен ынтымықтастықтың барлық аспектiлерiнде қолдануға, әрбiр қатысушы - мемлекетке осы қағидаларды барлығының құрметтеуi мен қолдануынан келiп шығатын артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін толықтай құрметтеуге” өздерiнiң дайын екендiктерiн бiлдiрдi.
10. Шекараның қол сұғылмаушылығы мен бұзылмастығы халықаралық-құқықтық қағидасы. Шекаралардың мызғымыстық қағидасының мәнi бұл қағиданың соғыс пен бейбiтшiлiк мәселелерiн шешудегi ұзақ мерзiмдi тәжiрибемен қамтамасыз етiлгенiмен айқындалады. Осы қағиданы қолдану әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан саяси және аумақтық болмыс шарт-жағдайларындағы барлық мемлекеттер үшін ақиқатты қауiпсiздiктi бекiту сұранысының жинақталған көрiнiсi болып табылады.
Бұрындары шекаралардың мызғымастық қағидасы халықаралық құқықтың жаңа қағидасы деп аталып келдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жарғылық ережелерi кез-келген мемлекеттiң аумақтық мызғымыстығына немесе саяси тәуелсiздiгiне күшпен қол сұғуға тыйым салады. Осылайша мемлекеттердiң аумақтық мызғымыстығын қорғай отырып және оны бұзу үшін күш қолдануға тыйым сала отырып, БҰҰ Жарғысы шекаралардың мызғымыстық қағидасын басшылыққа алады.