1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы



бет8/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
ГОС

8. Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы.
Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы.Алғаш рет бейбiтшiлiк туралы Декретте жарияланған басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасы, ең бiрiншi 1935-1939 жылдарда жасалған шабуыл жасамау және бейтараптық туралы шарттарда заңи бекiтiлген болатын. Осы қағида 1933 жылғы агрессияны айқындау жөнiндегi Лондон Конвенциясында; басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасын халықаралық құқықтың жалпыға мiндеттi нормасына айналдырған 1928 жылғы Париж шартында онан әрi бекiтiле түстi. БҰҰ Жарғысының қабылдануы - күш қолданбау қағидасын бекiтудiң келесi маңызды сатысы болды. БҰҰ Жарғысында бекiтiлген күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының Екiншi дүние жүзiлiк соғысқа дейiн қалыптасқан басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасына қарағанда екi елеулi ерекшелiгi бар. Бiрiншiден, тек қарулы күштердi ғана емес, сондай-ақ, түрлі әскери емес мәжбүрлеу нысанындағы, яғни саяси, экономикалық мәжбүрлеуге де тыйым салынады. Екiншiден, тек күш қолдану ғана емес, кез-келген күшпен қорқытуларға да тыйым салынады. БҰҰ Бас Ассамблеясының “басқыншылықты айқындау туралы” 1974 жылдың 14 желтоқсанындағы 3314 Резолюциясы күш қолданбау қағидасының бекiтiлген және кодификацияланған маңызды халықаралық нормативтiк актiсi болып табылады. Аталмыш Резолюцияның 1 бабына сәйкес, басқыншылық - бұл бiр мемлекеттiң басқа бiр мемлекеттiң тәуелсiздiгiне, аумақтық мызғымастығына, саяси дербестiгiне қарсы қарулы күш қолдануы. Қарулы күштi бiрiншi, себепсiз қолдану – басқыншылық актiсiне тән. 3 бапта, мемлекеттiң соғыс жариялауына қарамастан, басқыншылық актiсi ретiнде саналуы мүмкін әрекеттердiң тiзiмi берiлген. Оларға мыналар жатады:
* аумаққа қарулы күштердiң күшпен кiруi және шабуыл жасауы, кез-келген әскери басқыншылық,;
* басқа мемлекеттiң аумағын бомбалау немесе кез-келген қаруды қолдану;
* мемлекеттiң порттарын немесе жағалауларын басқа мемлекеттiң қарулы күштерiнiң қоршауға алуы;
* мемлекеттiң қарулы күштерiнiң басқа мемлекеттiң теңiз, әуе, құрлық немесе әуе флоттарына шабуыл жасауы;
* келiсiмнiң талаптарын бұзғаны үшін басқа мемлекеттiң аумағында тұрған қарулы күштердi қолдану немесе келiсiмнiң бiтуiне қарамастан осы аумақтағы әскери күштердi талап етудi жалғастыру;
* үшіншi мемлекеттерге қатысты басқыншылық актiсiн жүзеге асыру үшін өз аумақтарын пайдалануға беретiн мемлекеттердiң әрекеттерi;
* мемлекеттiң атынан қаруланған бандыларды, жалдамалыларды, реттеу күштерiн жiберу.
Әрекеттердiң жоғарыда аталған тiзiмi толық емес. Басқыншылық актiсiн саяси, экономикалық сипаттағы ешқандай ақталулар ақтай алмайды. Басқыншылық актiсi - бұл халықаралық қылмыс, ол үшін халықаралық жауапкершiлiк жүктеледi. Тәуелсiздiк үшін күрес басқыншылық актiсi болып есептелмейдi.
Көпшiлiк мойындаған қағида - консенсус негiзiнде жасақталған басқыншылық анықтамасын мақұлдай отырып – БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық мемлекеттердi түрлі басқыншылық актiлерiнен және БҰҰ Жарғысының ережелерi мен халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы 1970 жылғы Декларациясына қайшы келетiн күш қолданудың басқа да түрлерiнен тыйылуға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет