21. Халықаралық құқықтағы жартылай танылған және мойындалмаған мемлекеттер
Де-факто - лат. de facto - іс жүзінде; шын мәнінде бар бірақ заңды түрде бекітілмеген - бір мемлекет(қолжетпейтін сілтеме) ті немесе үкіметті мойындау түрі. Ол ресми түрде жүзеге асқанымен, уақытша сипат иеленеді, дипломатиялық қатынастар аясында кейбір байланыстары шектеулі болады. Ол жаңадан құрылған мемлекеттер мен үкіметтердің халықаралық құқықтарын иеленуіне, дипломатиялық жағдайын жақсартуына себепші болып, де-юре рәсіміне дейінгі үрдістерді атқарады.[1]
Мойындалмаған және жартылай мойындалмаған мемлекеттер - 1990-шы жылдары "қырғи-қабақ соғыс" аяқталғаннан кейін және КСРО мен Югославияның құлауы нәтижесінде Де-факто мемлекеттер мен сәтсіз мемлекеттер санының көбеюі салдарынан пайда болған ұғым. Ал мұндай мемлекеттердің шығуы II дүниежүзілік соғыстан кейін көбейді. Дәл осы кезде отарсыздандыру процесі барысында әлемде мемлекеттердің ғаламдық жүйесі пайда болды.
Мемлекеттің қарапайым анықтамасында оның өзара байланысты келесідей құрамдас бөліктерден тұратыны айтылған: аумақ (территория), халық және орталық үкімет. Орталық үкімет мемлекеттік шекараны қорғайды және осы аумақта ұлт ретінде мойындалған халықтың еркін егеменді жүзеге асырады. Бұл мемлекетті ұлттық мемлекетке айналдырады. Оның азаматтары және олар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынас заңмен реттеледі. Түпкі негізгі ережелер халыққа, әдетте, бастапқы білім, бұқаралық ақпарат құралдары, кейде, әскерге шақыру арқылы сіңіріледі. Өзінің дәстүрлі ізбасарларынан қазіргі мемлекеттің айырмашылығы орталық үкімет пен халықтың арасында тығыз байланыстың орнатылуында. Қазіргі мемлекеттерде бұл деңгей өте жоғары, оған аса көп салық салу арқылы кол жеткізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттің барлық салаларына қатысу азаматтардың кең сауаттылығымен, санымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі ұлттық мемлекеттер неғүрлым табысты болса, ол соғұрлым өз азаматтарына көп кепілдіктер береді (шетелдік басқыншылықтан қауіпсіздік, мемлекет ішінде бейбітшілік және тәртіп, зейнеткерлік қамтамасыз етудің жалпы жүйесі, ұлттық денсаулық сақтау, жұмыссыздарды қорғау, тегін орта білім, білім алуға және жұмысқа орналасуға тең мүмкіндік және т.б.).
Де-факто мемлекеттер жоғарыда аталған кепілдіктердің көпшілігін, қазіргі ұлттық мемлекетке тән қызметтерді атқарады. Алайда, халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда, яғни, де-юре, бұл мемлекеттер жоқ, өйткені олар бұған дейін мойындалған ұлттық мемлекеттердің көпшілігінің тарапынан толыққанды мемлекет және халықаралық қатынастардың заңды субъектілері ретінде қолдау тауып, мойындалмаған. Мемлекеттілікті халықаралық дәрежеде мойындағандығының басты белгісі БҰҰ-ның құрамына қабылдануы болып табылады. Алғашқы Де-факто мемлекет - Германия Демократиялық Республикасы (Шығыс Германия) болды.
1949 жылы КСРО одақтастық оккупация аяқталғаннан кейін Германияны бөлшектеуге тыйым салған Потсдам хаттамасын бұзып, осы мемлекетті құрды. Батыс тек 1973 жылы БҰҰ-на мүшелікке қабылданғаннан кейін ғана мойындады. 1971 жылы ресми түрде Қытай Республикасы ретінде танымал Тайвань, БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесіндегі орны мен мүшелігін Қытай Халық Республикасы пайдасына ұтылып, айырылып қалды. Осылайша, коммунистік Қытай мойындалып, оның бастапқы Де-факто мемлекет статусы - Тайваньға таңылды.
1956 және 1967 жылдары Кеңестік одақтастар ОАР мен Израильді, 1948 жылы алтыкүндік соғыс нәтижесінде Иерусалимді, Батыс жағалауды, Голан биіктігін, Газа секторын басып алғаннан кейін жүргізген апартеид саясаты үшін (нәсілдік сегрегация) айыптап, елеп-ескермей, бойкот жариялады.
1953 жылы Кореяның бөлінуі салдарынан капиталистік Оңтүстік Корея да дәл осындай жағдайға душар болды, ал коммунистік Солтүстік Корея Батыс тарапынан қысым көрді.
1980-ші жылдары бұл "мемлекет-пария" (pariah state) ұғымының пайда болуына алып келді. Бұл таңбаны әдетте Израильге, ОАР, Оңтүстік Кореяға және Тайваньға қатысты қолданды. Бұл мемлекеттер БҰҰ-ның мойындалған мүшелері болып табылды, бірақ, сонымен қатар, көптеген заңды ұлттық мемлекеттер және халықаралық қатынастардың басқа субъектілері оларды мойындамай, елеп-ескермей, бойкот жариялады.
Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Шығыс пен Батыс арасындағы ғаламдық күрес саябырсып, коммунизм мен капиталистік демократиядан ерекше басқа да идеологияларға кеңінен жол ашты. Бұдан барынша ұтқан Иран Ислам Республикасы (1979 жылы негізі қаланған) және Ауғанстан Ислам Эмираты (1992 жылы негізі қаланған) болды. Ирак та АҚШ пен Батысқа қарсы жолды таңдады. Ғаламдық коммунизмнің қирауынан қайта құрылып, ыңғайлана алмаған Солтүстік Корея және Куба сол идеологияда қалып қойды.
1990-шы жылдары бұл "бас имейтін, қайсар мемлекет" (roque state) түсінігінің қалыптасуына түрткі болды. Ол Батысқа немесе Америкаға қарсы мемлекет, демократия және еркін нарық принциптерін сақтамагандығымен қоймай, ағымдағы халықаралық тәртіптің кейбір маңызды принциптерін бұзатындығын білдіреді. Жоғарыда аталған жағдайларда ол жаппай қырып-жою қаруын жасауға талпынысты көрсетті.
Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы сәтсіз мемлекеттердің дәуірін бастады, өйткені Батыс пен Шығыс үшінші әлемдегі өз саттелиттерін қолдаудан қалды. Бұл құбылыс, әсіреее, Африкада кеңінен таралған, ең белгілі мысал ретінде 1991 жылдан бері орталық үкіметі жоқ Сомалиді атауға болады (1990-шы жылдары Сомали аумағында екі Де-факто мемлекет пайда болды: Сомалилэнд және Пунтлэнд. Біраз уақыт бұрын Ауғанстан, Либерия, Сьерра-Леон, Тәжікстан және Заир/Конго біршама жылдар бойы сәтсіз мемлекеттер саналды. Кариб бассейнінің немесе Оңтүстік мұхиттардағы кез келген кішігірім мемлекеттердің сәтсіз танылуы оңай, сәл-пәл қоғамдық тәртіпсіздіктер, жалдамалылардың шабуылы немесе кез келген теріс құбылыс оған түрткі болады, оны Фиджи, Гаити, Тувалу және Мальдив аралдарындағы (Үнді мүхитындағы) жағдайлар дәлелдеп берді.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |